Желіде жартылай жалаңаш күйде дауыс беруге барған бір топ жігіттердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода олардың үстеріне киім кимеген күйде дауыс беріп жатқандығын көруге болады.
Желі қолданушылары жігіттердің шамамен орыс ұлтының азаматтары деп топшылаған.
Сонымен бірге олар жастардың мұндай әрекетін сыйламаудың белгісі деп, заңды түрде жазалауды сұраған.
«Ұятсыздық қой? Әдейі келіп отыр осылай, құдай біледі», «Сайлауды да мазаққа айналдырды мына жастар?», «Ұят-ай, не бетімен кірді екен?», «Сана, ұят деген қалмаған иа қазіргілерде? Бұрын осындайдың бірі болмаушы еді?» деп жазды олар.