Ауыл әйелдерінің әлеуметтік мәртебесін айқындау қажет пе?

Ауыл әйелдерінің әлеуметтік мәртебесін айқындау қажет пе?

Меруерт ҚАЗБЕКОВА, «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

– Қазіргі кезде қай әйелдің де жағдайы мейлінше күрделі. Әйел халқының 48 пайызы ауылда тұрады. Бірақ ауыл әйелдеріне арнайы әлеуметтік мәртебе бергеннен олардың мәселесі шешілсе, мен қуанар едім, өкінішке қарай, гәп басқада. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін халықтың әлеуметтік мәселелерін тұтас алып қарастырып, жағдайды түбегейлі өзгерткен жөн. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, шағын несие беру, жұмыс орындарын ашу, мәдениетті дамыту сияқты түрлі түйткілдерді шешу аталған мәселелерден көп зардап шегетін ауыл әйелінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Соның ішінде, ауылдағы көпбалалы әйелдер – мемлекеттің қамқорлығынан ажырамауы тиіс айрықша категория. Балаларын лайықты тәрбиелеп өсіруі, оқытуы үшін оларға барлық уақытта қолайлы жағдай жасалуы қажет.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Меніңше, қазіргі уақытта «ауыл әйелдері» деген санатты айқындаудың қажеттілігі жоқ сияқты. Өйткені мемлекет тарапынан қалада тұратынға да, ауылда тұратын әйел атаулыға да бірдей қолдау көрсетіліп жатыр. Тіпті кейбір жағдайда ауыл әйелдерін бөліп қарастыру оларды кемсіткен сықылды болып көрініп, көңілдеріне тиюі мүмкін. Өзім ауылдан шыққанмын, мысалы, маған «ауыл әйелі» десе, ренжіп қалар едім. Бірақ қала мен ауыл арасында айырмашылық бары рас. Әсіресе, білім беру сапасы әртүрлі. Мұндай жағдай Үкімет тарапынан ескеріліп, ауыл балаларына оқуға түсерде әдейі квота беріліп жатыр. Сондай-ақ ауызсумен қамту жағынан ауыл тұрғындарына көмек берілгені дұрыс. Бірақ әйелдерді тұратын мекендеріне қарап бөлу дұрыс емес сияқты. Ауылдың да, қаланың да өз ерекшеліктері бар. Қазір кәсіпкерлердің 40 пайызы – әйелдер. «Бизнестің жол картасы – 2020» жобасы бойынша, кәсіпкерлікпен айналысатын ауыл әйелдеріне көмек көрсетілуде. Осыны пайдаланып, әйелдеріміздің бие сауып, қымыз, құрт-ірімшік өндіру сияқты пайдалы да табысты істермен айналысуына бар жағдай жасалған.

Алтай Тайжанов, философия ғылымының докторы, профессор:

– Әрине, «ауыл әйелдері» деген арнайы мәртебе беру, «ол әйелдердің мүмкіндігі шектеулі, төмен санатты» деген сияқты түсінік қалыптастыруы ықтимал. Бірақ біздің қоғамымызда ауыл мен қала өмірі тең емес. Ауылда жұмыс аз, мүмкіндік төмен. Бұл – ауыл әйелінің кемшілігі емес, бұл кезінде ауылға көңіл бөлмеген жоғары лауазымды шенеуніктердің қырсыздығының кесірінен қалыптасқан жағдай. Сондықтан ауыл әйелдерін әлеуметтік қорғауға алу мәселесінің екінші жағы – оларды төменшіктетіп алу қаупі туындап отыр. Бұрын Кеңес үкіметі Қазақстан мен Қырғызстанда «ЖенПИ» ашып, сонысымен шығыс әйелдерін сауатсыз етіп көрсеткісі келді де, ақыры Ресейде «ойбай, қазақ әйелдері қараңғы екен» деген түсінік қалыптасты. Сол себепті, оларға «ауыл әйелдері» деген арнайы мәртебе беруді өз басым қолдамаймын. Дей тұрғанмен, ауылдағы әйелдерге әлеуметтік қамқорлық қажет екені рас.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста