Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігі баршаға мәлім. Елімізде 130 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Ал бірақ қандай ұлттар мен ұлыстардың қазақ топырағын мекен етіп отырғаны және олардың нақты саны жайлы көпшіліктің біле бермесі анық. Осыны ескеріп, демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың 2009 жылғы санақ көрсеткіші жайлы мәліметі мен 2020 жылға болжамын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Ескертпе
Кестеге алыс-жақын шетелдерден келген, саны аз 80-ге жуық диаспора өкілдері кірмеген. Тек саны жағынан аз, 15-ке жуық түркітілдес ұлыс қана енгізілген. Тізімдегі 35-50 реттегілер – саны аз түркітілдес ұлыстар. Олардың жалпы саны – 4 997. Ал болжам бойынша 2020 жылы олардың жалпы саны 5 000 болады деп күтілуде.
Мақаш Тәтімовтен сүйінші!
Демораф-ғалымның есептеуінше, егемендіктің 20 жылдығы қарсаңында қазақ жерінде тұрып жатқан халық саны шетелдіктермен қоса есептегенде 17 млн-ды құрайды.