Болған оқиғалар: Қазақ жастары шетелде қалай алданып жүр?

Болған оқиғалар: Қазақ жастары шетелде қалай алданып жүр?

Жақында әлеуметтік желіде көмек сұрап, үн қатқан Әнел Бермағамбетова есімді қыздың жазбасынан кейін бәрі дүрліккені жасырын емес. Әнел өз жазбасында Лаоста "кепілде, құлдықта" екенін, сенген адамдары алаяқ болып шыққанын айтқан еді. Massaget.kz тілшісі Дубайда осындай бірнеше оқиғаның куәсі болған Сұлтан есімді жігітпен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Сұлтан - қытай, түрік, ағылшын тілдерін білетін қазақ жігіті, мамандығы бойынша аудармашы және логистика саласын меңгерген. Ол 2020 жылы маусымда Дубайға жұмыс істеуге кетіп, биыл мамырда елге оралған. Оның сөзінше, Дубайда бірнеше мәрте Әнел тап болған мәселені өз көзімен көрген.

 

"Қытай тілі маманымын. Қытайлармен жақсы араласып, жұмыс істеп жүргеніме 6-7 жыл болып қалды. 2 жыл бұрын Дубайға барып, аудармашы болып, бір жағынан логистика мамандығымен жұмыс істедім. Мен жұмыс істеген компания жеке компания болды әрі логистикамен айналысатын еді. Қытайдан тауар алғызатын", - дейді ол.

 

Жастар кімге, қалай алданып жатыр?

 

Сұлтанның сөзінше, мұндай алаяқ компаниялар бірнеше елде бар. Олар еңбек құлдығымен айналысады.

 

"Алаяқтықпен айналысатын компаниялар бар" деп көп еститін едім. Бұл компаниялар криптовалютамен де айналысады. Жалған веб-сайттар құрады. Оларға алданып қалу өте оңай. "Ешқандай тіл білудің қажеті жоқ, бәрін өзіміз жауып береміз. Шығынның бәрін өзіміз көтереміз. Келсең болды" дейді. Көбі сеніп қалады, барады. "Бәрі тегін, айлығы жақсы" дегенге кім бармайды? Осы нәрсеге қатты жаным ашып, қарастырған едім. Шамамен бір Дубайдың өзінде 500-ге жуық компания бар. Тек Дубайда емес, қытайлық компаниялар Грузия, Украина, Камбоджа, Таиланд, Лаос, Непалда осындай іспен айналысады. Дубайда "бәрі күшті, керемет заң бар" деп ойлауыңыз мүмкін, шындығында ол - ақшаға тез сатылатын қаланың бірі. Өйткені бұл компаниялар аз сомамен жұмыс істемейді", - дейді ол.

 

Жұмыс процесі қалай жүзеге асады?

 

Сұлтан өзі көрген, естіген оқиғалар арқылы бұл компаниялар қалай жұмыс істейтінін, қандай схемаға жүгінетінін әңгімеледі.

 

"Келесіз, аэропорттан түсесіз, олар күтіп алады, құжаттарыңызды алады, компанияларына апарды. Олар көбіне жеке үйлерді жалға алады. Ішіне африкалықтарды күзетші етіп қояды. Олар ешкімді кіргізбейді, ешкімді шығармайды. Сөйтіп, компьютерге отырғызады. "Күніне осындай адамды алдайсың" деп тапсырма береді. "Айына 3-4 адам алдауың керек" деп меже қояды. Алдамасаң соққыға жығатындарын, басқа компанияға сататындарын айтады. Олар адам тауып әкеліп берген адамға да ақша береді. Мысалы, сізге жұмыс ұсынып, осындай компанияға кіргізіп жіберсем, сіздің үстіңізден ақша аламын. Сонда сізді сатып жібергендей боламын. Мақсаты - алдап жұмыс істеткізу, басқаларды алдау. Біраз уақыттан кейін кепілдегі адамдарды жіберуі мүмкін. Бірақ ол қай жерге баратынына да байланысты. Кейде мәселе туындаса, тұрғылықты жерінен көшіріп жібереді. Өйткені олар түрін, құжаттарын көрсетпейді, өздерін жасырын ұстайды. Ондай жағдайларда ағзаларын сатып жіберуі, өздері қашып кетуі немесе есірткі, тағысын тағымен жала жауып, жоқ қылып жіберуі мүмкін", - дейді Сұлтан.

 

Оның айтуынша, бұл компаниялар құрбанын әлеуметтік желілерден табады.

 

"Ол жерде неше түрлі кәсіп бар. Тек компьютермен жұмыс істеу емес. Қытайша білетіндерді менеджер ретінде жұмыс істетеді. Аспаз қылып та кіргізуі мүмкін. Бірақ басым көпшілігіне компьютер арқылы жұмыс істетеді. Қалай алдайды? Олар қыздар сияқты сөйлеседі. Жігітпен қыз, қызбен жігіт деген секілді. Неше түрлі схемасы бар. Әдемі қыздың суретін қойып, есімін айтып алдайды. Қызды клиенттермен видеобайланыс арқылы сөйлестіреді. Ақша салғызады. Басында ұтқызады. Көп ақша салған кезде жоқ болып кетеді. Сөйлестірген қызды да жоқ қылып жібереді. Өлтіре сала ма, басқа жаққа құлдыққа сата ма, өздерінің адамы ретінде кез келгенін істеуі мүмкін. Олар құрбанын әлеуметтік желіден табады. Сондықтан жігіттер де, қыздар да алданып қалып жатады", - дейді ол.

 

Екі қазақ жігіті тап болған оқиға

 

Сұлтан Дубайда жұмыс істеп жүргенде, әлеуметтік желі арқылы екі жігіт көмек сұрағанын айтты.

 

"Былтыр тамызда екі қазақстандық осындай жайтқа тап болды. Өздері Қытайдан келген оралмандар еді. Осындай компания құжаттарын алып қойған. Сөйтіп, жұмысқа кіргізен. Жұмыс істегісі келмей, "кетеміз" десе, "әрқайсыңа 3000 доллар ақша берсеңдер, кете берсеңдер болады" деген. Өйткені "сендерге виза істеттік, билет алдық, ішіп-жегендерің бар" деген. Олар топтарға жазып, көмек сұрап жүрді. Мен қытайша білген соң көмектесейін деп бардым. "Сендерге не үшін ақша береді? Бір тиын ақшаңды алған жоқ" дедім. Олар келіспеді. Сөйтіп, полиция шақырдым. Компаниямен сөйлестім, болмады, полициямен сөйлестім, болмады. Олар да бәрін біледі. Өйткені мұндай компаниялар күніне 10 миллион, 20 миллион долларға дейін ақша табады. Кейін олар қашып шықты. Сөйтіп, елшілікке бардық. Елшілік өкілдерін де кіргізбей қойды. Соңында амал жоқ, құжаттар жоғалды деп, уақытша құжат жасатып, Қазақстанға ұшырып жібердік", - деп әңгімеледі ол. 

 

"Қытай Қытайды да оңай алдайды"

 

Сұлтанның айтуынша, бір қытайлық келесі қытайлықты оңай сатып, қаңғытып жібереді, құжатын алып қояды.

 

"Қазақтарды ғана олай апарып, сатып жіберіп алдап жатқан жоқ. Орыс та бар, әртүрлі мемлекеттен бар. Африкадан да бар. Бірақ Еуропаның, Американың адамдары аздау. Өйткені оларда айлық көбірек. Сондықтан олар бара бермейді, мұндай нәрсеге алданбайды. Адам қытайша білсе, айлық көбірек болады, қытайша білмесе, азырақ болады", - дейді жігіт.

 

 Ол аяқ-қолы жоқ қытайлықты көргенін әңгімеледі.

 

"Бір қытайлықты көзіммен көрдім. Оның қол-аяғы жоқ еді. Одан не болғанын сұрадым. Сөйтсем, ол осындай алаяқ компаниядан ақша алған. Олар кейін ұстап алып, қол-аяғын кесіп тастаған", - дейді ол.

 

"Жаным ашыды"

 

Полиглот жігіт бірнеше тіл білетін қабілетінің арқасында талай оқиғаның куәгері болыпты.

 

"Мен аудармамен айналысамын, қытай, түрік, ағылшын тілдерін білемін. Қытайлар "бір жерге барып келейік, аударып бер" деп жүгінеді. Полицияға, сотқа барып жүрдім. Жеке аудармашы ретінде баратын едім. Өмірімде полицияға бұлай көп бармаған шығармын. Дубайда шамамен 20 рет бардым. Бәрі осы мәселеге байланысты болды. Әнелдің жағдайын көріп, шыдай алмадым, жаным ашыды. Мұның бәрін жастар білсін, көрсін, кез келген нәрсеге алданбасын деген мақсатта айтып отырмын", - деп түйіндеді әңгімесін ол.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста