Бастықпын деп басынғандар қоластындағы қыз-келіншектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді

Елімізде бастықпын деп басынғандар қоластындағы қыз-келіншектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді, - деп жазды КТК арнасы.

Елімізде жыныстық бопсалауға барғандарды жазалайтын заң қажет. Заңның жоқтығынан қазір жұмыста зәбір көріп, қорланған қыз-келіншіктердің қатары артқан. Осыған байланысты Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро парламентке өз ұсынымдарын жолдамақ. Мұндай бұзақылыққа барғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандықтан, нақты қанша адамның жапа шеккенін анықтайтын статистика да болмай тұр.

-Бастықпын деп басынғандардың көп жағдайда қарамағындағыларға қырындау жайты көлеңкеде қалады. Жұмыстағы өсу мен өшуін ойлаған жәбірленушілердің тіс жармауынан көбіне жабулы қазан жабулы күйінде тұр. Ал, мұндай тиісудің соңы зорлыққа ұласып, талай тағдыр талқандалуда.

Он сегізде бір гүлі ашылмаған Еленаның көңілінде ащы запыран жатыр. Былтыр жазда Өскеменде оқуына ақша табам деп сылақшы болып жұмысқа орналасып, опық жеген. Бастапқыда сөзбен қырындаған бригадирі кейін келе қарамағындағы қаршадай қызды зорлаған. Әділдік іздеп сотқа жүгінгенімен, іс жабылып қалған.

ЕЛЕНА ИВАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ: - Одан үнемі бойымды аулақ ұстауға тырысатынмын. Бірақ, ақыры дегенін істеді. Арыз жазып, сотқа дейін барғаныммен ол жазаланбады. Істі жауып тастады. Бірақ, әділдікке жетпейінше тынбаймын.

Елена сияқты тағдыр тауқіметін тартқандар, әділдікке жете алмай жатқандар көп. Бүгін Алматыда жәбірленушілер мен құқық қорғаушылардың басы қосылып, өзекті мәселені талқыға салды. Мылқаудың күйін кешіп, іштей тынғандар өзін емес, өзгенің пікірін ойлап жанайқайын жасырады екен. Оның үстіне жыныстық бопсалау бойынша қорғайтын заң жоқ.

Адам құқығын қорғау жөніндегі бюро АҚШ-тағыдай заң қабылданса қылмыстық жауапкершіктен қорқып, бұзақылыққа баратындар азаяр еді деген сенімде.

Инга Иманбай, Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро қызметкері: - Жыныстық бопсалауға қылмыс ретінде жеке ұғым берілмеген. Сондықтан ол жөнінде статистика да жоқ. Ол жөнінде айтылып жатқан да жоқ. Бірақ, зорлаудың негізгі себебі жыныстық бопсалаудан басталады. Соның жауапсыз жазаланусыз қалғанынан оның соңы зорлыққа әкеледі.

Сөзге дәйек. Күні кеше АҚШ тың гимнастика құрамасының дәрігері болған Ларри Нассар 175 жылға сотталды. Оның атына 160 спортшы қыздан зорландық, қорландық деген шағым түскен. Көз жастары көл болғандардың зарын ескерген судья өмірлік бас бостандығынан айыруды жөн тапқан. Қазақстандағы еріктілер де осындай заң қабылданса, талай жанның құқығы аяқасты тапталмас еді дейді.

Автор: Асқарбек Қазанғап

КТК арнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста