Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсынысты БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн.

Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр. Оның арасында Қазақстанның көршілері де бар. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерде де дене жарақатына тыйым салу маңызды болып отыр. Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуға жол бермеуіміз керек. Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз, – деді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен.

Ал полицейлер «балаларды түнгі уақытта көшеге жалғыз жібермеу керек» деп отыр. Тәртіп сақшыларының дерегінше, Қазақстанда жыл сайын көшеде беймезгіл жүрген 100 мыңнан астам жеткіншек полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Ал осы жылдың басынан бері үйлерінен тыс жерде жүрген 22 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ұсталыпты, деп жазады Almaty.tv.

Заңнамада түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағанды кіргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Биыл осындай 680 кәсіпкер жауапқа тартылды. Біз мұндай адамдарды Ішкі істер органдарының есебіне қоямыз, олармен профилактикалық жұмыс жүргіземіз, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Zakon.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста