Егіздер, үшемдер, төртемдерге қандай қамқорлық көрсетіледі?

Егіздер, үшемдер, төртемдерге қандай қамқорлық көрсетіледі?

Дүниежүзінде бірден екі және одан көп нәрестені өмірге алып келетін нәзік жандылар аз емес. Әрине, бұл жағдай біздің өмірімізде көп кездесе бермейтіін жағдай болып табылады. Десе де, елдің ішінде осындай оқиғалар тіркеліп жатады. Бір қызығы, олардың көбісі қазақы өңірлер болып табылатын оңтүстіктегі облыстарда тіркеледі. Тіпті, жақында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы, Аксукент ауылының тұрғыны Рабиай Шерметова бірден 4 нәресте босанды. Ол 3 қыз бен 1 ұл балаға жарық дүние сыйлады. Бұрынғы Югославия мемлекетінде тұратын Снежана Груич, португал Идалина Сантуш бірден алты нәрестені өмірге алып келген. Қазақстанда төртем алып келген ана тіркелген. Дегенмен одан да көп шаранаға жарық дүние сыйлаған ақ жаулықты әзірге кездесе қойған жоқ екен.Оған көршілес Қызылорда облысында соңғы жылдарда үшемдер мен егіздердің саны артып келеді. Былтыр өңірде 160 егіз бен 1 үшем жарық дүние есігін ашқан екен. Ол жақсы үрдіс биыл да жалғасын тауып жатыр. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында 3 үшем, 26 егіз нәресте облыс тұрғындарының санын толықтырған. Қызылорда облысы демография жөнінен үздіктер қатарында келе жатқан өңірлердің бірі саналады. Қазақтың халық санына алаңдаған «Алаш айнасы» газетінің тілшісі осы тақырыпқа орай арнайы мақаласын жазған еді.

Қызылорда қалалық перзентханасында жыл сайын шамамен 50-55 жұп егіз жарық дүние есігін ашады.Өткен жылы облыста 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген. Бір қызығы, үшемдердің өмірге келуі соңғы оншақты жылда ұдайы қайталану үстінде. Әрбір жылда кем дегенде 1 үшем, ал кейбір жылдарда 5-6 үшем өмірге келген. Биыл облыстық перинатальды орталықта екі бірдей үшем дүниеге келді. Олардың бірі – Қазалы ауданында тұратын Кенжегүл Ерімбетова Диас, Мирас, Манас есімді ұлдарды дүниеге алып келсе, Жаңақорған ауданы Белібай ауылының тұрғыны Нұргүл Бегімбетова Абдулазиз, Абдулрахим және Райана есімді ұл-қыздардың анасы атанды. Жақында олардың қатарын дүниеге үшем әкелген Ербол Үмбетаев пен Әйгерім Әмзеевалар толықтырды. Олар үшемдерінің есімін Ернұр, Арнұр, Ақнұр қойды.
Ортамызда ерекше адамдар бар. Егіздер, үшемдер, төртемдер… Бізге бәрі де қызық. Өйткені өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Әрине, егіздер жайы бізге онша таңсық емес. Ал бірден үш және төрт нәрестені өмірге алып келген аналарға еріксіз бас имеске амал жоқ. Оны жаратушы иеміздің құдіреті дейміз. Расында да дәл солай. Қашаннан бір қозы туса қуанышқа бөленетін қазақ емеспіз бе? Жарық дүние есігін ашқан әрбір шаранаға қуанамыз. «Әр баланың өз несібесі бар» деп шүкірлік ететін де біздің қазақ. Қуаныштысы, соңғы жылдарда елімізде егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді. Кезінде саны кеміп қалған ұлтымыздың санын арттыруда оның маңызы ерекше. Дегенмен осы тұрғыда бір сәт ойланып көрдік пе?
Айталық, елімізде егіздер саны қанша? Үшемдер санын да дөп басып айта алмай-мыз. Қысқасы, біз бұл мәселеге маңыз беріп қарамаймыз. Ол туралы нақты деректер жоқ-тың қасы. Құзырлы мекемелер ол жайында нақты істерді қолға алуға құлықсыз. Бұл – шындық нәрсе. Осы жайында деректер іздеп көрдік. Қолға мардымды мәліметтер іліне қойған жоқ. Жоқтан бар жасағандай болдық. Сосын жаһандық желі арқылы жұмыр жердегі егіздер мен үшемдер мәселесіне үңілдік. Біраз бар екен. Ал қазақша мүлдем жоқ. Ұлан-байтақ далада бар-жоғы 16 млн халық тұратын Қазақстан үшін демография мәселесіне селсоқ қараған дұрыс емес.
Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен. Қуанып қалдық. Көш басында Африка құрлығындағы Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарындағы жұрттың төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орындарды місе тұтады. Мәселен, онда 250 қытайға бір егізден келеді. Ал бізде қалай екенін дерекпен айта алмаймыз. Кейінгі кезеңде Сырдағы сырғалы жандар арасында дүмпу болып жатыр. Он жылдай бұрын облыста жылына бар-жоғы 10 мыңнан сәл асатын бала өмірге келетін. Қазір бұл көрсеткіш 20 мыңнан асып жығылады. Сыр өңірі баланы өмірге әкелу жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысынан кейінгі орында тұр. Көршілес өңірде 2 млн адам бар екенін ескерсек, қызылордалықтардың дүмпуіне «әп, бәрекелді» деуге болады. Қызығы, үшемдер мен егіздер жөнінен де Сыр бойы алдыңғы лекте тұрғанын аңғару қиынға соға қоймас.
Медицинада егіздер мен үшемдерге ерекше қарайды. Бұл қасиет ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы да жалғаса береді. Ана құрсағында екі немесе одан да көп шарананың пайда болуы жөнінде дәрігерлер үнемі зерттеулер жүргізіп келеді. Әрине, оны ең алдымен жаратылыс заңы демеске болмайды.
Жер шарында егіздер Еуропа құрлығында көп өмірге келеді екен. Кәріқұрлықта 1000 баланың сегізі егіз болады. Ал АҚШ-тағы қара нәсілділер арасында осындай шат-тыққа бөленіп жатқан отбасылар саны көп. Айта кетерлігі, өркениетті елдерде егіз және үшемді өмірге алып келген отбасыларға арнайы қамқорлық көрсетіліп жатады. Оларға арнайы күтушілер бөлінеді. Қаржылай көмектер жасалады. Ал бізде ше?
Қазақстанда егіздер мен үшемдерге байланысты арнайы жәрдемақы түрлері жоқ. Оларға кәдімгі бала секілді жәрдемақы беріледі. Бір жолғы берілетін көмек түрінде 1-3 балаға дейін 45360 теңгеден төленеді. Одан кейінгі шараналарға 75600 теңгеден алады. Мәселен, егіздер немесе үшемдердің бірі отбасындағы үшінші бала болса, ол 45360 теңге алса, одан кейінгілері 75600 теңгеден алады. Ал бір жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы бі-рінші балаға – 8000, екінші балаға – 9828, үшінші балаға 11340, төртінші балаға 12852 теңге болып белгіленген.
Қазақы қалпымызбен бұл мәселеге селқос қарауға болмайды. Саны аз халық ре-тінде демография мәселесіне нақты назар аударғанымыз артық емес. Әсіресе жиі кездесе бермейтін егіздер мен үшемдерге көрсетілетін қамқорлық мәселесіне тағы да бір зер салсақ. Өйткені екі-үш бала түгілі, бір баланы да бағып-қағу қазір оңайға түспей тұрғандығы анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста