Басшысы жоқ түрмедегі бассыздық

Солтүстік Қазақстан облысының Горный ауылындағы ЕС-164/4 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер өздеріне қол жұмсау арқылы наразылық шарасын ұйымдастырған кезде түрме басшысы жұмыста болмаған. 38 сотталушының өткір затпен қарындарын жаруына осы жағдай себеп болуы мүмкін екенін облыстық прокуратура хабарлады.

Журналистермен кездескен облыс прокуроры Асқар Досекенов 164/4 түзету мекемесінде орын алған жағдайдың мән-жайына тоқталды. Шілденің 21-22 күндері қарындарын жарған 38 сотталушыға дереу медициналық көмек көрсетілген. Бүгінде денсаулықтары жақсарған сегізі жазасын өтеп жатқан жерге қайтарылыпты, тағы екеуі әлі емделіп жатыр.
Асқар Досекенов, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры:
– Біз жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша он бес күндей түзету мекемесі басшылығының болмағаны анықталды. Зейнеткерлікке шығуына байланысты түрме басшысы жұмыстан босатылған екен. Ал оның алдында қырық күн демалыста болыпты. Наразылық шарасына осы жағдай әсер етті деп ойлаймыз. Екіншіден, сотталғандар тәртіпті босаңсытуды, медициналық көмек пен азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуды талап еткен.
Естеріңізге сала кетейік, өздеріне қол жұмсаған 38 адамның оны Есіл аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, ал қалғандарына түрме ішінде ем-дом жасалған болатын. Асқар Досекенов жазасын өтеушілердің тілек-талаптарының орындылығы сараланып, тиісінше қажетті шаралар қолға алынатынын айтты. Прокуратура таратқан мәліметте, мекеме қызметкерлерінің біразы туыстық қатынаста болғандығы айтылған. Олардың жемқорлыққа жол берген-бермегендігі әлі тексеріліп жатыр. Ал түрмедегілерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде кемшіліктердің орын алғаны анықталып та қойды. Түрмеге баратын су құбыры да істен шыққан екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста