"Бізге ақша берсін". Алматыда метро салу үшін сүрілетін үйлерге өтемақы әлі төленбеген

"Бізге ақша берсін". Алматыда метро салу үшін сүрілетін үйлерге өтемақы әлі төленбеген

Алматыда "Қалқаман" метро бекетінің құрылысы мен ұзартылып жатқан Төле би көшесіне қатысты дау шықты. Осы құрылыстың жолында тұрған сүрілетін 60 үйдің иесіне өтемақы әлі төленбепті. Тұрғындардың сөзінше, шенділер тиісті төлемді былтыр беруі керек еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, сол уақыттан бері тек құрғақ уәдемен тойдырып келген. Сондықтан халыққа берілуі керек болған миллиардтарды ортада бәз біреулер жымқырған деп күдіктенеді. Ал шенділер бөлінген қаражат жетпей қалды деген.

Тұрғындар атқамінерлердің табалдырығын тоздырып әбден ығыры шыққан. Бәрі Наурызбай ауданының тұрғындары. Былтыр тұрып жатқан жерінің орнына "Қалқаман" метро бекеті мен Төле би көшесі ұзартылатын болған соң, үйлері сүріледі деп танылған. Шенділер ұсынған бағаға да қанағат тұтыпты. Бірақ сол күйі тиісті ақшаны ала алмаған.

"Қалқаманда, Наурызбай ауданында өткізіледі. "Төле би" деп, былтыр жазда бағалап кеткен. Алты айдың ішінде өтемақы түсу керек болған. Оны күттік. Алты айды қойып, оныншы айға кетті. Қайтадан бағаланады деді, Депутаттар сайлансын деді. Оны күттік", - дейді тұрғын Назым Дарқұлова.

Күте-күте әлі күнге дейін өтемақы ала алмай жүрген отбасы саны 60-қа жетіп қалған. Бірақ кейбір жер иесіне уақытында төленген. Қазір көше бойындағы үйлер кезек-кезек сүріліп жатыр. Жердің астаң-кестеңін шығаратын жұмыстан сау тұрған үйлердің қабырғасы жарылып, төбесі құлауға шақ қалған.

"Менің жанжағымда бүкіл үйді бұзып тастаған. Жерді қазған кезде астынан құмырсқа, тарақандар шығып, үйіме толып кетті. Көршінің үйіндегі тарақандар менің үйіме келді. Үйде тарақанның түртүрі бар. Әкім ақшаны алдыңғы жылы түсірген. Мына жақта ішінде былық болған. Нақты қандай былық екенін білмеймін. Жәій ғана ақшаны ұстап отыр. Ұсталған ақшаға пайыз түсіп отырады ғой. Ол өз проблемалары. Бізге ақша берсін. Біз кетеміз", - дейді жергілікті тұрғын Қуандық Шаймардан.

Жер қатынастары басқармасының бастығы әу баста халықтың алдына шыққан. Кейін аяқ-асты жоқ болды. Телеарна журналистері іздеп еді, таба алмаған. Артынша басқарманың орынбасары халық алдына шыққан. 

"Жер телімі сатып алынып отыр. Соның өзіне 4,3 миллирд кетті. Осы жаңа жылдан бастап Төле би бойынша 26 жер теліміне 1,2 миллиард қаражат белгіленген. Станция метродағы 23 жер телімін сатып алу бойынша 2,2 миллиард белгіленген. Сондықтан да жұмыс созылып кетіп отыр. Бөлінді, бірақ жетпей қалды", - дейді Алматы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов. 

"Кінә бізден емес" деген ол осы айдың аяғына дейін меншік иелеріне қаражат аударылады деп сендірді. Ал тұрғындар өтемақы осы жолы төленбесе, сотқа жүгінуге бекініп отыр.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84118/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста