Дәріні адамға емес, тышқанға салып сынамаушы ма еді?

Қай кезде де жаңа дә­рі ойлап тапқандар алды­мен оны тәжірибелік зерт­ха­наларда тышқандарға сынап көріп, тиімділігі анықталған жағдайда ғана адам игілігіне ұсынған. Со­лай болуы тиіс те. Алай­да біздің елдің дәрі жа­саушылары ойлап тапқан дә­рісін алды­мен адамдарға сы­наған. Тә­жірибелік зерт­ханада емес, ау­ру­ха­нада емделіп жатқан нау­­қастарға, оларға айт­пай сы­нақтан өткізіпті. Мұн­дай сұмдықтың бетін про­ку­ра­тура мамандары ашып отыр.
Адамдарды сынақ нысанына айналдыруды бір кездері фашистер жасаған. Олар концлагерьдегі тұтқын­дар­ды олардың еркінен тыс зертханаларда тәжірибелік тыш­қан ор­нына пайдаланған болатын. Кейін мұндай тә­жірибені Кеңес өкіметі Семей ядролық сынақ алаңында жүр­гізді. Онда адамдардың тәжірибелік тышқан рөлін ат­қаруы ерікті-мәжбүрлі түрде жүзеге асты. Сынақ кезінде жақын маңдағы ауыл адамдарын жаппай кө­шіріп, партиялық тап­сырма бойынша әр ауылда екі-үш ком­мунисті қал­дыр­ды. Сынақтан соң олардың орга­низміне ядролық жа­ры­лыс­тың қандай әсері болғанын ұда­йы бақылап отырды. Мін­е, енді адамға сынақ жасау Тә­уелсіз Қазақстанда да орын алды.
Нақтылап айтар болсақ, ағымдағы жылдың басында ал­матылық «ПФК Элеас» ЖШС фармацевтикалық ком­па­ниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өздері жа­сап шығарған «Дорипенем» атты дәріні тіркеуден өткізбек бол­ған. Жасап шығарушылардың мәліметіне қарағанда, до­рипенем – инекциялық ұнтақ түріндегі антибиотик. Құ­рамы химиялық қоспалардан тұратын дженерик, яғни хи­миялық жасанды дәрі. Мамандардың айтуына қа­ра­ғанда, бұл дженерик – бір кездері Бельгияда жасалып шы­ға­рылып, қазіргі кезде патенттік құқық мерзімі аяқталған дорипрекс антибиотигінің химиялық көшірмесі. Мәселе дорипенем антибиотигінің көшірме екенінде емес. Қазіргі таңда әлемнің көптеген еліндегі фармацевтикалық компаниялар химиялық жолмен алынатын дженериктер жасап шығаруда. Мәселе дорипенем антибиотигінің ал­ды­мен зертханада кеміргіштерге сыналмай, ауруханада нау­қас адамдарға сыналғанында болып отыр. Адамдарға сы­нақ жасау фармацевтер мен дәрігерлердің келісімі негізінде жүзеге асқан.
Ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз ету бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің қо­мақты тендерін ұтып алып жүрген «ПФК Элеас» ЖШС фар­мацевтикалық компаниясы Алматы қаласындағы Кар­диология және іш құрылысы аурулары ғылыми-зерт­теу институтымен жаңа антибиотикті науқастарға ем ре­тін­де қолдану туралы келісім жасайды. Бір таңғаларлығы, ғылыми-зерттеу институты басшылығы науқастарға қолданылмақ болып отырған жаңа антибиотиктің қандай жолмен алынғанын, зертханада сынақтан өткені жайлы құжаттарын талап етпестен келісімге қол қойған. Ғылыми-зерт­теу институтында науқастар емделмейтін бол­ған­дық­тан, жаңа дәріні науқастарға сынақтан өткізу үшін ин­сти­тут басшылығы субмердігер ретінде Алматы қаласындағы Же­дел шұғыл көмек көрсету ауруханасын таңдап, келісім­шарт жасасады. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айла­рын­да Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында до­ри­пенем антибиотигі тәжірибе ретінде науқастарға егіледі.
Бір қызығы, наурыз айында Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министр­лігінің Медициналық және фармацевтика­лық қызметті бақылау комитеті мамандары «ПФК Элеас» ЖШС фармацевтикалық ком­паниясында жаңа антибиотиктің жаса­лып шығарылуы бойынша тексеру жүр­гі­зуге барған. Алайда фармацевтикалық ком­пания басшылығы жаңа антибиотиктің әлі жасап шығарылмағандығын алға тарт­қандықтан тексеру тоқтатылған. Алайда арадан бір ай өтер-өтпестен жаңа анти­биотик жасап шығарылып, науқастарға егі­ле бастаған.
Прокуратура мамандары Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында сәуір-ма­мыр айларында ем алған 32 науқастың стационарлық картасынан дорипенем антибиотигі егілгені жайлы жазбаларды анықтап отыр. Ал «ПФК Элеас» ЖШС фар­мацевтикалық компаниясы прокуратура мамандарына жаңа жасап шығарылған дорипенем антибиотигінің зертханада тә­жі­рибелік сынақтан өткені жайлы бірде-бір құжат ұсына алмай отыр. Прокуратура және фармацевтика саласының маман­дары мен тәуелсіз сарапшылар фармацев­тикалық компанияның клиникалық есебін тексеріп, дорипенем антибиотигінің құра­мы, оның қолданылуы жайлы нақты еш­қан­дай мағлұматтар таппаған.
Абылай ОҢДАСЫН, прокурор:
– Клиникалық зерттеу есебінде антибиотикті қандай жағдайда, қанша мөлшерде пайдалану туралы нұсқама болуы тиіс. Дәрігер сол нұсқама бойын­ша антибиотикті науқасқа тағайындауы керек. Алайда оның бірі де жоқ. Бірде-бір дәрігер не сарапшы бұл клиникалық есептің мазмұнын түсіне алмады.

Демек, бұл – «науқастарға қандай екпе егілгені де белгісіз» деген сөз. Қазіргі таңда прокуратура мамандарына шығу тегі анық­талмаған дорипенем антибиотигін нау­қас адамдарға сынақ жасау фактісі бо­йын­ша қылмыстық іс қозғады. Сынақ ны­са­нына айналған адамдардың жағдайы қа­зір­ге бірқалыпты деседі. Алайда бұл хи­мия­лық дженерик, яғни жасанды дәрі­нің адам организміне қандай әсері болары тек Аллаға ғана аян. Оның нәтижесін уақыт көр­сетер. Тек жаңа екпенің пайдасы бол­ма­са да, адам өміріне қаупі болмасын деп ті­лейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста