Дәрігер: "Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады"

Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер үшін қауіпті емес. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты   болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп толық айта аламыз", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

 
Сонымен қатар, ол әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты.

"Олар клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды", - деді дәрігер.

Оның  айтуынша, әлемнің 20-дан астам елі жаңадан босанған әйелдерге екпе салуды бастады.

"Жүкті әйелдер де екпе алуы керек. Еуропада жүкті әйелдерді вакцинациялау бойынша көптеген клиникалық зерттеулер жүргізілді және Ресейде зерттеді. Бізде коронавирус инфекцияның аясында жүктілік кезінде әртүрлі жағымсыз салдар мен асқынуларға ұшыраған әйелдердің белгілі бір саны бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан, клиникалық зерттеулерге сүйене отырып, 16 аптадан 38 аптаға дейінгі аралықта вакцинациялауды ұсынамыз. Вакцинаның бірінші және екінші компоненттерімен. Вакцинация жүкті әйелдер үшін қауіпті емес", - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста