Бас прокурор депутаттың «хайп» қуатын блогерлер туралы сұрағына жауап берді

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев өзін блогер санап жүргендерге қатысты Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдаған еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, блогерлердің көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі «хайп» ұйымдастырып әлек. Осыған байланысты депутаттық сауалға Бас прокурор Берік Асылов жауап берді.

 

Қазіргі кезде «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» Заң жобасы əзірленген, ол бүгінгі күні мемлекеттік органдармен келісілген жəне Парламент Мəжілісінің қарауында. Заң жобасының негізгі мақсаты - онлайн-жарнамалар, сондай-ақ онлайн-платформалар қызметтерінің құқықтық негіздерін айқындау.  Аталған заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған жəне өз мақсаттары мен өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде, - деп түсіндірді Берік Асылов.

 

Оның айтуынша, жалған ақпараттың таралу фактілері кең тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны айқындай отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін əкімшілік жауаптылықты белгілеу жоспарланып отыр.

 

Ақпараттық кеңістіктің мониторингісін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі жүзеге асыратынына жəне жарияланымдарда қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгілері анықталған жағдайда оларды тергеулігі бойынша Ішкі істер министрлігіне жіберетінін атап өтеміз. Биыл 4 айда көрсетілген фактілер бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген. Оның ішінде 1 іс сотқа жіберілді, 8-і тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты), 8 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген (қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты), 12 іс тергеп-тексерілуде, - деді Бас прокурор.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста