Cоғысты Мина «бастап», Әнуарбек «аяқтады»

Дәлме-дәл уақыт белгісінен соң радиодан естілетін «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деген дауыстың сұрапыл соғыс жылдарындағы маңызы айрықша болды. Кеңес халқының басына түскен ең ауыр кезеңнің күнбе-күнгі мәліметтерін Мәскеудегі Бүкілодақтық радиодан әйгілі диктор Юрий Левитан хабарласа, Алматыдағы радио торабы майданның жедел ақпараттарын қазақ тілінде таратты. Соғыстың үміт пен уайымы, жігер мен өкініші аралас хабарларын қалың бұқараға жеткізу қазақтың сол кездегі танымал дикторы Мина Сейітованың маңдайына жазылды. Ал төрт жылдық қырғынның ортасынан Ұлы Жеңіс сәтіне дейінгі аралықта Совинформбюро мәліметтерін қазақша хабарлаған Әнуарбек Байжанбаев болатын.

Ел ашаршылық пен қуғын-сүргін зұлматынан әупірімдеп ес жиып жатқан кезеңде бұл қасіретті жылдар күллі халықтың еңсесін одан әрі түсіріп, ертеңге деген сенімін жоғалта жаздағаны ақиқат. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату ісінің үздігі, КСРО құрметті радисі, еңбек ардагері Мина Сейітқызы Сейітова мұндай ауыр мезгілде диктордың жауапкершілігі қандай болуы керектігін түсінді. 22 жастағы бойжеткен майдан даласынан жеткен хабарларды ең алғаш естіп-біліп отырды. «Мина Сейітқызы соғыстың жедел мәліметтерін оқу үшін ұзақ дайындалатын. Тіпті «әскерлердің жеңіліс тапқаны, қазаға ұшырағаны туралы хабарларды қалай жеткіземін» деп жылап алатын сәттері де болды», – дейді радио ардагерінің көзін көргендер. Мина апайдың дауысы Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. Көнекөздердің естелігіне қарағанда, дарынды диктор радиоға дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге білім алған. Кейін курстасы Невель майданында жаудың 70 әскерін қырып, ерлікпен қаза табады. Қаһарман құрбысының рухы Мина Сейітоваға мәңгілік өжеттік сыйлағандай. Ол өзінің әр хабарын майдандағы жауынгерлер мен тылдағы қаймана қазаққа рухани күш бере оқыды.

Аманжан ЕҢСЕБАЙҰЛЫ, радио саласының ардагері:
– Мина Сейітова – Қазақ радиосының пионері. Мен жұмысқа келгенде, Қатира Әзімбаева екеуі зейнет жасына жеткен кісілер еді. Бұл уақытта дауысы бұрынғыдай болмағандықтан, Мина апай таңертеңгі концертті жүргізіп жүрді. Өте салиқалы, мәдениетті адам болатын. Ол өмірдің ащы-тұщысын көрген, радиохабар таратудың ыстық-суығын жақсы білетін. Сондықтан жастарға аналық көзбен қарап, эфир мәдениеті, адамдармен қарым-қатынас, сұхбат алу, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу жөнінде тәлім-кеңестерін бере білді.

Кезінде сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білдірген Мина Сейітқызы микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, өзінен кіші талай дикторға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сияқты ұлттық мәдениетіміздің марғасқаларына ұстаз болды. Оны Юрий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлардың өзі құрмет тұтты. 1943 жылы радионың жетекші дикторынан аға дикторлыққа ауысқан Мина Сейітованың орнына соғыстан аяғынан жараланып келген Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынады. Соғысқа дейін Коммунистік журналистика институтында білім алған 20 жастағы талантты жігіт нағыз қаһарманға тән даусымен, сондай-ақ ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін жетік білуімен көзге түсті. Қан майданның қандай болатынын көзбен көрген Әнуарбек Нығметжанұлы КСРО ақпарат бюросы мен соғыс даласынан жеткен жаңалықтарды әр тыңдарманға эмоционалды жағынан айрықша әсер ете отырып хабарлады. Оның даусы мен сөйлеу мәнерінің өзі қазақстандықтарды майдандағы қарсыластарға берілген соққыдай жігерлендіретін. Қазақ радиосының алтын қорында оның 400-ден астам жазбасы бар. Оның ішіндегі Ұлы Жеңісті хабарлау туралы мәлімет баға жетпес асыл мұра саналады. Әнуарбек Байжанбаевтың әсерлі сөз саптауы бөріктілер даусының эталонына айналды. Әйгілі Левитанға еліктемесе де, шеберлікке деген құрмет пен сүйіспеншілік оны бәрібір «Қазақтың Левитаны» атандырды. Алайда елдің аузында жүрген табиғи дарын иесі қызмет барысында бұл атаққа әсте масаттанып, дандайсыған емес. Керісінше, білгенін үйретіп, айналасына қазақтың дарынды қыз-жігіттерін үйіре білді. Ал ол қалыптастырған мектептен қазақ тіліндегі әр дыбысты таза айтатын, тілі орамды дикторлар легі тәрбиеленіп шықты.

Сауық Жақанова,  ҚР еңбек сіңірген әртісі, диктор:
– Әнуарбек Байжанбаев халықтың арасынан шыққан, радиоға өз университетінен өтіп барып келген халықтық диктор болатын. Оның есімін атамай, қазақтың телерадиосын сөз ету мүмкін емес. Халқына аянбай еңбек етіп, жұртшылықтың есінде мәңгі қалған Әнекең – қатқыл дауыспен қуанышты-өкінішті хабарларды жеткізуші ғана емес, бір сахнаның жалғыз әртісіндей болған адам. Ол Левитанды көшірмелеген жоқ, ол барлық жанрда да сөйлей алатын шебер болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста