Балиева неліктен қазақ әдебиетін ағылшынша оқу қажет екенін түсіндірді

Балиева неліктен қазақ әдебиетін ағылшынша оқу қажет екенін түсіндірді

Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева неліктен қазақ әдебиетін оқытқанда ағылшын тілінде де қолдану қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынған еді. Ал бүгін сол ойын тарқатып айтып, қазақ әдебиетін мектептерде екі тілде қазақ және ағылшын тілінде қатар беру керек деген пікірін жеткізді.

"Қазақ әдебиетін қазақ және ағылшын тілінде берсе, бала тілді еркін меңгереді. Мағынасын түсінетін болады. Ал қазір физика, биологияны ағылшынша оқып жатқанмен, түсініп жатқаны шамалы. «Абай жолын» қазақ тілінде оқуға ешкім тыйым салмайды. Мәселе – сабақты қазақ және ағылшын тілдерінде аралас беру турасында. Менің ойым балалар үш тілде емін-еркін сөйлесе екен деймін. Қазақ әдебиетін аралас берсе, олар сөздердің мағынасын ұғынып сөйлейді. Ертеңгі күні шетелге барған кезде, Абайдың өлеңдері, қара сөздерін ағылшын тілінде еркін жеткізетін болады", — дейді ол.
Зағипа Балиева балаларға әдебиетті екі тілде беру зиян тигізбейтінін айтты.

"Сондықтан, министрлік, ең алдымен екі тілді жетік меңгерген мұғалімдерді дайындауы керек", — деді Балиева.

Естеріңізге салып өтсек, Зағипа Балиева ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында оқушыларға қиынға соғатын жаратылыстану пәндерін емес, қазақ әдебиеті секілді гуманитарлық пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ұсынған еді.

"Бала пәнді ана тілінде әрең түсініп, 12%-ға ғана меңгерсе, онда ол ағылшын тілінде қалай оқиды? Онда оның пәнді игеру көрсеткіші бұдан да төмен деген сөз. Мүмкін, балалармен әңгімелесіп, қандай пәнді ағылшын тілінде оқыту керектігін өздерінен сұрау керек шығар. Бала ағылшынша сөйлеп, мағынасын түсініп үйренуі керек. Мүмкін, әдебиет немесе қазақ әдебиетін ағылшын тілінде берсек? Бәлкім, сол кезде оқушы оны түсініп, сол тілде сөйлейтін болады. Ал мына формулалар, Ом заңы оған өмірде түк те қажет емес. Біз техникалық мамандарды аз дайындаймыз. Әрі кетсе 5 пайыз ғана шығатын шығар", — деген еді Балиева.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста