Абай облысында алапат өртпен алысып жатқан өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті шенеуніктер кедергі келтіретінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша олар жұмыс істетпей, бұйрық айтумен "желкелерінде" тұрып алатын көрінеді.
«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Сіздерге видеоға шығуға мәжбүр болып отырмын, неге десеңіздер, кешеден бері өртте, отпен алысып жүрміз. Мына жақта кейбір ағаларымыз келіп алып: «Не істеп тұрсыздар, неге жұмыс істемейсіздер» деп желкемізден тұрып алады. Сондықтан тұтас қазақ елі болып, бір-бірімізге көмектесейік. Неге желкемізде тұрып алып, жұмысқа кедергі келтіресіздер? Техника кірмейді деп айтасыздар, арғы жаққа техника қалай кіреді? Бұл жақта үлкен көліктер, егер орманның арасынан шыға алмай қалса, көліктегілердің өміріне қауіп төнуі мүмкін, неге соны түсінбейсіздер? Сол үшін, бізге ең бастысы – адам өмірі маңызды. Сіздерден өтініп сұрайтыыһным, бір ниетте, таза ниетте болайық... Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп аяқтады сөзін өрт сөндіруші.