Әжетханамен қамтуға әліміз келмей жатыр

Әжетхана туралы әңгіме қозғала қалса көбіміз көзімізді төмен салып, бір-бірімізге қарап мырс-мырс күле бастайтынымыз шындық. Ал басымызға «іс» түскенде, дұрысы дәрет қысқанда сол әжетхананы таппай қаланы шарлап кететініміз де өтірік емес.

Әжетхананың әлегі өткені соншалық, 2002 жылы жыл сайын дүнижеүзілік әжетхана күнін атап өтуге шешім қабылданыпты. Бұған себеп қазіргі кезде әлемде 2,5 млрд. адам, яғни жұмыр жер халқының 40 пайызы туалетті түсінде де көрмеген. Кәріз жүйесінің не екенін білмейді. Атап айтқанда африкалықтардың 70 пайызы, азиялықтардың 60 пайызы, Океания аймағы тұрғындарының 35 пайызы сөздің тура мағынасында үйінің алдына түзге отыра салады екен. Антисанитария жыл сайын тек Африка мен Азия құрлығында жүздеген мың адамның өмірін жалмауда. Эболаның кең етек жаюына да мұның үлесі мол.
Жақында Оңтүстік Африка Республикасында әжетхана жетіспеушілігіне наразы болған топ әрі – бері ағылған көлік жүргізушілеріне жалаңаш құйрықтарын көрсетеміз деп полициядан таяқ жеген. Үндістан халқының жартысы табиғи қажеттілікті көшеде өтеуге мәжбүр. Бұл, әсіресе, қыз-келіншектер үшін аса қауіпті. Санитарлық-гигиеналық тазалықты былай қойғанда, мұндай кездерде оларды зорлап кету оқиғалары жиілей түсетін көрінеді.
Әлемдегі әжетхана жетіспеушілігі Қазақстанды айналып өтті десеңіз қателесесіз. Әрине, Африка, Азия елдерімен салыстырғанда жағдайымыз тәуір, жеріміз кең дегендей... Дегенмен, қалалық жерде аяқ асты қысыла қалсаң баратын жер жоқтың қасы. Жеке дүкен, сауда орындары кіргізбейді, кафе-ресторандар клиенттеріне ғана «көмектеседі». Амал жоқ, шықпа жаным шықпа деп адам аяғы арылмайтын базарға қарай тартасың...Туалеттен тиын жасап отырған базар қожайындарына «алғысыңды» жаудырасың... Нарық заманында ол да дұрыс. Баяғы Рим императоры Веспасианның «Ақша сасымайды» деген қағидасымен табыс тауып отыр ғой олар да.
Алайда, осындайда елімізде қоғамдық әжетхана неге аз деген заңды сауал туындайды. Мәселен, Орал қаласында бірде-бір қоғамдық туалет бар дегенді естімеппін. Базардың бағытын білетін ауылдағы ағайынға ештеңе емес, өзге өңірден, тіпті басқа мемлекеттен келген адам қысылса қайтпек? Еске түскен бір жайт төңірегінде айтайық. Сонау жылдары Оралға іссапармен келген ресейлік бір азамат полицейлердің қолына түсті. Қала көшелерінің бірінде тал-теректің түбінде зәр сындырып тұрған жерінен ұсталыпты. Өзінің айтуынша, келе жатып бірнеше жерге бас сұққан, әжетханаға кіргізуін өтінген. Бірақ, ешбірі рұқсат бермегесін жаңағыдай қадамға барған. Рас, заң бұған жол бермейді. Әлгі азаматқа әкімшілік айыппұл салынды, БАҚ арқылы ел-жұртқа есімі танылып, есекке теріс мінгізілді. Алайда, оның басындағы жағдай жергілікті билікті одан әрі толғандырған жоқ. Шындығында бұған көшеде дәрет сындырған шетелдік емес, қоғамдық әжетханамен қамтамасыз ете алмаған қала билігі ұялуы керек еді. Тазалық сақтайық деп ұрандағанда сол тазалықтың бір кепілі туалет екендігін еске алмайтынымыз қызық.
Туалет таба алмағандар әлі де қала көшелерін былғап жүр. Әсіресе, кейбір сыра дүкендерінің маңы қолқаны қабатын сасық иістен көз аштырмайды. «Сыраны ішуге болмайды, тек сатамыз» деп сыртына әдемілеп жазып қойғанымен, ішінде ішемін десең тап бір қарсы болып жатырған жан баласы жоқ. Дүкен болғасын әжетхана қарастырылмаған. «Сары» сусынды ішкен адам қайда барады? Баратын жері тағы белгілі. Тал-теректің түбі, үйдің маңы, балконның асты, тағы сол сияқтылар.

Самат, көпқабатты үйдің тұрғыны:
- Мына мәселе өте оңды көтеріліп отыр. Мен тұратын үйдің қарсы бетінде сыра сататын дүкен орналасқан. Бұл дүкен таңғы жетіден түнгі он екіге дейін жұмыс істейді. Келіп-кетушілерде тыным жоқ. Ерінбей санап отырып бір күн ішінде 150 – дей адамның кіріп-шыққанына куә болдым. Олар сыраларын алып кетіп қалса жақсы ғой, көпшілігі соның ішінде тұрып сағаттап ішеді. Сосын туалет іздеп біздің үйді жағалайды. Балконның түбінде тұрып алып ойларына келгенді істейді. Боқтап, балағаттап үлкендердің, балалардың берекесін алады. Менің ұсынысым- мұндай жерлерде сыра ішуге тиым салып, қоғамдық туалет ашу жайын шешу керек.

Жамал әжей, қала тұрғыны:
- Әбілқайыр даңғылы бойында тұрамын. Бұл қаладағы ең үлкен көшелердің бірі. Ал осының бойында бірде-бір туалет жоқ. Мені қойшы, пәтерім бар. Ауылдан келген үлкен қарияларға қиын емес пе? Жазатайым қысыла қалса олар қайда барады? Әкімдік осы жағын ойластырып, қоғамдық туалет мәселесін шешкені дұрыс деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста