Аудандық автомектептер талапқа сай ма?

Соңғы жылдары елімізде жол-көлік апаты жиілеп кетті. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жылына үш мыңға тарта адам жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болып, 15 мыңнан аса адам түрлі дене жарақаттарын алады екен. Әсіресе, Оңтүстік өңір жол апаттары жөнінен республика бойынша алдыңғы қатарда тұр. «Бұған басты себеп, әсіресе аудандағы жұртшылық арнайы жүргізушілер даярлайтын автомектептерде оқымай-ақ жүргізуші куәлігін сатып алуында», – дейді Алматының кейбір жол сақшылары. Шынында да солай ма? Жалпы аудандағы автомектептердің материалдық-техникалық базасы қандай дәрежеде? Аудан халқы жүргізуші куәлігін қалай алады екен? Осыларды білу мақсатында біз арнайы Түркістан қаласына барып, ауданаралық автокөлік тіркеу және емтихан қабылдау бөлімшесінің жұмыстарымен танысып қайтқан едік.


Мирлан ТӨРЕГЕЛДИЕВ, Түркістан қалалық автокөлік тіркеу және емтихан қабылдау бөлімшесінің бастығы, полиция майоры:
—Жүргізуші куә­лігін сатып алуға болады деген жаң­сақ пікір. Ол мүмкін де емес. Себебі жүр­гізуші куәлігін алуға міндетті түрде емтихан тап­­сырар­да оның «авто­мек­тепте оқыды» деген сер­тификат құжаты болуы қажет. Оның үстіне, емтихан тап­сырарда авто­мектептің басшылары да комиссия мүшесі болып отырады. Сондықтан мұндай пікірмен келіспеймін. Жалпы Түркістанда жүргізуші мамандарын дайындайтын сегіз оқу мекемесі тір­келген. Олардың жұмысы үнемі тек­се­ріліп тұрады. Талапқа сай болмаған төртеуі жабылды. Астанадан және облыс орталығынан келген комиссия мүшелері «Тұран Береке» автомектебінің материалдық базасы мен техникалық жабдықталуы барлық талап­тарға сай екендігін анықтады.Шынында да, қалада көлік саны жыл сайын артып келеді. Бір үйде бір емес, екі-үш көлік­тен бар. Алайда жол-көлік апатының көбеюі жүргізушілердің біліксіздігінен емес, оған әсер ететін басқа да фак­торлар жетіп-артылады. Мәселен, қала жолдары өте тар. Жол тарлық еткеннен кейін жүргізуші қарсы бетке шығуға мәжбүр болады. Мұның бәрі айналып келгенде, жол апатын тудыруға себепші болып жатады. Сонымен қатар  жүр­гізуші куәлігін жаңа алған жастар ғана емес, егде тартқан, 30-40 жыл көлік жүргізуде тәжірибесі бар адамдар да көлік апатына ұшырап жатады. Сон­дықтан жүргізуші куәлігін кім көрінген алып, жол-көлік оқиғалары көбейіп кетті деген дұрыс емес. Оның үстіне, «апат айтып келмейтінін» де ұмыт­пағанымыз жөн шығар.
Қалада жыл сайын жүргізуші куәлігін алатындар саны көбейіп келеді екен. 2011 жылдың басынан бері мұнда 3761 адамға жүргізуші куәлігі берілген. В категориясын алатындар автомектепте үш ай оқыса, ал В,С категориясын алатындар бес ай оқитын көрінеді. Сосын автомектепте оқығаны жайлы куәлігі мен СТН (РНН), жеке куәлігін қалалық автокөлік тіркеу және емтихан қабылдау бөлімшесіне өткізіп, суретке түсіп, емтихан тапсырады. Егер 40 сұрақтан 33-іне дұрыс жауап берсе, онда қанағат­танарлық баға алып, оның құжаттарын облыс орталығына жібереді. Бір айдан соң, жүргізуші куәлігі дайын болады екен.
«Жүргізуші куәлігін сатып алуға бола ма, болмай ма?» деген сұрақтың анық-қанығын білу үшін қалалық жүргізушілер даярлайтын автомектеп мамандарынан да сұрастырған едік.
Досым АЯПБЕКОВ, «Тұран-Береке» автомектебі директорының орынбасары:
– Ол мүмкін емес. Егер көлік жүргізу ережелерін біздің мектептен үйренген адамдар көлік апатына көптеп ұшырап жатса, айналып келгенде, ол біздің абы­ройы­мызға сын болады. Сондықтан біз өзіміз де оған жол бермейміз. Жал­пы біздің мекемеде 15 мұғалім мен 15 нұс­қаушы жұмыс істейді. Ма­териалдық-техникалық базамыз заман талаптарына сай жабдықталған. Үлкен авто­дромы­мыз бар. Мұғалімдеріміздің басым көбі – егде тартқан ағалар. Олардың көлік жүргізудегі тәжірибесі мол әрі оны жастарға үйретуден жалықпайды. Авто­мектеп 25 көлікпен қамтылған. Жүк көлігі мен автобустан өзге жеңіл көліктердің барлығы «иномарка­лар». Бұрын олардың жанар-жағар­майына бюджеттен қаржы бөлінетін. Қазір олай емес. Сондықтан В,С категориясын алғысы келетіндерге талап бойынша 48 сағат көлік жүргізуді үйретуіміз керек. Оның ақысы 15 мың теңге болады. В категориясына – 10 мың, Д-ға – 11 мың, Е-ге 6 мың теңге төлеуі қажет. Оны біз жанармай, мұғалім­дердің айлық-жалақысы, техникамызды жөндеуге жұмсаймыз.
Жалпы ауданаралық тіркеу және ем­тихан қабылдау бөлімшесінің жұмысы­мен танысқандағы байқағанымыз, аталмыш мекемедегі айналдырған үш-төрт мем­лекеттік қызметкер Түркістан қа­ла­сының 350 мыңдай тұрғыны мен Кентау қала­сының 150 мыңға жуық халқының көлік­терін есепке тіркеп, жүргізуші куәлігін дер уақытында беруге үлгеріп отыр. Олар бөлімше бастығы М.Тө­регелдиев, мем­лекеттік аға авто­инспекторы, полиция аға лейтенанты Олжас Тәмпеков (ол жүргізуші куәлігін берумен айналысады) және іздестіру инспекторы, полиция капитаны Бектөре Адаев. Сонымен қатар онда автомектептің басшыларына да отыратын арнайы бөлме қарастырылған екен. Онда ұзын-сонар кезекте тұрған халықты байқай алмадық. Жергілікті тұрғындардың да аталмыш мекемеге деген пікірі мен ойы оңды болып тұр.

Дерек
Жалпы Түркістан қаласында 40 мыңға жуық автокөлік тіркелсе, оның 36084-і – жеке тұлғаларға, 1322 заңды тұлғаларға тіркелген. Сондай-ақ 2006 жылдан бері 43337 адамға интегралды микросхемасы бар жүргізуші куәлігі берілген. Оның 15152-сі – жүргізуші куәлігін ауыстырғандарға, 2746-сі жоғалған куәліктің орнына дубликат ретінде, 25439-ы алғаш рет алғандарға берілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста