Білімнің сауабы бәрінен артық екенін балаларға түсіндіруіміз қажет

Білімнің сауабы бәрінен артық екенін балаларға түсіндіруіміз қажет

Соңғы кездері мектеп оқушыларының намаз уақытында сабақты тастап, мешітке кетіп қалатыны жайлы жиі есітіп жүрміз. Бұрын бірлі-екілі оқушы сабақтан кетіп қалып жүрсе, соңғы кезде сынып болып сабақтан кетіп қалу жағдайлары орын ала бастаған. Осы орайда таяуда ғана Қызылордалық мұғалімдер өңірдегі мектептердің бірінде оқушылардың сынып болып, сабақты тастап жұма намазға кетіп қалғанын айтып, алаңдаушылық білдірген еді.

Әрине, балалардың имандылыққа бет бұрғаны дұрыс-ақ. Алайда, сабақ уақытында намаз оқуға кетіп қалуы расымен де алаңдарлық жағдай. Балалардың мұндай әрекетке баруы ислам қағидаттарын білмегендіктен болса керек. Өйткені, ислам дінінде білім бәрінен де жоғары қойылған. Білім алудың кез келген құлшылықтан сауаптырақ екені айтылған.
Мысалы, Құран кәрімде былай дейді:

«Бір ғалымның жанында отырып бір сағат ілім үйрену, бір абидтің 70 жыл ғибадатынан қайырлы болуы мүмкін» (Дәйләми).
«Бір сағат ілім үйрену немесе үйрету, таңға дейін ғибадат етуден сауаптырақ»
(Дәйләми).
«Ілім үйрену – намаз, ораза, қажылықтан да құндырақ»
(Дәйләми).
«Ілім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз»
(Бәйһақи).
«Бесіктен мазарға дейін ілім үйренуге тырысыңдар!» (
Шира).
«Ілім – иманның тірегі»
(Әбушшәйһ).
«Ілім – жаннатқа апаратын жол»
(Хазреті Лұқман).
«Бір сағат ілім үйрену, түннен таңға дейін ғибадат етуден құндырақ. Бір күн ілім үйрену, үш ай ораза ұстаудан құндырақ»
(Әбу Нуайм).

Ислам дінінің мұндай тәлімдерін одан әрі тізбектей беруге болады. Байқап отырсақ, Құран кәрімде ең үлкен сауап білім алуда екені, иманды болу үшін білімді болу керек екені айтылады. Туғаннан бастап, өлгенге дейін білім іздеуді уағыздайды. Білім алудың намаз оқу, ораза тұту, қажылыққа барудан да сауабы көп екенін ескертеді. Міне біз осыны балаларға түсіндіруіміз керек.
Өкінішке қарай, осы уақытта жамағат жиналған жерде имамдар исламның басты қағидаттарының бірі білім алу екені жайлы айтпайды. Ислам дінінің басты қағидатының бірі білім алу екенін білмегендіктен балалар сабағын тастап намаз оқу үшін мешіттерге барып жүр. Ең өкініштісі мешіт имамдары олардан «сабақтарың қайда?» деп сұрап жатқан жоқ. «Барған баланы мешітке кіргізбей қою керек» деуден аулақпыз. Бірақ балаларға олар үшін қазір ең басты сауапты іс - білім алу екенін айтып, түсіндіру қажет. Өйткені білімсіз адам-зағип адам. Зағип адамның жолдан адасуы оп-оңай. Яғни, балаларымыз білімсіз болса, жат ағымның жетегінде кетері анық. Бүгінгі таңда мешіт жанын торып жүрген жат ағымды насихаттаушылардың бар екені әмбеге аян. Әлі оң-солын танып білмеген, бұғанасы қатпаған балалардың ондайлардың торына түсуі оп-оңай. Өйткені, білімсіз адам – қорғансыз адам.
Қасиетті Құран кәрімде тағы былай делінеді:
«Әуестенуге болатын екі адам бар: Бірі Алла тағала берген ілімімен амал етіп басқаларға үйреткен адам, екіншісі Алла тағала берген байлықты қайырымдылыққа, жақсылыққа жұмсаған адам» (Бұхари).
«Ілім бар жерде мұсылмандық бар. Ілім жоқ жерде мұсылмандық қалмайды».
Яғни, ислам діні білімді болуды, білген білімін өзгеге үйретуді, қайырымды, жомарт болуды насихаттайды. «Ілім жоқ жерде мұсылмандық қалмайды» деген сөзде үлкен мән бар. Бүгінгі таңда соған көз жеткізіп отырмыз. Қазір жастарымыздың мұсылмандықтан жұрдай болып, жолын таппай, басқа діндердің жетегінде кетіп жатуының да бір ұшы білімсіздікте жатыр.
Әлі де кеш емес. Балаларға мұсылмандықтың, имандылықтың тура жолын көрсетеміз десек, имамдар мектептерге барып, қазіргі уақытта оларға мешітке барып намаз оқығаннан гөрі мектепте білім алғанның сауабы мол, маңызы жоғары екенін айтып, түсіндіруі тиіс. Әйтпесе, ертең ненің құнды екенін ажырата алмайтын, қараңғы ұрпақ өсіп шығуы ықтимал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста