Дипломдық жұмыс саудасы қызып тұр

                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Танысымның інісі бар, биыл жоғары оқу орнын бітіреді. Бір жолыққанымда диплом жұмысына деген дайындығын сұрап қалдым. Біздің кезімізде диплом жұмысын жазу үшін кем дегенде жарты жыл бас қатырушы едік, ал оның жүзінен уақыттың таяп қалғанына қарамастан, қобалжудың табы да байқалмайды. «Теңгесін берсең, сен үшін диплом жазып беретіндер толып жатыр, сол да сөз болып па?» дегені заман ағысынан «қалып» қойғанымды бетіме басқандай біртүрлі естілді. «Қалай сонда?» деппін, аузыма басқа сөз түспей. «Интернетті қараңыз» деген ол онан сайын маңғаздана түсті. Шынында да, ғаламторды «шарлағым» келді. 
Ғаламдық желіде мұндай жар­­намалар өріп жүр. Соған қа­рағанда, бұл кәсіпті кі­ші­гірім биз­неске айналдырып, қаржы тауып жүр­­ген жандардың қатары аз емес болса керек. Мына бір тө­мен­дегі жарнама, тіпті өз­ара қа­лай есептесу керектігін де тәптіш­теп көрсетіпті.
«Сіз бізге 3000 теңге кепілдікке ақша жі­бересіз және дипломды жазу ережелері бар методикалық нұсқауды жібересіз. Себебі біз ере­же бойынша жұмыс істейміз. Біз сізге жоспар жібереміз. Сіз жос­парды мұғалімге көрсетіп, бе­кі­тесіз. Мұғалім жос­парға түзету ен­гізсе де, енгізбесе де, бізге ха­барлайсыз.
Біз бекітілген жоспармен дип­лом жазу­ға кірісеміз. І бөлімін жа­зып біткен соң, сізге хабар­лай­мыз. Сіз 10 000 теңге жі­беріп, І бөлі­мін аласыз. Ғылыми жетек­ші­ңізге тексертесіз, дұрыстайтын же­рі болса, біз­ге хабарлайсыз, біз бар­лығын түзетеміз. Әрі қарай біз ІІ бөлімін жазуға кірісеміз.
Сіз 10 000 теңге жіберіп, ІІ бө­лімін ала­сыз. Толық ақшасы тө­лен­ген соң, біз сізге дип­ломдық жұ­мысты түгелімен жібереміз» дей келе, банктегі есепшоттарын ұсы­нады. Бұ­дан артық қандай қызмет керек. Ауызға шай­нап салып береді. Сіздің міндетіңіз – жұту ғана. Міне, сізге бизнес.
Дипломдық жұмыс бұл сту­дент­тің ал­ған білімінің жиынтығы, алғашқы ғылыми еңбегі есеп­теледі. Басқаша айтқанда, оның толыққанды маман иесі екенін дәлелдейтін дүние. Ал мұны басы бүтін сатып алған шә­кірт­тен ертең қандай маман шықпақ? Бұл елі­мізде сапасыз кадрлар армиясын қа­лып­тастыратын қауіпті құбылыс емес пе? Ал сапасыз кадр елдің сорын қайнатары – қай­талай бер­­ген­нен жауырға айналған та­қы­рып. Бұған тосқауыл болар амал бар ма?
«Біз жазған рефераттар, курстық жұ­мыстар, диплом жұмыстары, бақылау жұ­мыс­тары, практика бойынша есеп мето­ди­калық нұсқауларға сай жүргізіледі.
Жұмыстың бағасы төмендегідей:
Курстық жұмыстар 2000-4000 тең­ге, диплом жұмыстары 10000-40000 теңге, рефераттар 500-2000 теңге, бақылау жұ­мыстары пәнге, құрамындағы есеп санына байланысты 1200-3000 теңге, практика бойынша есеп 3000-4000 теңге аралығын­да, аударма қыз­меті 500 теңге (1 парағы, 14 шрифт).
Біз өзіміз жазған жұмыстардың барлы­ғына кепілдік береміз, мұғалімнің кез кел­ген ескертуін түзетеміз. Сондай-ақ бізде бұ­рын жазылған дайын рефераттар, курс­тық жұмыстар, диплом жұмыстары, прак­ти­ка бойынша есеп сатылады.
Бағасы төмен, бірақ кепілдік беріл­мей­ді. Дайын дипломдық жұмыстар­дың ба­ғасы – 5000-12000 теңге ара­лығын­да. Ал егер сіз өз тақырыбыңызды таба алмасаңыз немесе ешкімде қайталан­байтын жаңа дипломдық жұмысқа тапсырыс бергіңіз келсе, онда бағасы 30000-50000 теңге ара­лығында бо­лады. Біз дипломдық жұ­мысты 3-4 апта көлемінде орындай­мыз. Егер сізге тез арада керек болса, автормен келісіп орындауға болады, бірақ бағасы жо­ғарылайды». Әрі қа­рай мекенжайлары мен телефон нө­мір­лері жазылған.
Қанат БАЙБОЛОВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры:
– Дипломдық жұмыс тақырыптарының барлығын жүргізіп отырған бағдарлама­ларға негіздей отырып бекітеміз. Мәселен, техникалық мамандықтарға қатысты бүгін­де қандай маңызды мәселелер бар, соны зерттеп барып, тақырып таңдалады. Тақы­рып­тардың маңыздылығын сарапқа сала­тын арнайы комиссия да жұмыс істейді. Ал техникалық мамандықтарға қатысты соны мәліметтерді ғаламтордан көшіріп алу мүмкін емес. Экономикалық мамандықтар­ға қатысты сілтеме жасап алуы мүмкін, де­ген­мен негізгі материалдар облыстың эко­но­ми­калық ахуалына, ауылшаруашылық, өндіріс салаларына негізделеді. Диплом­дық жұмыстың ұрлық болмауы қатаң тек­се­ріледі. Ол қалай жүзеге асады? Мәселен, жыл сайынғы қорғалған дипломдық жұмыстар жеке мұрағатымызда 10 жылға дейін сақталады. Сол арқылы тексеріліп отырады. Тақырыптар қайталанған болса, ол жұмыс қорғауға жіберілмейді. Ал ма­гистерлік, жалпы, ғылыми диссертациялар арнайы бағдарламалар негізінде алматы­лық Қазмеминти деген мекемеде тексері­леді. Дегенмен студенттің тақырыпқа сай жинақтаған мәліметтерін ғаламтордан алуға болмайды деп тоқтам жасай алмай­мыз. Тіпті оны анықтау да мүмкін емес. Дипломдық жұмыстың ұрлық болмауын жіті қадағалау әр оқу орнының және студент жетекшісінің өзіне байланысты.

Мырзабек САРЫБАЕВ, Академиялық инновациялық университеттің есептеу орталығының меңгерушісі:
– Әрине, мен бұған қос қолымды көте­ріп қарсылық білдірушілердің қатарынан­мын. Алайда мұндай «жабайы» бизнеске дәл қазір тоқтам салу мүмкін емес сияқты. Менің ойымша, жақсы маман боламын деген студенттің оған қызыға бермеуі керек. Бұл өз болашағына өзі балта шабу­мен бірдей. Оның орнына өзі ізденіп, өзінің бо­л­ашағы үшін іргетас қалау жағын ойлан­ғаны жөн. Өйткені бүгін диплом жұмысын сатып алған студенттен ертеңгі күні мықты маман қалыптасып шығады дегенге сенбеймін. Дипломды жұмыссыз дегендер осындайдан келіп шығады. Ал қай салада болмасын сапалы кадрға деген тапшылық бар. Шәкірттердің де осыны түсінгені, қа­зір­ден бастап қолға алғандары дұрыс. Бас­қа жолды көріп тұрғаным жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста