Автотұрақтың өзі жоқ, заңы бар...

Елімізде автотұрақтар мәселесі бұрыннан күрделі еді. Мәселенің күрделенгені соншалық елімізде заңсыз автотұрақтар да қаптаған. Оның заңсыз екенін білгенімен көлік жүргізушілері де, тиісті орындар да заңдылықты қадағалауға қауқарсыз еді. Өйткені арнайы салынған көлік тұрақтары жеткіліксіз болатын. Алайда жақында «Жол ережесі туралы» заңға тұрақтарға қатысты тәртіптің енгізілуі бұл мәселені тіпті күрделендіріп жіберді. О баста арнайы тұрақ белгісі жоқ жерге көлік қаңтаруға тыйым салатын заң күшіне енгізілгенімен енді елімізде автотұрақтардың жеткіліксіздігіне байланысты жол сақшыларының өздері жүргізушілерден заңды бұза беруге рұқсат беруге мәжбүр болып отыр. Күшіне бес-ақ күн енген заңды кері шегінуге мәжбүр еткен не жағдай?
Жаңадан күшіне енгізілген заң бойынша арнайы тұрақ белгісі бар жер болмаса, көлікті кез-келген жерге тастап кетуге қатаң тыйым салынған еді. Құжаттағы шикілік сол сәтте-ақ көлік жүргізушілерінің қарсылығын тудырды. Өйткені үлкен қалалардың өзінде тұрақ белгісі бар көшелер санаулы-ақ. Заңға бағынса жүргізушілер жоқ тұрақты іздеп, жол жиегіне тоқтай алмай, сенделіп жүруі тиіс болатын. Сонда заңды қабылдамай тұрып Ішкі істер министрлігі, парламенттің қос палатасының депутаттары еліміздегі көлік тұрақтарының санын есепке алмағаны ма? Жоқ тұраққа заң қабылдап отырғанын түсінбегені ме?!
Басқа қаланы айтпағанның өзінде бас қаламыз елорданың өзінде «П» деген белгі саусақпен санарлық. Тіпті көлік ағыны көп Астананың орталық көшелерінде де тұрақтар салынбаған. Сондықтан жүргізушілер еріксіз темір тұлпарларын көшеге, жол жиегіне қалдыруға мәжбүр.

Ерлан ӘЛІМБАЕВ, заңгер:
– Заң шығару кезінде мұндай келеңсіздіктерге жол беру азаматтардың заңды сыйламауына, келекшекте заңға бағынбауына алып келеді. О баста заңмен қатаң тыйым салып, кейін заңды бұза бер деп рұқсат беру не сұмдық?! Мұндай заңды дайындаған министрлік жоқ тұраққа заң жазып отырғанын түсінбегені ме? Әуелі халыққа жағдай жасап көлік тұрақтарының санын көбейтіп алмай тұрып, халыққа көліктерін тек тұрақтарға қаңтаруға пәрмен бергендерді заңды сыйламағаны үшін жауапқа тарту керек.
Дәл қазір еліміздегі көлік жүргізушілеріне әзірге заңды бұза беруге рұқсат. Яғни әзірге тұраққа қатысты айыппұл салынбайтын болды. Ішкі істер министрлігі бұл туралы Бас прокуратуға ұсыныс жіберіп те қойыпты. Дәл қазір Алматы қаласында 87 уақытша көлік тұрағы жұмыс істейді екен. Бірақ олар сұранысты өтеуге мүлде аздық етіп отыр. Сондықтан келер жылы олардың санын 300-ден арттыру жоспарланып отырған көрінеді. Жалпы елімізде соңғы бес жылда автокөліктер саны 1,6 миллионға көбейген. Яғни 2,5 миллионан 4,1 миллионға дейін артқан. Кеңестік кезеңде автомобилизацияның есептік деңгейі бойынша 1000 тұрғынға 60 автокөліктен келетін. Ал бүгінде 1000 тұрғынға 240 автокөліктен келіп отыр. Яғни көлік санының еселеп артқанын ескеріп, олар тұратын тұрақты да көбейту керек. Өйткені Алматының 1000 тұрғынын қамтыған зерттеуден белгілі болғандай, көлік иелерінің 80 пайызы көліктерін көшеде, жүргіншілер жолында қалдырады екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста