Балаларды тұншықтырып, таяқпен ұрып-соққан орталықты полиция тексеріп жатыр

Балаларды тұншықтырып, таяқпен ұрып-соққан орталықты полиция тексеріп жатыр

Астанада жекеменшік орталықта балаларды көрпемен тұншықтырып, таяқпен ұрып-соққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

КТК арнасының мәліметінше, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жекеменшік орталық тәрбиешілерінің озбырлығын ата-аналар аяқасты байқап қалған. Әлеужеліде тараған бейнебақылау камерасының жазбасы көпшіліктің жағасын ұстатты.

Қолындағы шарасыз баланы бейнебір жансыз қуыршықтай жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті жұртты шошытты. Бірақ сіз бен біздің көргеніміз тек бер жағы дейді ата-аналар.

Тек екі күннің бейнебақылау жазбасын тексерген олар тіпті есеңгіреп қалыпты. Сөйтсе тәрбиешіден жапа шеккендердің саны аз емес екен. Оқиға ерекше қамқорлықтағы балаларға арналған «Балам-ай» деп аталатын жекеменшік орталықта болған.

Ата-ана Үміт Аханаева: «Біз сол кісілерге сендік. Аманат қылып, баламызды тапсырып кетеміз. Жақсы қарсы алады, күліп. «Сіздің қызыңыз бүгін тамақ жеді». «Сіздің қызыңыз бұлай нетті» деген. Сосын ата-аналар чатқа видеоны жібергенде менің қызым жерде жатқанын көріп, жүрегім ауырды. Бұл ерекше балалар болғаннан кейін бұларға ерекше қарау керек. Ерекше күтім керек. Мен «Асылым» деп атын айтқанның өзінде ол бетін жауып, әбден қорқып қалған», – дейді.
Осылайша, ерекше қамқорлықтағы перзенттерімізге аса ерекше қатыгездікпен қараған деген ата-аналар жағдайды жыларман күйде баяндады. «Балам-ай» орталығының бас директоры жәбірленуші ата-аналар полицияға шағымданғаннан кейін бір-ақ төбе көрсетті, бірақ, тіпті кешірім сұрауға жарамады дейді. Ал бұл жекеменшік орталықты жергілікті әкімдік қаржыландырады. Бірақ, оны түпкілікті жауып тастау біздің құзыретімізде емес дейді олар.

– «Жалпы «Балам-ай» жекеменшік орталығында шамамен 300 баладай бар. Қала бойынша бірнеше филиалы орналасқан. Жылына 190 миллион теңге бөлінеді. Сондықтан мониторинг үнемі жүргізіледі. Бірақ толыққанды тексеріс жүргізу біздің құзыретімізге кірмейді. Сондықтан түпкілікті жауып тастай да алмаймыз. Наразы ата-аналардың перзентін ерекше балаларға арналған мемлекеттік орталыққа көшіруге көмектесеміз. Жаңа орынды таңдап қойдық. Ата-аналарға ұнады», – дейді Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.
Ал әзірге үш тәрбиешіні жұмыстан шығарып жіберген. Сірә, бейнежазбаға түсіп қалған сол қызметшілер болса керек. Жалпы тәрбиешілердің тағдырын орталық басшыларының өзі шешеді дейді әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы.

«Балам-ай» деп аталатын жекеменшік мекеме әзір жұмысын жалғастырып жатыр. Басшылықтың айтуынша, мұнда күніне шамамен 50 шақты бала келеді екен. Орталықтың ішінде де мүлгіген тыныштық. Ештеңе болмағандай, күнделікті жұмыс жүріп жатыр. Бізді қарсы алған бөлімше меңгерушісі ашылған 13 жылда мұндай қатыгездік болған емес деп ақталды. Шағым түспеген соң бейнебақылау камерасын тексере бермейтінін де мойындады.

– «Бәріміз де анамыз. Бәріміздің балаларымыз бар. Сол жағдайды көріп жатырмын, сізге айтып жатырмын, болдырмас едім де. Бірден енді жұмыстан шығарып, басқа маман іздеп, шара қолданар едік деп жатырмын», – деп ақталды «Балам-ай» орталығының бөлім меңгерушісі Қаршыға Советқызы.
Ал балаға жансыз заттай қарап, ойына келгенін істеген тәрбиешілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

– «Алматы полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 140-бабымен қылмыстық іс қозғады. Іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды Олардың нәтижелсі бойынша кінәлі адамдарға қатысты қоладныстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады», – деді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.
Енді қатыгез тәрбиешілердің әрекетін құзырлы органдар тексереді. Жәбірленуші ата-аналар ұл-қызын басқа орталыққа ауыстырса да, кінәлілер жазасыз қалмаса екен дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста