Ол 1937 жылы дүниеге келген. 
Аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнес Сарай 83 жасында өмірден озды.
Әнес Төлендіұлы Сарай 1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында туған. Жазушысы, драматург, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Барыс және Парасат ордендерінің иегері атанған.
«Мұнаралар шақырады» (1969), «Бозқырау» (1973), «Қараша өткен соң» (1974) атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл» (1976), «Алтын арал» (1984), «Еділ Жайық» (1994) романдарында АстраханАтырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996).