Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ресейлік "Царград" телеарнасы сайтының бұғатталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Министр кез келген мемлекет сияқты Қазақстан үшін де ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды екенін айтты.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, Ақпарат және қоғамдық даму министрі
– Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ... Ақпарат кеңістігіне қауіп төндіретін ақпарат Ата Заңымызға қайшы келсе, ал ақпарат мемлекетіміздің құқықтық нормаларын, БАҚ туралы заңнамасын бұзатын болса, бұл материалдарға тосқауыл қойылады.
Ол 2016 жылдан бері Қазақстанда 40-тан астам шетелдік сайттардың бұғатталғанын атап өтті. Солардың бірі - "Царград" телеарнасының сайты.
"Басылымдарға біздің стандарттарды сақтау керек екенін айтып, ескертеміз. Бірақ егер БАҚ біздің талаптарымызды орындамаса, олар міндетті түрде бұғатталады. Шетелдік немесе отандық БАҚ болсын, біз барлығын осы талаптар мен заңдарды сақтауға және құрметтеуге шақырамыз" деп мәлімдеді Дархан Қыдырәлі.
Ресейлік "Царград" телеарнасының сайтына кіруге қазақстандық заңнама талаптары бұзылғандықтан шектеу қойылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz