Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс

Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс

Санитарлық нормаларды сақтамау балалардың науқастануына және ауру жұқтыруына әкеліп соқтаратыны жайлы көптеген ата-аналар ескере бермейді. Салдарынан емхана мен аурухана табалдырығын тоздырып, моралдық, материалдық шығын көреді. Ең бастысы бір науқастанған бала кейін аурушаң болып қалуы мүмкін.
Әрине батпандап кірген аурудың мысқылдап шығатыны ертеден белгілі. Ауырған бала организміндегі ағзалардың күнделікті қалыптасқан жұмыс тәртібі бұзылады. Және әрбір аурудан із қалады. Баланың бір ағзасы ауруға шалдықса қалған органдарға да ауыртпалық түседі. Себебі организміндегі барлық ағзалар бір-бірімен тығыз байланыста және олардың барлығы да жоғарғы жүйке жүйесінің немесе мидың тікелей басқаруымен ғана жүйелі жұмыс атқарады.

Айнур МОЛДАСЫН, № 3 «Алау» балалар санаториясындағы РМҚК-ның бас дәрігері:
- Балаларды аурудан қорғау үшін ой еңбегін дұрыс ұйымдастырып, мидың жүйелі жұмыс істеуіне көбірек көңіл бөлген жөн. Көпшілік ата-аналар бала организмде кез-келген ауруға қарсы күресетін табиғи күші бар екенін ескере бермейді. Әрбір организмнің әр түрлі ауруларға қарсы күресетін ерекше табиғи қабілеті болады. Тек сол күшті қалыпты сақтап, үнемі шыңдап отыру керек. Бойындағы табиғи күшті ауруға қарсы жұмылдырып, өз организміне билік жүргізіп үйрену - кез келген аурудың алдын алудың кілті. Бұл тәсіл медицина тілінде – адамның өзін-өзі шынықтыруы немесе тәрбиелеу тәсілі «Аутогенная тренировка» деп аталады. Егерде ата-аналар осы тәсілді дұрыс ұстанса, балаларын аурудан қорғай алады. Ол үшін күнде таңертен 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше баланы жүгіртіп, секіртіп, әртүрлі жаттығулар жасатып, соңынан үстіне салқын су құйып шынықтыруға болады.
Балаларды науқасқа шалдықтыратын тағы бір себеп – дұрыс тамақтанбау. Күнделікті өмірде кейбір ата-аналар, әсіресе әжелер балаларды күштеп, мөлшерден тыс тамақ жегізеді. Соның салдарынан балаларда физиологиялық ас қорыту немесе тамақты бойға сіңіру процесі бұзылады. Балада семіздік пайда болады. Өкінішке қарай, семіздіктің де дерт екенін кейбір ата-аналар әлі де түсінбей жүр. Сондықтан баланың тамақтануына аса мән берген жөн. Балалар тағамы құрамыны қарай жиі өзгертіліп отыруы керек.

Куляш ШЫНЫБАЕВА, № 3 «Алау» балалар санаториясындағы РМҚК мекемесінің меңгерушісі:
- Балалардың жиі ауыратын ауруының бірі – грипп. Организмінде витаминдер жетіспейтін балалар суық тигіш, грипп жұқтырғыш келеді. Жалпы грипптің белең алуына ауа райының құбылмалы болуы да әсер етеді. Қыс мезгілінде жылы ауа-райында грипп тез тарайды. Оның таралуына күннің жылы болуы, ауа ылғалдығы, ауа қысымының өзгерушеңдігі септігін тигізеді. Әсіресе ерте көктемде адамның қуаты кеміп, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, грипп жұқтырғыш келеді. Сондықтан да ондай мезгілдерде денсаулық күтіміне аса мән беріп, сақтанып жүру қажет.
Соңғы жылдардағы ауру-сырқаудың көбеюінің тағы бір себебі – экологияның бұзылуы. Бұл әсіресе балаларға қатты әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция қоршаған ортаның жағдайын өзгертті. Салдарынан гипертония, жүрек инфаркты, рак, қант диабеті, семіздік сияқты цивилизацияға тән аурулар пайда болады. Әртүрлі кемістікпен туатын, туа бітті аурулармен дүниеге келетін балалар саны артты. Әрине заман ағымынан артта қалуға болмайды, әйтсе де, экологияны сақтау үшін бар күш-жігіерді, қаржыны аямауымыз керек. Егер экологиялық нормаларды сақтамасақ, ауру көрсеткіші азаймайды.

Бір сөзбен айтқанда, әрбір ата-ана бала денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Санитарлық нормаларды сақтау, дер кезінде дәрігерлік тексеруден өткізіп тұру әрбір ата-ананың міндеті. Бала денсаулығы дұрыс болу үшін баланы күнде таза ауада қыдыртуды ұмытпағанымыз абзал.

Алматы қаласының деинфекция станциясы
РМҚК маманы К.К.Кардасинов

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста