Денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем қажет

Денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем қажет

Елімізде ең көп қаржы бөлінетін саланың бірі денсаулық сақтау саласы екен. Жыл жылжыған сайын бұл салаға көптеп көңіл бөлініп, қаржы көлемі де артып келеді. Биылғы жылы денсаулық сақтау саласына 403 миллиард теңге бөлінген. Бұл 90-жылдармен салыстырғанда он есе артық. Денсаулыққа қатысты халықтың құқығын реттейтін 12-ге жуық заң бар. Алдағы уақытта осы заңдардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру мақсатында кодекс жобасы Парламент мәжілісінде қаралып жатыр.
Мұның бәрі де мемлекет байлығы – халықтың ден­саулығын жақсартуды көздейді. Заң бар, қаржы да же­тер­лік. Алайда осыған қарамастан, денсаулық сақтау сала­сының «қызуы күрт көтеріліп кете береді». Бұл са­лада күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстар көп. Маман тап­шы­лығы, әлеуметтік және кәсіби аурулардың кө­беюі, тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмектердің ақшаға са­тылуы, тағысын тағылар тырнадай тізбектеліп кете береді.
Ең бастысы – маман тапшылығы. Басқа салаларда орын жоқ деп кері қайтаратын болса, медицина ма­мандығын тамамдағандарды құшақ жая қарсы алуға әзір. Бүгінде елімізде медицина саласына 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Әсіресе балалар дәрігері мен орта буын медбикелер. Алыс ауылдарға оқуды жаңа бітірген жас мамандардың барғысы жоқ. Ол қызметтерді зейнет жасындағы мамандар атқаруда. Өз кезегінде олар терапевтің де, акушердің де, трав­ма­тологтың да қызметін атқара береді. Амалы жоқ­тықтан. Ауылға баратын мамандарға жеңілдікпен не­сие беру, үймен қамтамасыз ету сияқты артық­шы­лық­тар берілсе де, оларды тұрақтандыру оңайға соқ­пайтын түрі бар. Өйткені «жоғары оқу орнын бітірген жас дәрігерлердің басым көпшілігінің клиникалық ой­лау қабілеттері, білімі, біліктілігі жыл өткен сайын тө­мендеп бара жатыр» деп дабыл қағып жатқандар көп. Оның басты себебін алыстан іздеудің де қажеті жоқ. Медициналық институттарда оқу ақылы. Білім­гер­дің грантқа түссе, арманы жоқ. Ал ақылы оқудың ба­ғасы аспанға ұшып тұр. Ірі қалаларда 500 мың тең­ге­ден асады. Тіпті одан да жоғары. Оған бағаның қыр­дың қызыл түлкісіндей жыл сайын мың құбы­ла­ты­нын қосыңыз.
Жеті жыл бойы осынша қар­жы­ны тауып құя­тындай елдің бәрі бай емес. Қал­та­лы­лар­дың балалары адам жанының ара­ша­шы­сы болатын маман­дық­ты қалай бер­мей­ді. Ал басқалар ба­ласын оқытайын десе, қалтасы жұқа. Осы оқу орнына түскен күнде де көбісі же­ңіл­деу әрі кейін күреп ақша табуға болады деген үмітпен сто­ма­то­логияны немесе ги­не­кологияны оқуға құмар. Сонда кім қо­лына қандауыр ұстай­тын хирург болмақ?
Тағы бір кедергі – оқу уақытының тым ұзақ­тығы. Жеті жыл көз майын тауысу, одан қал­са, үш жылдық қосымша тәжірибе ал­масу кезеңін қосыңыз. Сонымен, осынша уақыт аман-есен бітіріп шығудың өзі оңай­ға соқпайды. Шыдамының көбесі сөгіліп, жарты жолдан тастап кетіп жатқандар да жоқ емес. Қазіргі таңда республикамызда жоғары білімді дәрігерлер дайындайтын жеті медициналық жоғары оқу орны бар. Және Алматыда дәрігерлердің білімін же­тілдіру институты да жұмыс істейді. Оған қа­зір тастың үстіне шыққан мүктей қаптап кеткен медициналық колледждерді қо­сы­ңыз. Бірақ ондағы материалдық базаның оқу үрдісіне сай келетіні-келмейтіні – жүгі ауыр бөлек тақырып. Соған қарамастан, кадр тапшылығын шешуге шамасы келер емес. Кадрдың қадірі өткен заман демеске шара жоқ. Ресми емес мәліметтерге сайсақ, бүгінде медициналық оқу орындарын бі­ті­ріп жатқан жастардың 25-30 пайызы дә­рі­герлік дипломын сандық түбінде сар­ғай­тып, мүлдем басқа салада нанын тауып жүр. Статистикаға сүйенсек, кем дегенде әр облыс орта есеппен 500-ге тарта ақ ха­лат­ты маманға мұқтаж екен. Әсiресе Оң­түс­тiк өңiрiнде гинеколог, хирург, терапевт, педиатр, офтальмолог тапшы. Ауылдық жерлерде ЛОР, кардиолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, уролог мамандарына сұраныс тым жоғары. Арнайы маманды айтпай-ақ қояйық, шалғай ауылдарда учаскелiк дәрiгерлер жоқтың қасы. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ғана андролог маман бар. Басты шайқаудан басқа амал кем. Жасыратыны жоқ, жоғары білімді жастардың ауылға аттап басқысы жоқ.
Серік Әліманов, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы:
 – Жас мамандардың ауылды жер­лер­ге тұрақтамауының белгілі себептері бар ғой. Өркениеттен тыс өмір сүріп жат­қан, интернет, ұялы байланыс, бас­қа да жағдайы жоқ болғандықтан, қалаға қашып келеді. Медицина ма­ман­дарының тапшылығын төмендету мақсатында жуырда Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк фармацевтика акаде­мия­сын­да жәрмеңке өткiзiлдi. Онда ауыл­дық жерге жұмысқа барғысы келетiн ме­дицина және фармацевтика қыз­мет­кер­лерiне әлеуметтiк қолдау көр­се­тi­летiнi туралы кеңiнен насихатталып, тілек білдірген жас мамандардың тi­зiм­дерi алынды. Осы жылы 80 жас ма­ман­ға әлеуметтiк пакет қарастырылып отыр.
Өкініштісі, бар жағдайды жасап отыр­ған күннің өзінде де үйрене алмай, кері қайтып жатқандар аз емес. Облыста соңғы төрт жыл ішінде ауылдарға 516 жас маман аттанған. Олардың 32-сi өз өтiнiштерi бойынша жұмыстан босатылып, керi қайт­қан. Бүгінде шалғай ауылдарға 208 дәрiгер ма­ман қажет. «Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасы аясында берілетін әлеуметтік пакеттің қоржыны да қомақты. Онда 100 мың теңге, тұрғын үй жалдаудың толық ақы­сы, коммуналдық қызметақылардың 50 пайызы, үй сатып алуға бастапқы жарна жинақтау үшiн «Тұрғынүйжинақбан­к­iн­де­гi» дербес шотқа 500 мың теңге аудару қам­тылған. Соған қарамастан, тілек біл­діру­шілердің қатары сирек. Оны алып ал­ғаннан кейін де кері қайтып жатқандардың жоқ емес екенін де айттық. Алдағы уақытта бұл мәселе күрделі күйінде қалмай, күр­меуі шешілсе деген тілек бар. Жамбыл об­лысында да жағдай мақтанарлықтай мәз емес. Облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының бастығы Жандос Надировтің айтуынша, бүгінде облысқа 16 акушер-гинеколог, 5 неонатолог, 64 педиатр же­тіс­пейді. Бүгінгі күні облыста неонато­лог­тар­дың, акушер-гинекологтардың, анес­те­зио­лог-реаниматологтардың, учаскелік дә­рігер педиатрлардың, терапевттердің тап­шылығы орын алып отыр.
Алматы мен Шымкент медициналық жо­ғары оқу орындарының 94 түлегі Жам­был облысына жұмысқа келді. Оларға бар жағдай жасалып отыр.
Бірақ қуануға әлі ерте. Олардың қан­шасының қайтып келетіні әлі белгісіз. Әзір­ге көрші облыстағылардың кебін киіп, кері қайтуға ниет еткендердің шаңы шыға қойған жоқ. Дегенмен сенім де аз. «Бо­ла­шақ» бағдарламасындағыдай, «Дип­лом­мен – ауылға!» бағдарламасының игілігін көр­гендерден де сұрау алатын кез жеткен сықылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста