БҚО-да жұмысшылар наразылыққа шықты: әкімдік мән-жайды түсіндірді

БҚО-да жұмысшылар наразылыққа шықты: әкімдік мән-жайды түсіндірді

Бүгін, 16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы "ККС-СИЧИМ" мекемесінің қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қызметкерлер жалақысын 50 пайызға көбейтуді талап еткен. Наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан.

 

Ереуілге шыққан адамдардың сөзінше, олар бүгін таңғы алтыда жұмысқа шықпай, "Сичим" компаниясының базасында ереуілге шыққан.

 

Қызметкерлер вахта режимі бойынша жұмыс істейтінін атап өткен: 28 күн жұмыс істеп, 14 күн демалады. Ай сайынғы жалақылары 250 мың теңге екен.

 

"Жалақымызды 50 пайызға көтеруін талап етеміз, себебі қазіргі айлығымыз жетпейді. Бәрі қымбаттап жатыр", - дейді қызметкерлердің бірі.

 

Басылым мәліметінше, әзірге бейресми дерек бойынша, компания басшылығы қызметкерлердің талабын жартылай орындауға дайын. Яғни компания қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға көтеруі мүмкін. Алайда қызметкерлер олардың талабы толық орындалмай тарқамайтындарын жеткізген.

 

 

"Мой ГОРОД" порталының мәліметінше, Бөрлі ауданының әкімдігі 16 қаңтарда "KKC-Sicim" ЖШС-нің 500-ге жуық қызметкері жалақыны 50 пайызға арттыру талаптарымен жұмыс учаскелеріне барудан бас тартқанын хабарлады. "KKC-Sicim" ЖШС Бөрлі ауданы Пугачево ауылында орналасқан, онда 3000-ға жуық адам жұмыс істейді.

 

"KKC-Sicim" басшылығы Ұжымдық еңбек шартына сәйкес биыл ақпаннан бастап жалақыны 20 пайызға арттыруды жоспарлады. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияда жалақының өсуі талқыланды. Осы мәселе бойынша бөлімше басшылығы 16 қаңтарда жиналыс өткізуді жоспарлаған болатын, бұған дейін компанияның кадр қызметі барлық қызметкерлерге жалақы бойынша барлық өзгеріс бойынша филиал қызметкерлері үшін жиналыс ұйымдастырылатыны туралы жеткізген болатын", - деді аудан әкімдігі өкілдері.

 

Айта кетейік, портал мәліметінше, соңғы рет компанияда жалақы 2022 жылдың ақпан айында 8,5 пайызға көтерілген. Алдын ала ақпарат бойынша, ереуілге негізінен "Теңізшевройл" бұрынғы қызметкерлері шыққан, олар былтыр қысқартуға түсіп, қазір "Сичимде" жұмыс істейді. Жалақыны көтеруден басқа, олар басшылықтан өз мамандықтары бойынша дәрежелерді алып тастауды талап еткен.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста