Дәрі-дәрмек проблемасын шешу үшін жүз жыл уақыт керек - Берденов

ОСК ғимаратынан шыққан жаңа депутат Руслан Берденов журналистердің сұрағына жауап беруге енді дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia тілшісі.


Ол мұның алдында «Журналистердің сұрағына жауап бермей қашты» деген сөздің орынсыз екенін, ғимаратқа жүгіре кіргенін асығыс болғанымен түсіндіруге тырысты.
Ulysmedia тілшісі жаңа депутаттан бірнеше мәселені - мұқтаж халықтың жағдайы, Парламентте көтеретін проблемалары және Қаңтар оқиғасы туралы сұрады.

«Жалпы ауылдағы ағайынның мәселелерін білемін. Өйткені, біздің бизнесіміздің көпшілігі ауылдық-аймақтарда екенін еске саламын. Сайлауалды турымыз аясында, одан бұрын да ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілгімен танысып шыққанмын. Проблема көп. Ең өзектісі – білім. Ауыл мен қала арасындағы білім деңгейі алшақтап кеткен. Екіншісі – жұмыссыздық. Нақты инфрақұрылым, үлкен кәсіпорындар, жұмыс орындары жоқ», - деді Руслан Берденов. 
Ол фармацевтика саласындағы қиындықтарды да атап өтті. Өйткені, дәрі-дәрмектің 93 пайызға жуығы - импорт. Ары кеткенде 7 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. 

«Сондықтан бұл салада қымбатшылық сақтала береді. Дәрі шығаратын кәсіпорындарды дамытпай, мұны шешу мүмкін емес. Ал оны дамыту үшін бізге ғылыми орталықтар керек. Бұл алдағы он-жиырма жылдың жұмысы емес, жүз жылдың жұмысы! Десе де қолдан келгенше импортты азайтуымыз керек», - деді депутат.
Берденов Қаңтар оқиғасының шындығын ашуды құзырлы орындарға сілтеді. Өзінің бұл тақырыпқа жақындамайтынын меңзеді. Алайда, бизнесінің сол кезде көптеп зардап шеккенін алға тартты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста