Баланың балабақшадағы жағдайы қалай?

Оңтүстікте демографиялық өсiм республика бойынша алдыңғы қатарда тұр. Еліміздегі әрбiр бесiншi сәби оңтүстiкте дүниеге келедi. Cондықтан күнгейде балабақшаларға кезек күту көбірек. Нақты мәліметтерге жүгінсек, Шымкент қаласында 189 балабақша бар. Оның 73-і мемлекеттік болса, 84-і – жекеменшік балабақшалар. Ал мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар саны – 32. Жалпы есеппен оңтүстікте 117 438 бүлдіршіннің 31 614-і бақшаға барады. Біз көбінде байқай бермейміз. Жас өскіннің дені-қарны сау болып өсуі үшін оған 6 шаршы метрден астам еркін қозғалатын өз кеңістігі болуы керек екен.
Мәселенің тағы бір ұшы балабақша­лардың қызметі, оның ішінде тамақтан­ды­ру мен жатын-орын басты назарда болуы керек. «Ас – адамның арқауы» де­мек­ші, жас сәбидің сау денелі өсіп-жетілуіне құнарлы азық ауадай қажет. Әрине, балабақша санының артуына байланысты қызмет көрсету түрінің де жақсара түсетіндігі белгілі. Шындығын­да, әр күні 5-6 сағатын сонда өткізетін ер­келер, тіпті олардың ата-аналары үшін басты сұраныс балабақша қызметі болып тұр. Арыға бармай-ақ, Шымша­һар­ды алар болсақ, балабақша кезегін­де тұр­ған­дар саны 30 мыңның үстінде екен. Ал мемлекеттік бақшаға үміт арта­тын­дар­дың шоғыры, ұзын-сонар кезек­тегі­лер­дің санын дөп басып айтудың өзі қиын. Мектепке дейiнгi мекемелерге де­ген сұ­ра­ныс жоғары. Бұрынғы бала­бақ­ша­лар­дың көпшiлiгi жекешелендiру нау­қа­нын­да арзан бағаға әлдеқашан саты­лып кет­кен. Республикалық және об­лыс­тық бюд­жеттен қаржыландыры­лып, салы­нып жат­қан балалар мекеме­ле­рi әлi де аз.
Осы түйткілдің күрмеуін шешу үшін оңтайлы шаралар да жоқ емес. Мәселен, бір ғана Сайрам ауданының өзінде қа­зы­на қаржысына қол жайып отыра бер­мей, игiлiктi iске бақуатты, қалталы азамат­тар мен белгiлi бизнесмендер кірісіп, мек­теп пен балабақша салынып та жатыр. Же­кеменшiк-мемлекеттiк се­рiк­тестiк негi­зiнде балабақшалар салу жағымды жа­ңа­лық ретiнде қолға алы­нып, кәсiпкер­лер­ге кеңiнен қолдау көр­се­тiле бастады. Мысалы, сайрамдық кәсіпкер Низамхан Сүлейменов соңғы үш жылда барлығы үш балабақша ашып үлгеріпті. Сайрам ауы­лында 70 мыңнан астам халық тұрады. Солардың 1 пайы­зы бөбекжай мен бала­бақшаға баратын сәбилер десек, олар­дың саны 7 мыңнан асады екен. Алып Ре­сейдiң өзiнде 600 жеткiншекке арнал­ған балабақша ғана бар. Ал бір ғана Сайрамдағы «Гүл Аста­на» балабақшасы 1000 бүлдiршiнге ар­нал­ған. Осындағы 3 балабақшаға бар­лығы 2 мыңдай сәби қамтылып, 300-ге жуық жұмыс орны ашыл­ды. Айтқандай, мұндай мектепке дейiнгi балалар ме­ке­месi Қазақстанда ғана емес, Орта Азия­да, тiптi ТМД мем­ле­кеттерiнде теңдесi жоқ болып шықты. Әри­не, қос қабатты әрi А және Б корпус­тарынан тұратын жаңа типтi балабақшаны салу кәсiпкер үшiн оңайға түспегенi анық. Балабақша ашу кәсiпкер үшiн ешқандай пайда әкел­мейдi. Мемлекет тарапынан әр ба­ла­ға 18 мыңнан төленетiнi рас.
Серiк ӘУЕСХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық бiлiм басқармасы басшысының орынбасары:
– Өңірдегі балабақша санының артуына байланысты толық қамтама­сыз ету жұмыстары жүргізілуде. Әри­не, өс­ке­лең ұрпақты тәрбиелеу iсiне келгенде, жекелеген кәсіпкер азамат­тардың да еңбегі ерен. Өз қаражатына білім ұясын салып жүрген халық қа­лау­лысы Низам­хан Сүлейменов сияқ­ты белсене арала­сып, әрқайсысы өз аудандары мен қала­ларында осылай­ша үлес қосса, өңiрiмiз­де «Балапан» бағ­дарламасының орын­да­лу дәрежесi арта түскен болар едi.

Дегенмен жағымды істің де кейбір кемшілік жақтары болатыны белгілі. Ша­һар­дағы жекеменшік балабақшалар­дың көбеюіне байланысты кейбіреулер шағын балабақшаларды көпқабатты үйлердің пәтерлерінде жасақтап, жұмыс істеуде. Ал ондай балабақшаларда ба­ла­лардың ойнауына арналған ойын ал­аң­дары болмайды. Әйтсе де бағасы ар­зандау болғасын, ол туралы талап та ес­ке­ріліп жатқан жоқ. Осылайша жеке­меншік балабақшалардың қарапайым талаптары да жолда қалып жатады. Мә­се­лен, кейбір балабақшалардың тамақ­та­ну­ға қажетті құрал-жабдықтар­дың әр ба­ланың есімдерімен, болмаса таңбала­нып, белгіленіп жатқаны көп емес. Тіпті тез бұзылатын тағамдардың дұрыс сақ­талмауы жиі тіркеледі. Бүгінгі таңда от­ба­сылық балабақша ашуға лицензия беруге денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі №571 «Мек­теп­ке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпиде­мио­логиялық талаптарды бекіту тура­лы» бұйрығы негіз бола алады. Санитар­лық ережелер мен нормалар толық сақ­талған жағдайда және «Білім беру қыз­метіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талапта­рын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қаулыға сәй­кес, отбасылық балабақшалар санитар­лық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өрт қауіпсіздігі ереже­сіне жауап беретін екі-үш қабатты ғима­раттарда ашылуы мүмкін. Алайда бюд­жет қаржысынан бөлек, жер-жердегi қалталы азаматтардың көмегiмен жеке­меншiк балабақшалар көптеп ашылуы қажетсінуді қамтамасыз етуде. Халық саны күн санап өсуде. Оның үстiне шет­тен келген қандастардың қатарға қосы­лып жатқаны, жағдайы нашар алыс елді мекендерден қалаға көшіріліп алып ке­лінген отбасылардың қаракөздері де жұрт қатарлы тәрбиеленуі керек.
Баян МҰСАЕВА, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша МСЭҚБ басшысының орынбасары:
– Жыл басынан бері аудан бойынша 31 балабақшада жоспарлы тексерулер жүр­гізілген. Оның 21-і – мемлекеттік ме­ке­ме. Мамандар жоспарлы тексеру­лер барысында бірқатар кемшіліктерді анықтады. Қазіргі таңда балабақшаларға қатысты ең өзекті мәселе – ондағы бала­лар тығыздығы. Балабақшалардағы сы­йым­дылық дәрежесі бүгінде 1,4%-ға ар­тып кеткен. Бұл мемлекеттік балабақ­ша­лардағы орын тапшылығына қатысты болып отыр. Бізде эпидемиологиялық көр­сеткіш бойынша, яғни аурушаңдық жағ­дайда, арыз-шағымдары негізінде, құ­зырлы органдардың сұраныс талабы­на сәйкес тексерулер жүргізілуі де мүм­кін.

Жалпы, мемлекетiмiздiң 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдар­ла­ма­сының жүзеге асып келе жатқанына биыл үшiншi жыл. Соңғы үш жылда бала саны – 76 002-ге, мектепке дейiнгi ұйым 734-ке артып, нәтижесiнде бүлдiршiн­дер­дi мектепке дейiнгi мекемелерге қамту көрсеткiшi 30,4 пайыздан 58,2 па­йызға жеттi. Яғни үш жылда 27,8 па­йыз­ға өсіпті. Ал лицензия берер алдында балабақшаның талаптар мен ереже­лер­ге сәйкестігі тексеріледі. Содан соң қала­лық білім беру бөлімі қорытынды шыға­рады. Қорытынды негізіне сәйкес, Эко­номика және бюджеттік жоспарлау бас­қармасы лицензия береді екен. Ал әр ата-ана ұр­пағының білімді, талапты бо­лып ер­жетуі үшін білім беру мекемесіне немесе тұр­ғылықты жердегі ХҚО-ға өті­ніш жа­зып, мектепке дейінгі білім беру бөліміне тіркелген соң ғана мемлекеттік балабақ­ша­да тәрбиелене алады. Мұнда басты назарға балабақша аумағы, бала­лар ойнайтын алаңқай, қоршалған алаңы қаншалықты таза екеніне назар аудар­ған жөн. Бүгінгі таңда республика аума­ғын­да әр бала үшін 7000-15 000 тең­ге аралы­ғын­да бекітілген. Міне, мем­ле­кеттік бала­бақшаның басты артықшылы­ғы – басқа­лармен салыстыр­ғанда баға­сы арзан. Сонымен қатар бірнеше же­ңіл­дік­тер де жоқ емес. Алайда кемшілігі – топтарда бала саны көп болады және әр балаға жеке көңіл бөлінбейді. Ал же­кеменшік балабақшасының кейбір ол­қылықтарын есепке алмағанда, бала са­нының аз бо­лып, онда дербес тамақ­тану мәзірі әзірле­ніп, балаларға барынша на­зар аудары­ла­ды. Мұндай балабақша­лар­дың қызметі өте қымбат, ал кей жағ­дайда ғимараты да тар болып келеді. Мі­не, дұрыс таңдау жа­сау үшін «мектеп­ке дейінгі білім беру стандартын» бас­шы­лыққа ала отырып, дұрыс шешім қа­былдаған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста