Бүгінгінің мұғалімі білім беруді емес, бастық пен комиссияның көңілін табуды ойлайды

Елбасының өзі «қағазбастылықты қойып, мұғалімдер білім берумен, дәрігерлер ем жасаумен айналыссын» деген болатын. Елбасының осы сөзінен кейін министрліктегі шенділер «электронды жүйеге көшеміз, бәрін қатырамыз» деп өре түрегелгенді. Жаңа бағдарлама жасаймыз деп Үкіметтен қомақты қаржы да алды. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен де болатын. Бірақ оларынан түк шыққан жоқ. Сол бір бағдарламаға бөлінген ақшаның қайда кеткені де белгісіз. «Баяғы жартас, сол жартас» демекші мұғалімдер сол баяғы қағазбастықтың құрсауында қала берді.

Дастархан басында күңкілдескенмен, мұғалімдер қағазбастық мәселесін қоғам алдында ашық айтпайды. Оның да өзіндік себептері бар. Себебі, ондай мәселені ашық айтқан мұғалімнің болашағы бұлыңғырланады. Мектеп басшысы ондай мұғалімнің артына шам алып түседі. Ал, мұғалімі белсенді болған мектептің директоры жоғарғы жақтың қаһарына ұшырайды. Өйткені, іс жүзінде жетісіп тұрмаса да, шенділер жоғары жаққа «бәрі керемет» деп есеп беруге үйренген. «Ауыруын жасырған өледі» дегенді ұмыт қалдырған шенділер істің ақсап жатуына кемшілікті жасырып, жалған есеп берудің де септігі тиіп жатқанын әлі де ескермей келеміз.
«Шыдамның да шегі бар» деді ме екен жоқ әлде азаматтық ұстанымы берік пе, таяуда gonzo.kz басылымына сұхбат берген Айзат Рақай есімді мұғалім мектептегі қағазбастылық пен толассыз тексерулер жайлы ашық айтқан. Оның айтуынша, мұғалім сабаққа бөлінген 45 минутты шимайы көп, берері жоқ қағаз толтыруға арнауға мәжбүр. Сол себепті мұғалімнің басты міндеті – білім беру екінші орында қалып отыр.
Айзат Рақай, мұғалім:
- Бүгінгінің ұстазы қағаз кемірген, комиссияның теперішінен аман өтсем-ау деп телмірген қадірсіз біреуге айналған. Қайткенде қағазға сүйеніп, қағаз деп қақсауды қою, тыю керек деп ойлаймын. Екіншіден, сапалы білім беру үшін мұғалім бар уақытын, кәсіби біліктілігін тек оқушыларына арнауы керек еді. Ал бұл жайт қазір керісінше, мұғалім уақытының басым бөлігін тексеруге алаңдап, басшылыққа жалтақтап өткізеді де, алаң көңілмен жүріп жақсы сапаға жете алмай келеді немесе жалған мәлімет беріп, жоғары көрсеткішке жеткендей болып жүр.
Расымен де мұғалімдер жыл бойы толтыраған қағаздарды жинасаңыз том-том болары анық. Мұғалім толтыруы тиіс құжаттар: сынып журналы, тәрбие жоспары, мұғалім портфолиосы, оқушы портфолиосы, оқушының жеке іс-парағы, мұғалімнің жеке іс-парағы, дарынды оқушымен жұмыс папкасы, нашар оқушымен жұмыс папкасы, әр оқушыға диагностикалық карта, оқушының әлеуметтік жағдайын анықтау картасы мен оны айғақтайтын анықтамалар папкасы, ҰБТ-ға дайындық папкасы, факультатив журналдары, оқушылардың сабаққа келуін тексеру журналы және т.б. Ал егер сол қағаздың біреуі дер кезінде толтырылмай қалса, оқу ісінің меңгерушісінен оңбай «таяқ» жейсіз. Ал ондай олқылық тексеру кезінде анықталып жатса, мектеп басшысынан тиісті сыбағаңызды аласыз. Өйткені, комиссия кемшілікті қанша көп тапса, оған көрсетілетін «сый» да соған пропорционалды болады. Талай комиссияны көрген Айзат Рақай басылымға берген сұхбатында «кез келген комиссияны белгілі бір құжатты ғана тексеруге жібереді. Алайда біздегі шаш ал десе, бас алатын кейбір тексерушілер өздеріне берілген құзыретін асыра пайдаланып, қажетінен тыс құжаттарды «сығалауға», сөйтіп мұғалімнің жүйкесі мен қалтасын жұқалауға шебер. Сондағы назар салып тексеретін құжаттары – сынып журналы, тәрбие жоспарлары, оқушының жеке іс-парағы» деп ашынады.
Мұғалімнің айтуына қарағанда, құжат толтыруда бірізділік те жоқ. Әркім білгенінше толтырады екен. Мысалы, бір мектеп факультатив журналын араб санымен толтырса, енді бір мектеп рим цифрларымен толтыратын көрінеді. «Ал бұл тексеруге келген комиссия үшін таптырмас олжаның тетігі» дейді Айзат Рақай. Сондықтан ол «Білім және ғылым министрлігі ұдайы тексерілетін құжаттардың толтырылуының белгіленген үлгісін бекітсе екен» - дейді.
Мұғалімдердің одан өзге де проблемалары жетіп артылады. Көше аралап санақ жүргізетіндер де, әкімнің жиналысына залды толтыру үшін еркінен тыс баратындар да, ешкім бармайтын концерт билеттерін сатып алушылар да осы мұғалімдер қауымы. Комиссияның көңілінен шығу үшін үйінен тамақ тасып, дастархан жасайтындар да солар. «Күнім үшін күндесімнің баласын сүйем» демекші, мұғалімдердің өйтпеске амалы да жоқ. Өйткені, бұл мектептердегі қалыптасқан жүйе. Ал жүйеге қарсы тұру оңай емес.
Егер шенділер кемшілікті айтқан адаммен күреспей, көрсетілген кемшілікті жоюға күш салса, іс оңалар еді-ау! Әй, қайдам... Бізде айтқанның аузы, жылағанның көзі жаман ғой! Десе де, реформашыл министрлік келесі реформасында аталған кемшіліктерді ескерер деп үміттенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста