Бәсіре беру бәсекелестікке айналып кетпесе...

Бәсіре беру бәсекелестікке айналып кетпесе...

Бүгінде бәсекелестік бағындырмаған белес қалмады. Қазақтың беташары да, қыз ұзатуы да, құда шақыруы да ақыр аяғы шілдехана жасауы да қып-қызыл бәсеке. Шамасы келсін-келмесін қарызданып, қауғаланып той жасайды. Тіпті, кредит алып келін түсіріп жатқандар да бар. Бәсекенің бармаған жері бәсіре ме деп жүр едік. Енді оған да кезек келген сыңайлы. Кейінгі толқын жастар біле бермеуі де мүмкін.
Бәсіре – яғни, қыздың тұңғышын алып төркіндеп келгенде нағашыларының жиеніне атайтыны. Біреу жиеніне ат мінгізуі мүмкін. Енді бірі ақша ұстатып жатады. Әйтеуір жиенінің тұңғыш табалдырық аттап келгенінде құр қол қайтару үлкен әбестік саналған. Мұның бәрі де қыздың абыройы үшін атқарылар іс. Қазақы салт-дәстүрімізге бүгінде жаңаша реңк енгендей. Қазіргі «жаңа қазақтар» жиеніне аттың орнына автокөлік, доллардың орнына депозит ашып беріп жарысып жатыр. Дұрыс-ақ. Байдың барын көрсеткеніне қызықпаса, ешкім қызғана қоймас. Дегенмен бұл кейде тым даңғойлық болып көрінетіні рас. Жуырда көршім екі ұлын бірдей үйлендірді. Тойды да бөліп жармай бірге жасады. Бәсекенің заманы ғой. Той барысында екі келіннің қандай ортадан шыққандығы бірден көзге ұрып тұрды. Үлкен келін бар жердің қызы екен. Ағыл да тегіл сыйлыққа көміп тастады. Байлықты мақтаныш тұтып, жоқшылықты қорсынатын кезең ғой. Екінші келін жүзін төмен салып төменшіктей берді... Бұл бәсеке бәсіреге келгенде тіпті білініп қалды. Үлкен келін ұлын көтеріп барып төркінінен джип көлігін мініп келді. Екінші келіннің жүзін төмен салуына тағы да тура келді. Жағдайы белгілі ата анасы жиеніне бәсіре де атай алмаса керек. Есірік ене жағдайдың тігісін жатқызудың орнына одан сайын ұшындырып «биік аттақырдан су ішіп отырмыз...» деп күнде күңкілдей берген-ді. Санасы зерек адамның жанды жерінен ұстайтын сөз ғой. Ақыры шыдамның шегі сетінеген күні ... екінші келін төркініне кетіп тынды. Осылайша бір шаңырақ шайқалып, ортасына түсті...
Қай салт дәстүрімізді алып қарасақ та, шектен шықпай кейінгі ұрпақтың жүзін төмен қаратып «Мұндай салты, дәстүрі құрысын» дегізбей өз деңгейінде атқарған да дұрыс әрине. Бәсіре бергенде де тым даңғойланудың қажеті шамалы сияқты. Игіліктеріне жаратсын деп жас отау иелеріне бар болса асырып төкпей жоқ болса аз да болса саздай қылып жөн жаралғысын жасап жатса игі. Бәсіре жөнінде де көмекей жыртып керілдесетіндер табылады. Жиенге атаған бәсіре жылқы малы болса, оны жиен ат жалын тартып мінгенше тиіспей жылдағы төлін шашау шығармай көбейтіп беріп жатқандар да бар. Оны жиені мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түсіп оқуына деп жоспарлайды. Білімге салған капитал ешуақытта да құнын жоймайтындығы белгілі әрине. Мұны құптауға болады. Сондай ақ банктен депозит ашып болашаққа салым салуды қоштайтындар да, құп көрмейтіндер да баршылық. Өйткені ертеңгі күні банктің банкрот болып кетуі де ғажап емес. Ал банкрот болмаған күннің өзінде де жылдық пайызы ең жоғары деңгейде болғанның өзінде ертеңгі күні ақша құнсызданып кетсе ештеңеге де жетпеуі мүмкін. Баға қырдың қызыл түлкісіндей мың құбылып тұр. Бүгінгі қомақты ақша ертеңгі тиынға татымай қалуы да бек мүмкін. Мұндай да қауіп бар...
Жиенге қой берсек те, дорбалап доллар берсек те өз орнымен болса екен. Шектен шыққан даңғойлық ұшпаққа шығарған емес. Жиенді жерге қаратпаған елміз ғой. Сіз не дейсіз?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста