Баланың биологиялық әкесін анықтауға байланысты арыздар неге көбейіп кетті?

Баланың биологиялық әкесін анықтауға байланысты арыздар неге көбейіп кетті?

Бүгінде ойнақтап жүріп от басып балалы болып қалып, не болмаса азаматтық некеде тұрып баланың әкесінен алимент өндіре алмай жүргендер жетерлік. «Баланың әкесі емеспін» деп бас тартатындар баршылық. Мұндай жағдайда мәселе шиеленісіп, сотқа дейін баратын жағдайлар жиілеп кеткені рас. Бейресми мәліметтерге сүйенсек құжатта көрсетілген әкесінен туылмаған балалардың саны 30 пайыздан асатын көрінеді.
Сондай-ақ заң органдары бүгінде әкелікті анықтауға арыз берушілердің саны артып отырғанын айтады. Баланың әкесін анықтау туралы генетикалық экспертиза әркезде де қымбат тұратын, азабы да көп, психологиялық тұрғыдан жазым беретін әдіс екені белгілі. Ол үшін сотқа шағымдану керек, ол ұзақ қаралатын процесс болғандықтан соған сай ұзақ күтуге тура келетін кездер де бар. Сараптама қорытындысы туралы құжатқа қол жеткізу де оңай емес. Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот органдарының араласумен жүзеге асып жатады. Бұл туралы «Неке және отбасы» туралы заңында егжей- тегжейлі жазылған. ҚР «Неке және отбасы» заңының 47 бабы бойынша некеге тұрмағандардың арасында дау туындаған жағдайда анасының арызы бойынша сотта қаралады. Азаматтық процессуалдық кодекстің 91 бабының 8 тармағы бойынша екі жақтің бірі тексеруден жалтарса, тексеруге қажетті материалдарды өткізуден бас тартса, осыған байланысты қиындықтар туындатса онда сот кімнің кінәлі екеніне қарамастан әкелікті тануға шешім шығара алады. Соттың экспертиза тағайындауын орындамағандар сотты құрметтемегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеруден өту үшін үштіктің құрамы толық болуы керек. Яғни әкесі, анасы, баласы үшеуі бірдей зертханаға анализ тапсырады. Оны медициналық тілмен Атрио деп атайды. Нақты биологиялық ата-аналық құрамы 99,90 пайыздан кем болмауы тиіс. Бүкіл әлемдік әкелікті анықтау индексі PI – 1 000-нан төмен болмауы тиіс. Әке мен баланың қанының құрамының ұқсастығы 99,75 пайыздан, ал әкелік PI индексі 400-ден кем болмауы қажет. Нәтиженің нақтылығы жоғары. Алайда кей жағдайда сот зертхананың қорытындысын шешуші дәлел ретінде қабылдамауы да мүмкін. Бүгінде мұндай зертханалар көп, бағасы да анау айтқандай аспанға ұшып кетпеген. Зертханалар көбіне анонимді түрде тексеру жүргізеді.

Шетелдерде қалай?
Елімізде заң шығарушы орган еркектерге ДНК-анализін тапсыру үшін анасынан рұқсат алуға тиым салған жоқ әзірге. Ал Германияда баланың анасының рұқсатынсыз және соттың шешімінсіз мұндай анализ алуға барған адамға 5 мың еуро айыппұл салынады. Зертхананың талабы бойынша баладан биоматериалдар алынады Яғни, сілекейі мен бірнеше тал шашы қажет. Егер тест баланың әкесі емес екенін анықтаған жағдайда ресейліктер не істейді? Әкелікті анықтауға байланысты дауласуға болатынын соқырға таяқ ұстатқандай үйретеді. Ол үшін Ресейде Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы арыздың үлгісі бойынша арыз жазуға болады. Сондай-ақ, мәселе ушығып сотқа дейін жеткен жағдайда кәсіби заңгер керек болады. Ол үшін «Ерлер қозғалысына» хабарласып заңгерлермен кеңесуге мүмкіндік бар. Ия, Ресейде осындай қозғалыс құрылған. Мұнда ер-азаматтардың түрлі мәселелерін шешімін табуға көмектеседі. Ал бізде мұндай ұйымдар атымен жоқ десе де болады... Кейде ДНК-тестің керегі болмай жатады. Мұндайда қан тобының таблицасы көмеке келеді. Ата-анасының қан тобы 1-ші топқа жатса, онда баланың қан тобы осыған сәйкес келуі мүмкін. Бала ата-анасынан бөлек басқа топпен туылмайды дейді дәрігерлер. Ресейде отбасылық кодексте егер баланың әкесі емес екендігін біле тұра некеге тұрып, кейіннен әкелігін анықтау туралы дауласса ол мүлдем қарауға жатпайды. Яғни ешуақытта да қанағаттандырылмайды. Сондай-ақ, ажырасқаннан кейін бала 300 тәуліктен кейін туылса бұрынғы күйеуінің атына жазылады. Біраз уақыт төленген алимент қайтарылмайды.

Еліміздегі зертханалар заманға сай ма?
Алғашқы сот молекулярлы-генетикалық зертхана 2001 жылы Алматыда ашылған болатын. Онда жыл сайын қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300-ден астам зерттеулер жүргізіледі. Ал, 2006 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында Қарағанды аймақтық бөлімшесі ашылған болатын. Онда екінші молекулярлы-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Мұнда соттар мен құқық қорғау органдарының кісі өлтіруді, ауыр дене жарақаттарын, зорлауды, балаларды ауыстыру, жоғалту, ұрлауды тергеу жүргізу кезінде сараптама жүргізеді. Соңғы әлетте осы сараптаманы талап етушілік бірнеше есеге артқан. Қазіргі уақытта сараптама әкелікті немесе аналықты анықтау сияқты азаматтық істерді шешуде де тиімді қолданылуда. Зертхана ДНК-ны анықтау мен зерттеуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ жуырда Шымкентте «Мегалаб» генетикалық зерттеу жүргізетін зертхана ашылды. Жоғары технологиямен жабдықталған орталықта бала туылмай тұрып жатырда жатқанында-ақ баланың әкесін анықтауға мүмкіндік бар. Бұрын ДНК анализін алу үшін тамырдан қан алу жеткілікті болатын. Бүгінде генетикалық тексеру жүргізудің ауқымы кеңейді. ДНК молекулаларын тексеру арқылы нақты ғылыми тұрғыда дәлелденген нәтижеге қол жеткізуге болады. Ол көптеген заңдық құжаттардың шешімін табуға көмек қолын созады.
Лана Кенжетаева, «Mega Lab» зертханасының бас директоры:
Медициналық лабораториямыз биохимиялық, химиялық зерттеулердің бәрін атқарады. Зертханамыз Германияның ең соңғы озық үлгідегі технологиясы бойынша жұмыс істейді. Сименс, Рош, Интерлаб компанияларының технологиясымен жабдықталған. «Халал» стандарты бойынша жұмыс істейміз.

Қаперге алар бір кеңес
Әкелікті анықтау үшін ДНК –тесті үйде де анықтауға болады. Бірақ ол заңды тұрғыда дәлелдеуге жатпайды. Заңды құжаттар түрлі құқықтық жағдайлар үшін аса қажет. Зертханалар берген заңды қорытындылар отбасылық құқын қорғау үшін, алимент төлеуді шешу үшін, баланы өз қарауында қалдыру үшін және көші қон-мәселесін шешу үшін ауадай қажет. Әкелікті анықтау 20 күнге созылады. Қорытындысын пошта, факс, электронды нұсқада алуға болады.

Нышанәлі Бекенов, адвокат:
- ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 46-бабында баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әкелігін анықтау АХАЖ органына баланың ата-анасының бірлесе арыз беруімен немесе анасы қайтыс болған, әрекет қабілеті жоқ деп танылған, тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, анасы ата-аналық құқықтан айырылған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімімен баланың әкесінің арызы арқылы, ал, келісімі болмаса соттың шешімімен белгіленетіндігі айтылған. Сондай-ақ, аталған заңның 47-бабында бала некеде тұрмайтын ата-анадан туылса, ата-анасының бірлесіп берген арызы болмаған жағдайда, әке болуды анықтау баланың ата-анасының біреуінің немесе қамқоршысының, сондай-ақ, бала кәмелетке толғаннан кейін өзінің немесе шешесінің арызы бойынша сот тәртібімен белгіленетіндігі нақтыланған. Сондай-ақ, осы заңның 178-бабында: «Әке болуды анықтауды тіркеу туралы арыз берушілердің таңдауы бойынша баланың ата-анасының бірінің тұрған жеріне орай АХАЖ органына, ал, әке болу сот шешімімен анықталған жағдайда – әке болуды анықтау туралы сот шешімі шығарылған жерге беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста