Ауру – астан

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне қарағанда, аурулардың 80 пайызы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты. Жыл сайын әлемде 3 миллион адам сапасыз азық-түліктен, 3 миллион адам семіздік пен артық салмақтан қайтыс болатын көрінеді.
«Ауру – астан, дау – қарындастан» дегенді кімнің, қай уақытта айтқаны бізге белгісіз. Жұрт­шылық арасында қолданыста жүргеніне көп уақыт өткеніне қарамастан, алайда, одан тағылым алушылардың әлі күнге дейін аздығы көңіл қынжылтатын жайт. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» (Артур Шопенгауэр) екенін білсек те, білмеген кейіп көрсетеміз. Өйткені, біреулеріміз артық салмақтан, екіншілеріміз сапасыз азық-түліктен зиян шегіп жүрміз.
Олардың ішінде қазақстандықтар да аз емес. Өйткені, тамақтан улануға қатысты деректер елімізде жыл өткен сайын өспесе, кеміп жатқан жоқ. Сарапшылардың анықтауынша, қазір бір елдің өнімінің ішінде кем дегенде 10 мемлекеттің қоспасы болады екен. Олардың қалай және қандай жолмен әзірленгенін ешкім айта алмайды. Жасанды жолмен алынған және құрамы түрлі алмастырғыш қоспалардан әзірленген мұндай өнімдердің пайдасынан зияны басым екенін мамандар да айтып, жазып жүр.
Қазақ тағамтану академиясының 2014 жылы жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне қарағанда ересек тұрғындардың жартысынан астамы (әйелдердің 55,5 %, ерлердің 49,2 %) артық дене салмағы мен семіздіктің зардабын тартып отыр. Ал артық дене салмағының адам өмірінің ұзақтығын орта есеппен 7 жылға қысқартатындығы ғылымда әлдеқашан дәлелденген жайт.
Шын мәнінде, бізге берілген ғұмыр қысқа емес, оны өзіміз қысқартамыз. «Адам жүз жыл жасай алады. Біз өзіміздің күйгелектігімізбен, өзіміздің тәртіпсіздігімізбен, өзіміздің ағ­замызға бейберекет қарауымызбен осынау қалыпты мерзімді анағұрлым азайтып аламыз» (Иван Павлов). Сондықтан, саламатты өмір салтын әрбір адамның өз отбасында ғана емес, балабақша мен мектеп қабырғасында жалғастырып, күнделікті дағдыға айналдыруына айрықша көңіл аудару керек. Бұл үшін білім беру мекемелерін арнайы әдебиеттермен, әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
журналист.
АЛМАТЫ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста