Бұл қазақтың қыз-келіншектерін алдап астына салатын зинақор шал (ВИДЕО)
Өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастырған қазақ қыздарының соңына май шам емес, смартфон ала түскен Жәнібек Иманмәзір есімді азамат кезекті видеосын әлеуметтік желіге жүктеді. Өзінің айтуынша, бұл жолы ол түрік азаматымен қолтықтасып бара жатқан қызды «құтқарып» алған.
Видео авторы басты кейіпкердің қазақ қыздарына құмар екенін, осымен бірнеше рет қара көздерді қолтықтап бара жатқан кезінде ұсталғанын айтқан.
«Бұл шал қазақтың қыз-келіншектерін алдап апарып астына салатын зинақор шал. Бұл шал талай қыздарды астына салып үлгерген. Өзі Түркиядан келген», - деп жазған Ж.Иманмәзір аталған видеоға түсіндірме ретінде.
Ал, видеороликте Жәнібек Иманмәзір жас келіншек пен егде тартқан ер азаматты жағадан алып, екеуін екі жаққа қарай қуып жіберді. Түрік азаматы болса қазақ қызымен жай дос екенін, бірақ ұнаса әйелдікке алатынын жасырмай айтқан.
Еске салайық, Ж.Иманмәзір бұған дейін де өзге ұлт өкілдерімен жүрген қазақ қыздарын ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп, тіпті күш те қолданған болатын. Оның осынау әрекетін әлеуметтік желіде жақтайтындар да, даттайтындар да жетіп артылады.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар