Балалар хосписі қазақы қоғамға жат емес пе?

Ресей астанасы Мәскеу мен Украинаның бас қаласы Киевте орналасқан хоспис директорларының халықпен телефон арқылы болған сұхбаттарына көз жүгіртіп отырып, мына бір сұрақ-жауапты оқығанда, шыны керек, мерейіміз бір өсіп қалған еді: Киевтегі хоспистің жұмыс істеп жатқанына он жылға жуықтаса, осы уақыт аралығында орталықта бір ғана мұсылман жатыпты. «Мұсылмандар жақын туысын хосписке өткізбейді екен», – дейді соған байланысты орталық директоры Елизавета Глинки.
Тіпті ресейлік режиссер Сергей Вино­гра­довтың «Үлкен шаһар шам­дары» фильмінде жас журналист бір қалталы жанмен әңгімелесіп отыр­ған­да бизнесмен: «Мен өз елімде қарт­тарға орталық сал­дыр­ған едім. Ду­бай­ға сапа­рым­да со­ны­м­ды мақ­та­нып айтқа­нымда, олар мені жақ­тыр­май қалды. Сөйтсем, мұсыл­ман­дарда туы­­сын, жақын адамын, ата-ана­сын тағ­дыр тәлкегіне қалдыру ең үлкен күнә екен», – дейді. Міне, діні бөтен адам­дар тіпті қиялынан туған оқиғаның өзінде мұ­сыл­ман­дар­дың жақсы қа­сие­тін наси­хат­тап, соны үлгі етуге тырыс­қан.
Шынымен де, «Мұсылман – мұсыл­манның бауыры. Ол (бауырына) зұлымдық және сатқындық етпейді. Кім (бауы­ры­ның) шаруасына жәрдем етсе, Алла оның жәрдемшісі бола­ды. Ал кім (бауырының) дүниелік бір қай­ғы­сын сейілтсе, Алла оның қиямет күнгі қайғысын сейілтеді. Кім мұсыл­ман­ның айыбын жасырса, қиямет күні Алла оның айыбын жасырады» деп жазылған екен Құранда.
Жалпы, мұсылман болсын, басқа бол­сын, дәм-тұзы таусылып бара жат­қан жанды аранын ашып келе жатқан ажалмен бетпе-бет жалғыз қалдыру – барып тұрған опасыздық. Әсіресе қазақ үшін! Біздің қанымызға жат қа­сиет­тердің бірі – осы. Әрине, адам өмі­рі мәңгілік емес, әйтеуір бір жарық дүниемен қош айтысады. Біреу ерте, біреу кеш дегендей. Алай­да сондай өмір мен өлім арпа­лысып жатқан шақта кімге де дүниедегі ең жақын адам­дарының ыстық ықыласынан артық еш­те­ңе жоқ. Өкінішке қарай, мына қатал за­ман бізді де қатал болуға үйретті. Қазақ­стан­да алғаш хоспис ашыл­ған­да қо­ғам онша жылы қабақ та­ныта қой­ма­ған еді. Уақыт өте оған да еті­міз үйреніп, ем-домға көн­дік­пейтін дертке шалдыққандарды хос­пис­ке өткізе салу – қазір қалыпты жағдай. Біреу жұ­мы­сын алға тартады, біреу түрлі себеп­тер­ді айтады, әйтеуір, ар-ұят пен адам­гершілікті ысырыңқырап қоя­ды, ал оларды сөгіп жат­қандар да жоқтың қасы. Тіпті ғайбат­тау­ға қақы­мыз да жоқ сияқты. Оның үстіне, мойындау керек, кейбір ауыр халде жатқан нау­қастардың өздері еш­кімге масыл бол­ғысы келмей, сол бір аты құлаққа түрпідей тиетін хосписке өздері сұранады. Сөйте-сөйте, мұндай құбылыс та жат болудан қа­лыпты. Иә, осы сынды жат дүниелер біз­ден аулақ жүрсінші деп тілеп-ақ жүрген едік, енді балалар хосписі ашылды. Айта ке­тейік, балалар хосписін ашуға мұрындық бо­лып отырғандар «мұн­дай мекеме Ор­та­лық Азияда тұңғыш ашы­лып отыр» деп, бірінші болып қолға алған­дарын мақтан тұтатын сияқты. Орталық Азия елдері неге бұрын ойла­ма­ған? Өйткені басым бөлігі – мұсылман ел­дері. Ал мұсылман елдері мұндай меке­ме ашуды жөн санамаса керек.
Ал енді аталмыш мекемені өзіміздің қазақы ұлттық менталитетіміз тұрғыс­ы­нан саралап көрейікші. Қай ата-ана бауыр еті – баласын өмірі күн санап азайып, ажал­­дың тырнағына ілінгенде көзін жәу­ді­ретіп өзгенің қарауына тастап кетер екен? Қазақы орта мұндай тәуекелге бара қояр ма? Рас, бүкіл қоғам қарсы деуден аулақ­пыз. Пікір әртүрлі. Біреулер үзілді-кесілді қар­сы шығып, енді біреулер қолдап отыр. Балалар хосписі, аты айтып тұрғандай, тікелей балалар үшін ашылып жат­қан­дық­тан, оның пайдасы болсын, мейлі, зияны болсын, қалай әсер етсе де, оны бірінші сол балалардың өздері сез­і­не­ді. Сондықтан да психолог мамандарды әң­гімеге тарт­қан­ды жөн санадық.
Нәйлә ТОҚТАРҚЫЗЫ, профессор, меди­ци­на ғылымының докторы:
– Шыны керек, балалар хосписінің ашы­луы тосын жағдай болды. Әлбетте, орталықты ашқандардың ниетінің түзу болғанына дау жоқ. Алайда біз оған дайын емес едік. Моральдық жағынан айт­пағанда, ең алдымен, оған біздің елдің экономикалық жағдайы қазір­гіден әлдеқайда жоғары болуы керек-ті. Мәселен, орталыққа балалар үш ап­таға ғана жатқызылады. Одан кейін балалар қайта үйіне қайтады. Ал халі нашарласа, артынша ауруханаға орна­лас­тырады. Баланы осылай әрлі-берлі тасып жүру онсыз да қиналып жатқан бүлдіршіннің жүйкесіне кері әсер етпей қоймайды. Бұл орталық сонда не үшін ашылып отыр – ол жағы маған түсініксіз. Артық қыламыз деп тыртық қылып алып жүрмесек болды, әйтеуір. Тағы бір түйінді мәселе, біздің елде дәл ба­ла­лар хосписінде жұмыс істей алатын кәсіби психолог бар ма? Әзірге сау­сақ­пен санарлық. Ал ондай орталықта мін­детті түрде білікті, білімді психологтер саны жеткілікті болуы тиіс.

Жалпы айтсам, әрине, ауру болсын, сау болсын, қай бала үшін де ата-ананың аялы ала­қанынан, ең жақын туған-туыс­та­ры­ның қамқорлығынан және отба­сын­дағы жылудан артық дүние жоқ қой.
Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ қа­рас­ты «Иман» журналының бас редакторы:
– Өзге дін өкілдері үшін мұндай ор­та­лық қажет шығар. Ал біз сияқты та­би­ғатынан бауырмал, жанашыр қазақ­қа тіптен қажеті жоқ еді. Ауыр халде жат­қан балаларға көмектесіп, қол ұшын берудің басқа да жолдары толып жатыр емес пе?! Мұндай орталық қазір барлық жағынан тамаша болып көрін­генімен, жылдар өте бұрыс тәрбие беруі әбден мүмкін. Мәселен, жұ­мы­сын, болмаса басқа да шаруаларын ал­ға тартып, ба­ла­ларын сол жерге тас­тап кете баратын ата-аналар санын көбейтіп алсақ ше? Ұрпақтарымызды иман­ды­лық­қа тәр­биелейік деп жарғақ құлағымыз жас­тыққа тимей жүр­ге­ні­міз­де мұндайға жол болсын! Бұл – барып тұрған қаты­гездік.

Балалар хосписін ашу туралы бастама көтерген «Саламатты Азия» қоғамдық қорының президенті Нағима ПЛОХИХПЕН де хабарласқанды жөн көрген едік.
– Орталық, негізінен, қайырымды жан­дардың көмегімен қаржы­лан­ды­рыл­мақ. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы да қарап қалмады. Менің ойымша, мұндай хоспис еліміз­дің барлық аймағында ашылса, тіптен жақсы болар-ақ еді. Қазір емдеуге келмейтін дерті бар балалар орталықта аналарымен жатыр, – деді ол.
«Жаманның жұқпалы болып келетіні бар ғой, кейін баласын сіздерге тастап кететін жауапсыз ата-аналар қатарын көбей­тіп алсақ ше?» деген сауалымызға жауап беруден бас тартқан оны ол жағы алаңдатпайтын сияқты.
Оңғар қажы ӨМІРБЕК айтпақшы, «ауыр халде жатқан балаларға көмектесіп, қол ұшын берудің басқа да жолдары толып жатыр емес пе?!» Мәселен, әрбір жергілікті балалар ауруханаларынан бір-бір бөлімше ашып қоюға болады ғой. Хосписке ақша беруге дайын адамдар табылып жатыр екен, сол қаржыны ауруханаларға бөлсін. Ал хоспистің аты – хоспис. Оның кәдімгі ау­руханадан айырмашылығы айтар­лық­тай.
Біз балалар хосписін ашып отыр­ған­дар­дан қандай да бір жаман пиғыл іздеген жоқ­пыз, одан мүлде аулақпыз, тек айта­ры­мыз, уақыт өте қоғамға теріс тәрбие беріп алмаса етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста