БАҚ өкілдері дағдарыстан шығу жолдарын талқылады

Қаржылық дағдарыс жағдайында қазақстандық медиа-нарық біраз кедергіге тап болған. Мәселен, БАҚ-та жарнамадан түсетін қаржы көлемі бірден 40 пайызға азайса, штаттағы қызметкерлер, дәлірек айтқанда, тілшілер – 15, жарнама бөлімінің қызметкерлері – 70 және әкімшілік қызметкерлер 20 пайызға қысқарыпты. Бұл мәліметтерді Алматыда өткен «Қазақстанның медиа-индустриясы дағдарыс жағдайында: қауіп-қатерлер мен шешімдер» атты екінші медиа-құрылтайда жетекші БАҚ өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар жария етті.

Жиында айтылғандай, қаржылық қиындыққа төтеп бере алмаған басылымдардың біразы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Осыған қарамастан, қатысушылардың біразы қаржы дағдарысының пайдалы жағының да бар екенін атап өтті. Олардың пікірінше, дағдарыс әлсіздердің жабылып, ірі масс-медиа өкілдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал еткен. Қазақстандық медиа-нарықтағы ірілі-ұсақты проблемаларды талқыға салған құрылтайға қатысушыларды алаңдатқан негізгі мәселелердің басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық жағдайына қатысты болды. Мәселен, қатысушылар тарапынан ақпарат құралдарын қосымша құн салығынан босату жөніндегі ұсыныстар мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс туралы сұрақтар көптеп түсті. Жиынға қатысқан ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаевтың айтуынша, үш жылдық бюджеттік жоспарлау саясаты барысында 2009-2012 жылдарға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа белгіленген қаржы көлемі қысқармайды.

Ғазиз ТЕЛЕБАЕВ, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі:
– Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа биыл қанша қаржы бөлінген болса, ол алдағы жылдары да сақталады. Әрине, егер еліміздің экономикалық жағдайы жақсаратын болса, Үкіметке оның көлемін арттыру жөніндегі ұсыныспен шығатын боламыз. Қазіргі уақытта маңыздысы – мемлекеттік тапсырысқа бөлінген қаржыны тиімді пайдалану. Сондықтан мемлекеттік ақпараттық тапсырыс байқаулары ашық түрде өтеді. Яғни оның жеңімпаздары және оларға бөлінген қаржы көлемі министрлік сайтында жарияланбақ. Бұл жерде БАҚ саны емес, сапасы бірінші орынға қойылып отыр. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс әлсіз БАҚ қолдаушысы болмауы тиіс.

Вице-министр БАҚ-тағы қазақтілді жарнама жайын да шет қалдырмады. Ақпарат құралдарының қарқынды дамуында жарнаманың алар орны ерекше екенін атап өткен ол қазақтілді ақпарат көздеріне қарағанда орыстілді БАҚ-қа деген сұраныс жоғары болғандықтан, жарнаманың 50 пайызының міндетті түрде мемлекеттік тілде берілуін талап ету керектігін айтты. Оның пікірінше, бұл мәселені заң жүзінде болмаса, нормативті құжат арқылы шешу қажет. Кешегі өткен форумда қарастырылған ақпарат кеңістігіндегі маңызды мәселелер мен ұсыныстар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданып, мемлекеттік БАҚ дамыту жолдарын дер кезінде талқылап отыру үшін журналистер қауымы осындай басқосуды жиі-жиі ұйымдастыруға уағдаласып тарқасты.

Ерлан БАЙЖАНОВ, «Арна-медиа» ұлттық ақпарат холдингінің басқарма төрағасы:
– Холдингті құрудағы басты мақсат мемлекеттік БАҚ-ты дамыту үшін экономикалық қатынастарды және корпоративті басқарудың заманауи әдістерін енгізу екені белгілі. Бүгінде мемлекеттік баспасөзде жүйелі ақпарат, электронды және мерзімді басылымдарда экономикалық тиімділік критерийлері жетіспейді. Сондықтан мемлекеттік ресурстарды бизнес саласына бағыттап, экономикалық критерийлер жайлы ойланатын уақыт жетті. Бүгінде ел Үкіметі мемлекеттік БАҚ-тың қарқынды дамуына жеткілікті қолдау көрсетуде. Биыл бұл салаға 24 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. БАҚ-тың техникалық қайта жарақтандырылуына және оның дамуына осынша ақша бөлген мемлекет оң нәтиже күтетіні белгілі. Алайда оны пайдалану жағы әлі де дұрыс жолға қойылмай отыр. Алдағы уақытта бұл жағдайдың түзелетініне сенеміз.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Бүгінде қазақ баспасөзі мен интернеті кеңес заманында қалыптасқан үрдістерден шыға алмай отыр. Оларды бизнес ретінде қалыптасты деудің өзі қиын. Қазақ басылымдарының көп болса 10-ы бизнес ретінде дамып жатқан шығар, қалғаны мемлекеттік тапсырыс, саяси партиялар не болмаса министрліктер қаржысына күнелтіп отыр. Тіпті «әйтеуір қазақтар ренжімесе болды» деген оймен шығып жатқан газет-журналдар да бар. Олар орыстілді басылымдардың қосымшасы іспетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста