Азаматтың айрықша сыйы

Қазанның 4-күні Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығы Қобда ауылында көпфункционалды 150 орындық «Нұрлы болашақ» балабақша­сының ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімінің «Көркейе бер, туған жер!» акциясының аясында «Алтын қыран» компа­ниялар тобының қаржы­сына салынған нысан мемлекет меншігіне беріліп, салтанатқа жиналған ел-жұрт кәсіпкер Исламбек Салжанов­қа өз алғыс­тарын білдірді.
Облыс орталығынан жүз шақырым шалғайда орналасқан Қобда ауылының бұл қуанышына Архимед Мұхамбетов бастаған облыс атқамінерлері мен Астана­дан ат арылтып жеткен Парламент Мәжі­лісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақыт­жан Ертаев, сенаторлар Елеусін Сағын­дықов пен Серік Нөгербеков, Прези­дент Әкімшілігінің өкілі Қалдыбек Байым­бетов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірах­манов пен Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин мырзалар қатысты. Жергілікті халықтың қуанышын еселеп, ауылдың ажары мен базарына айналған ғимараттың сырты қандай әдемі болса, іші де сондай сұлулық пен жылу­лыққа толы екенін ауыл адамдарынан бұрын қадірменді қонақтар бірінші тілге тиек етті. Мысалы, осы облысты бірнеше жыл басқарған Елеусін Сағындықов мырза өз сөзінде компьютерлік техникамен жабдықталған мұндай балабақшаның ауыл түгіл, қалада да сирек кездесетінін айтып, өз таңданысын жасырмаса, генерал Бақытжан Ертаев ағамыз: «Ол мұндай бала­бақшаны Ақтөбеге, иә болмаса Аста­­­наға салса да болар еді. Жоқ, ол елін ойла­ды, болашақты ойлады, ел­дің батасын, тілегін ойлап, осында салып отыр. Ислам­бек осы ауылда туып-өсті. Осы елден шықты. Ала­қан­дай еліне жақсылық жасап жатыр енді. Елдің тілегін орындап жатыр. Ал елдің тілегін орындаудан артық іс жоқ», – деп көргенді толғандыратын, естігенді ой­лан­дыратын аталы сөз айтты. Елдің ри­за­лығын алу, расында да, оңай шаруа емес. Бірақ «Алтын қыран» компаниялар тобы бір жыл ішінде тұрғызған, жалпы құны 450 миллион теңгеге жетеқабыл «Нұрлы болашақ» балабақшасының елді риза қылатындай бірнеше ерекшелігі бар екені де рас. Оның біріншісі аталмыш нысанның кірпішінен бастап, есік-тере­зесіне дейінгі бар­лық құрал-жабдықтары Батыс Еуропа, Ресей және Украина елдерінен алынғанды­ғы болса, екінші ерекшелігі – мұндағы әрлеу жұмыстары­ның барлығын еуропа­лық мамандар халық­аралық стандартқа сай етіп жүргізген. Бұл балабақшаны өзге­лер­ден озық қып тұрған және бір ерек­ше­лігі – оның материалдық базасы. Балабақ­ша меңгерушісі Жұмазия Ертілеуованың айтуынша, балабақша жаңа инновациялық технологиямен қамтамасыз етілген. Екі ере­­сектер тобы мен музыка залында ин­тер­ак­тивті тақта бар. Балабақша тұтас Wi-Fi жүйесіне қосылған. I-PAD және E-BLOCKS бағдар­ламаларымен жұмыс істейтін балалар сан мен әріптерді қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерінде айтып-жазуға үйрен­се, рухани-патриоттық сана-сезімді тәр­бие­леу мақсатында сатып алынған «Дана­лық әліппесі» жобасы халықтық туынды­ларды балаларға электрондық дыбыстау арқылы жеткізбек. Әлбетте, балабақшаның барлық ерекшеліктерін шағын мақалада айтып тауысу мүмкін емес. Тек бізді қуант­қан тағы бір жайт, кәсіпкер азамат «салып бер­дім, болды» принципін ұстанбай, балабақшаға алынатын қызметкерлер мен тәрбиешілер­дің барлығын арнайы конкурс арқылы қа­былдап, оларды Ақтөбе мен Астана қала­ларында арнайы даярлықтан өткізгендігі. Балабақша меңгерушісіне үй сатып әперіп, оны жаңа көлікпен қамтама­сыз еткендігі.

«Мен бүгін қатты толқып тұрмын. Көптен бері туған жерге қандай сыйлық жасаған дұрыс болады деген ойда жүр едім. «Көркейе бер, туған жер» акциясы менің ойымды іске асыруға жетелеген бастама болды. Әртүрлі жобалар туралы ойландым. Бірақ ең дұрысы балабақша салу деген тоқтамға келгенімде, менің бұл идеямды қобдалықтардың тілегі де нықтай түсті. Бала – біздің жарқын бола­ша­ғымыз. Сондықтан балаларға дұрыс тәрбие бере білу, уақыт талабына жауап беретін білімді сіңіру – біздің басты міндетіміз. Ауыл балаларының игілігі үшін жаңа балабақша салып, оны мемлекеттік орган меншігіне тегін тапсыру менің туған өлкем алдындағы азаматтық парызым болатын. Оны орындап, өзімді иығымнан жүк түскендей жеңіл сезініп тұрмын», – деп журналистерге сұхбат берген Исламбек Салжановты ұлтжанды азамат демеске амалың жоқ. Былтыр Моңғолиядағы қазақ мектебінің күрделі жөндеу жұмысына қол ұшын берген арда азаматтың қазақтың қай баласына да бірдей қарайтындығын өмір өзі көрсетіп отыр. Биыл 20 жылдығын тойлап отырған «Алтын қыран» компания­лар тобының туған ел мен туған жерге деген қамқорлығы, әлбетте, мұнымен тоқтап қалмасы анық. Тек осындай сауабы мол, шарапаты зор ұлағатты шаруалар өзге кәсіпкерлерге де үлгі болып, елім-жерім дейтін өзге азаматтарға да жұғысты болса деген тілек біздікі. Әйтпесе Елбасы­мыз айтпақшы, біздің өңірлердегі мың­даған нысан қаржы салуды қажет етеді. Біз қазір соңғы жылдары кәсіпкерлеріміз қан­ша мешіт, шағын шіркеулер мен ғибадат­хана­лар салғанын санап бере аламыз. Алайда, мәселен, өз есебінен ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысын немесе жөндеу жұ­мысын жүргізу, жаңа өлкетану мұражайын, жастарға арналған аула клубтары немесе спорттық алаңдар салу – мейлінше сирек бо­латын жағдай. Біз осын­дай қызметті ынталандыруға тиіспіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста