Дәлелді медицина: әр науқасқа нақты ем

Қарағандыда әлемнің әр түкпіріндегі медицина ғылымының пұшпағын илеген ғалымдар бас қосып, бәтуаласты. Бұл кеңес екі күнге созылды. «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәлелді медицинаның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция деген атаумен айдарланған мәслихат бүгінгі медицинадағы түйінді мәселелердің шешімін табуға талпынды.
Хорватия, Швеция, Грузия және тағы да басқа елдерден келген ғалымдардың бұл мәс­лихатының мақсаты – медициналық білім беру және денсаулық сақтауға дәлел­ді медицинаны енгізуде тәжірибе алмасу, ден­саулық сақтау ұйымдарын дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз етуді оңтайландыру бо­йын­ша ұсыныстарға объективті баға беру және әзірлеу. Сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының фармацевтика нарығын жетіл­діру, денсаулық сақтауда фармаколог дә­рігердің маңызы мен орнын анықтау бол­са керек.
Бұдан бұрын дәрігерлер науқастарға ем жасар алдында қандай дәрі-дәрмекпен емдеу тиімді екенін анықтау үшін біршама уақыт жұмсайтын. Ал бұл мәслихатта ға­лым­дар әр ауру түріне нақты дәріні бекіту мә­селесін күн тәртібіне шығарды. Халық­ара­лық бас қосу 2011-2015 жылдарға ар­налған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.
Здравко ЛАКОВИЧ, PhD бағдарламасы­ның директоры (Хорватия):
– Әлем әлі күнге дейін Қазақстанда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерден беймәлім деп ойлаймын. Бұл бағдарлама арқылы ендігі жерде баспасөз бетінде аталған бағытта мақалалар жарық көретіні даусыз.

Отандық медицинаға дәлелді медици­наны енгізу арқылы халыққа сапалы меди­циналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сонымен бірге еліміздің фармацев­тика нарығын жетілдіруге болатынын айту­да мамандар.
Нағима ИСАТАЕВА, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы директорының орынбасары:
– Мысалы, өкпенің қабынуымен келген науқасқа біз нақты бір дәріні емес, құрамы соған ұқсас дәрілерді де ұсынамыз. Ендігі уақытта дәлелді медицинаға сәйкес, әр ауру түрін емдейтін нақты дәрі анықта­лынатын болады.

Бұйырса, мамандар дәлелді медицина­ға арналған бағдарламаны әзірлеп, ұсыну­ды құп көріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста