Белсенді Мейір Сәкенұлы: Киікті атудан ешқандай логика көріп тұрған жоқпын

Белсенді Мейір Сәкенұлы: Киікті атудан ешқандай логика көріп тұрған жоқпын

Астанада киік тақырыбына арналған талқылау барысында «Ақбөкен» бастамашыл тобының мүшесі Мейір Сәкенұлы киікті атуға берілген шешімнің логикасын түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Мұнда шаруалар киіктің атылуына қарсы пікір айтып жатыр. Шөп пен бидай шығымына әсер ететінін айтады. Бірақ, білуімше, киікті ату шаруасы күзде жүруі тиіс. Киіктер шаруаларға қажетті шөп пен бидайды отап кететін болса, киіктерді күзде атудың пайдасы қанша? Мағына қайда? Келесі жылдың қамын ойлап отыр дейін десек, сіздер бүгінгі күнді айтып отырған жоқсыздар ма? 80 мың киікті атудың қажеті қанша? Бұл «полная туфта» - дейді ол.
Оның айтуынша, зоология институтының тұжырымына сене беруге болмайды. Жануардың осы түрі бойынша мемлекет үлкен жоспар құруы тиіс.

«Ақбөкен, киік – қазақтың киелі аңы. Кие деген сөзді естен шығармаңыздар. Зоология институтының мамандарына толық сене бермеңіздер. Олар да қателеседі. Биыл онсыз да қан қаншама төгілді. Қанды Қаңтар өтті басымыздан. Украинада қан өзен болып төгіліп жатыр. Қазір сіздер 80 мың киікті атқалы отырсыздар. 240 литр қан! Бұл дұрыс па?» - деп түйді ол.
Еске сала кетсек экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов осыдан бірнеше күн бұрын Орал популяциясына жататын киіктердің 10% (800 мың киіктің 80 мыңы) «реттелетінін» мәлім етті. Министрдің «атамыз» деген сөзді әдепті түрде «реттейміз» дегені содан бері қызу талқыланып жатыр. Киікті қорғаушылар үкіметтің бұл шешімін құп көрмей, атудың да, атылған киікті пайдаға жаратудың да механизмі жетілдірілмегеніне наразы. Ал «атқан дұрыс» деп есептейтіндер киіктің көптігінен, ең алдымен шаруалар зардап шегіп жатқанын айтып, сол аргументті барлық жерде келтіріп жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста