Егіс алқабынан балбалтастар табылды

Түркі әлеміне ортақ дүние – балбалтастар тарихтың үнсіз куәгері екені рас. Бірақ әлі күнге олардың тиісті органдармен қорғауға алынбауы алаңдатады. Олай етпесе егіс даласында ескерусіз қала ма?
Бұлай деуге себеп бар. Өйткені күні кеше Зеренді ауданының Ормандыбұлақ ауылының диқандары егіс даласынан кәдімгі балбал тастарды тапты. Тарихи жәдігер қыпшақ дәуірінен қалған мұра болып шығыпты. Егістің ортасынан соқа­ның тісіне ілінген тасты қопарған диқан­шылар таң-тамаша қалған. Қанша дәуір өтсе де сол қалпын сақтаған балбал тастың тұрқы да ерекше көрінеді.
Қуаныш ШАҚШАҚОВ, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкері:
– Балбал тастың сол қолында кесе ал оң қолында айбалта бейнеленген. Бұл егер сен бізге бейбіт мақсатта кел­сең, біз сені қарсы аламыз. Жау ретін­де келсең, онда біз саған қарсы­лық таны­тамыз дегенді білдіреді.

Жалпы Ақмола облысында күні бүгінге дейін 9 балбал тас анықталыпты. Оның алтауы Ерейментау даласында болса, екеуі Көкшетау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында сақталған.
Бибігүл СӘДУАҚАС, Ақмола облыстық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:
– Балбалтас тарихи жәдігерлері қа­зақ даласында ХІ ғасырдан бастап таралған. Көбінесе Ақмола облысында Түрік қағанаты мен Қыпшақ өркениеті кезіндегі тастар кездеседі. Ал ислам діні таралғаннан бастап қазақ жерінде балбалтастар жасау жойылған бола­тын.

Бір қызығы, балбалтастардың барлығы жан-жағын айналдыра тастармен қорша­лып қойылған. Бұл сол әулетте қанша адам бар екендігін білдіреді, — дейді тарих­шылар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста