«Бақытты отбасы» көпсалалы орталықтары Алматы тұрғындарына қандай көмек көрсетеді

Алматыда мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 9 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Мамандар қала тұрғындарына қиын жағдайда көмектеседі, оқыту мен кеңес береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы қаласы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсакова мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді.

 

Алматыда 30 339 көпбалалы отбасы тұрады. Көпбалалы аналардың 4 855-і «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған.

 

Сонымен қатар, 1 300-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

 

«Бақытты отбасы» орталықтарында психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, жұмыс табуға көмектеседі, бос уақыт іс-шараларын ұйымдастырады.

 

«Біздің орталықтарда аналар мен олардың отбасыларына профильдік курстардан өтуге көмектесетін «Isker Ana» бағдарламасы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Осы бағдарламаның арқасында көптеген аналар өз бизнестерін ашты. Бізде жақсы мысалдар бар, олар – азық-түлік және киім-кешек сауда орындары, Әуезов ауданындағы аспаздық цех, қаланың бес ауданындағы тігін цехтары», - деді Зульфия Байсақова.

 

Зульфия Байсақова атап өткендей, «Бақытты отбасы» орталықтарында отбасылық құндылықтарды дәріптейді, отбасын құрметтеу және өскелең ұрпақты адамгершілік және рухани сау тәрбиелеу дәстүрлеріне қайта оралады, көп балалы отбасылардың лайықты өмір сүру жағдайларын жасауға көмектеседі, осылайша қоғамның саналы ата-ана жағына қозғалысын ынталандырады.

 

Көпбалалы отбасылардың басым бөлігі Алатау ауданында тұрады, сондықтан «Бақытты отбасы» орталығынан басқа онда дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы ашылды.

 

Осы орталықтың арқасында 12 мың адам оқыту курстарынан өтті, мыңнан астам әйел өз ісін ашуға және дамытуға (тігін шеберханалары, аспаздық, типография, Сұлулық студиялары) өтеусіз гранттар алды.

 

Зульфия Байсақова «Бақытты отбасы» орталықтарын отбасылардың проблемаларын өздері жақсы білетін, олармен тығыз жұмыс жүргізетін, олардың проблемаларын шешетін және қажетті арнаға жіберетін көп балалы аналардың өздері басқаратынын атап өтті.

 

«Бақытты отбасының» есігі әрдайым ашық, мұнда жаңа адамдарға, жаңа қатысушыларға, жаңа ұсыныстар мен идеяларға қуаныштымыз», - дейді ол.

 

 

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста