"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша берілген пәтерді әкімдік қайтып алмақшы

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша берілген пәтерді әкімдік қайтып алмақшы

Жамбыл облысында «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлерге берілген пәтерді әкімдік қайтып алмақшы. Осыған наразы бір топ жас мамандар шу шығарды. Айтуларынша, Талас аудандық әкімдігі өздері жасаған келісім шартты бес жылдан соң заңсыз деп тауып дәрігерлерді далада қалдырмақшы. Тақырыпты тілшіміз Нұрадин Рақай тарқатады.

Жамбылда жарнамасы жер жарған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жарым ырыс жолда қалды. Осылай деген таластық дәрігерлер былтыр да бір бас көтерген. Бірақ содан бері жас мамандардың мәселесі шешілмей келеді. Айтуларынша, келісім шарт бойынша бес жылдан соң қызметтік пәтер басыбайлы жас маманға берілуі тиіс. Бірақ ақжағалылар әу баста айтқандарынан айнып қапты.

БАҚЫТЖАН МЕНТАЕВ, жас маман:

Әкіммен кездестік келе салып. Сегізінші тамызда бұйрық шықты жұмысқа. Әкіммен кездескенде жас маман болып бәріміз басымызды қосып сол кезде газеттен шақырды журналистерді. Телеарна түсірді сол кезде. Ойбай ауылымызға жас маман келе жатыр. Біз жағдай жасап жатырмыз деп. Бізден реклама жасады.

Өз құқықтарын даулаған дәрігерлерді былтыр аудан әкімінің өзі қабылдаған еді. Бірақ бұл бас қосудан шетін мәселе шешілмепті. Медицина мамандығын алған бітіруші түлектерді аттай қалап ауданға шақыртқан шенділер жеме жемге келгенде келісім шартта көрсетілген талапты орындамай отырған көрінеді.

ГҮЛМИРА АМАНТАЕВА, жас маман:

Келісім шартты құрған кезде сонда әкімдіктің заңгерлері ешқандай заңға сүйенбей құрды ма? Сол кезде заңға қарамады ма? Соны түсінбеймін.

Бес жылдан соң келісім шартты заңсыз деп тапқан шенділер беретін пәтерлерін бергісі келмей қалған. Себеп заң өзгеріп пәтер жекеге онжылдан соң өтуі тиіс болыпты. Бірақ бұл жауап жас мамандарды жұбата алмады. Өйткені он жылдан соң тағы заң өзгеріп кетпесіне кім кепіл деп күйінеді. Әділдік іздеп, мамандар аудандық сотқа жүгінген. Онда жеңіліс тапқан дәрігерлердің ендігі үміті облыстың аппеляциялық соты.

МҰХТАР АМАНОВ, жас маман:

Дипломмен ауылға бағдарламасы басталып жатыр. Сіздерге жағдай жасаймыз деп шақырған соң, жайдан жай емес сөзі болғандықтан біз соған сеніп келген болатынбыз. Ал енді сол сенім ақталмай сотқа сандалтып күн өткізіп жүрміз.

Осылайша сот табалдырығын тоздырған жас мамандар бүгінде тауы шағылып тағы қайтты. Сот сұранымы бойынша ауданнан қажет құжаттар алдыру керек болыпты. Ал аузы күйген ақжелеңділер мұндай мемлекеттік бағдарламаның барынан жоғы деп ашынады. Талабымыз тыңдалмаса жаппай жұмыстан кетеміз дейді. Онсыз да маман тапшы ауданда бұл жығылғанға жұдырық болғалы тұр.

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов.

www.31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста