Біз кімге табынып жүрміз?

Біз кімге табынып жүрміз?

 Табыну, сыйыну деген сөздер діни ұғымдар екені белгілі. Тәңірге табыну, пұтқа табыну секілді ұғымдардың орнына Ислам діні қанат жайғаннан кейін Жаратқанға, Хаққа, Аллаға табыну, Раббыңа сыйыну секілді иллаһи сенім келді. Ахмед Иүгінеки: «Шын білімі болмаған қанша халық, табынар құдай жасап, қолдан пұтқа» – деген екен. Алайда, атеистік дәуірдің сарқыншағы әлі жойылып біткен жоқ. Жамбыл ақын кезінде Алланы ауызға алу қиын болғандықтан, «Жан-жануар табынып бір өзіңе, сенен алып тұрғандай бар тынысын» деп табиғатқа жыр арнағаны белгілі.

Мұхамбет пайғамбар: «Менің дінімнен күдікте болсаңдар, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» –деген.
1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан кезде қазақ ақыны Олжас Сүлейменов «Земля, поклонись человеку!» («Адамға табын, Жер, енді!») атты поэма жазған еді. Орысша ойлайтын Олжастың осы ұғымы сол кездегі қазақ ақындарының да көпшілігіне тән еді. Осыдан келіп, Күн мен Айға, от пен суға, әулие-әмбиеге, ата-бабаға, әке-шешеге, тіпті сүйген жарға табынамын деген тіркестер пайда болды. Мәселен Сейдолла Бәйтерековтің ақын Бәкір Тәжібаевтың сөзіне шығарған әні «Күнге табыну» деп аталады. «Құдірет күш бір өзіңнен табылған, саған мәңгі Жер-ана да табынған, өзің келген шақтарда, ешкім қалмас шаттанбай,теңдесі жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай» деген жолдардан Олжасқа еліктеу байқалатыны рас.

Тағы бір ән мәтінінде: «Сағынамын, жаным, мен сені сағынамын, бір өзіңе, жаным, мен ес-түссіз табынамын» деген жолдар бар. Ес-түссіз табынғаны сүйген қызы болса керек. Нұрлан Өнербаев жиі орындайтын «Анашым» әніндегі (әнін шығарған Марат Омаров, сөзін жазған Қайрат Жұмағалиев): «Шет жүрсем — сағынарым, жабықсам – шағынарым, анашым, бір өзіңсің табынарым» деген жолдар да құлаққа түрпідей естіледі.

Мақпал Исабекова орындап жүрген енді бір әннің қайырмасы: «Сағындым, табындым, жаңылдым» деген үш сөзден құралған. «Анашым құдіретіне табынамын!» деп аталатын кең тараған әннің «Анашым, құдіретіңе табынамын, көрмесем бір күн сені сағынамын, анашым, қартаймашы, жалынамын» – деп келетін қайырмасында да осы «табынамын» сөзі орнын тауып тұрған жоқ. Бұл ән мәтіндерінің авторлары кім екені есімде жоқ, алайда, кім болса да, орнын таппаған сөздерді қолданған деген түйін жасауға болады.

Е.Қырықбаев деген автордың Мұқағали Мақатаевқа арналған, ғаламтор бетінде жарияланған өлеңі «Мен саған табынамын» деп аталады. «Сенің атың толастамас дауылды ән, о, ұлы ақын, мен де саған құдайымдай табынам» деп көсіледі автор. Қарапайым пендені Құдайдай көрсе, жетіскен екенбіз. Тағы бір журналист «Сенің ерлігіңе – табынамын!» атты тәрбие сағаты өтті» деп жазады. Мұндай тәрбие сағатын өткізген ұстазға не жорық? Ақын әрі ғалым Дүкен Мәсімханұлы: «Мен табынсам тауларға табынамын, мен шағынсам тауларға шағынамын» – деп жазады. «Таулардың» деген сөздің орнына Алла деген сөз сұранып тұр ғой.

Сейфолла Оспанов деген ақын: «Табынамын Қара жерге, Тәңірім ол жаратқан. Табынамын Су мен терге, Бойыма қан таратқан. Табынамын Көкте Күнге…» – деп те жазды. Сонда ақынның табынатын Құдайы жер мен су,күн болғаны ма?!

Орыстың «культ личности» деген тіркесін біздің аудармашылар «жеке басқа, немесе жеке адамға табыну» – деп аударып жүр. Түбіріне қарап, сөзбе-сөз аударсақ, «тұлғаны шектен тыс дәріптеу» деген мағынада. Уикепедияда: «Жеке басқа табыну – саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау» – деген анықтама беріліпті. Осыдан кейін Рим папасына табыну, патшаға табыну секілді жағымсыз әдет жеке тұлғаны дәріптеуден туғанына иланбасқа болмайды.

Қалай болса да, «табыну» сөзі кез келген жағдайда қолданыла берілетін болыпты. Кімге табынып жүрміз? Неге табынып жүрміз? Алды-артымызға қарайық. Ойланайық, ағайын!

Ақылбек Шаяхмет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста