Ақтөбелік дәрігерлер Үкіметтің көмегіне жүгінуді жөн санап отыр. Олар ҚР «Халық денсаулығы, денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексіне өзгертулер енгізуді талап етпек. «Екпе қабылдамаған балалар балабақшаға, мектепке жіберілмесін», – дейді эпидемиологтер.
Мұндай мазмұндағы хат мәжілісмендер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданып та үлгерілді. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Клара Омарованың айтуынша, облыста бүгінде қатерлі дертке қарсы берілетін екпелерді қабылдамаған 200 бала бар.
«Бұл жағдай соңғы жарты жылдан бері өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Оның үстіне күн өткен сайын «Діннің талаптарына қарсы» дейтіндердің қатары артып барады. Қазір еш шарасызбыз, себебі – заң солардың жағында. Адамның ағзасына оның рұқсатынсыз екпе жұмыстары жүргізілмеуі керек. Сондықтан біздің үкіметтегілерге инфекцияларға қарсы екпе жасатпаған балаларды балабақшаға, мектепке қабылдамау туралы ұсынысымыз қабылданса, заңды құжаттар қатарына енгізілсе деп отырмыз», – дейді К.Омарова.
Облыстың бас имамы Әбдімүталі Дәуренбеков бұл жайттан құлағдар екенін және мешіттің екі қызметкері егілуге қарсы ата-аналармен әңгімелесуге, оның адам денсаулығы үшін маңызды екендігін түсіндіруге жібергенін айтты.
«Исламда ем қабылдама, егілмеуге болмайды» делінбеген. Күллі мұсылман құлшылылық етуге Меккеге барғанда Араб елі мұсылманның қауіпті дертке қарсы егілген-егілмегендігін растайтын құжаттарын талап етеді. Халық осыны түсінуі керек. Түсіндіру жұмыстарынан кейін алты ата-ана райынан қайтып, сәбиін ектірген», – дейді Ақтөбенің бас имамы.
Дәрігерлердің дабыл қағатындай жөні бар. Екпе жұмыстары дұрыс жүргізілмесе, бес жылдан соң қатерлі ауру дендеп кету қаупі төніп тұр.
Ауруын жасырған өледі
Последние статьи автора