Атыраулық шенділер наркологиялық тест тапсырғысы келмейді
Атыраулық атқамінерлер наркологиялық тестілеуден өтпей-ақ, медициналық анықтама алғысы келеді.
Кейбірі тіпті лауазымын пайдаланып, диспансер қызметкерлеріне сес көрсетеді екен.
"Кәулігін көрсетіп, құқығымды бұздың деп, шу шығарады. Есікті тарс жауып, жағымсыз көңіл-күй қалдырып кетіп қалады. Бірақ бәрібір тест тапсырады. Биылдан бастап жүргізуші куәлігін алатындарға арнайы үлгі толтырылады, нарколог дәрігер қол қояды. Сондықтан лауазымына қарамай, тесттен өткіземіз", - дейді Атырау облыстық наркологиялық ауруханасының бөлім меңгерушісі Светлана Страмоусова.
Облыстық наркологиялық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, қан құрамында есірткі бар-жоғын анықтайтын тест талаптарына мойынсұнғысы келмейтіндер тым көп.
"Арасында әкімдік өкілдері, прокуратура мен түрлі комитет қызметкерлері бар", - дейді аурухананың бөлім меңгерушісі Светлана Страмоусова.
Дәрігер шен-шекпендіге де, қарапайым азаматтарға да талап бір екенін айтады. Атырау облысы бойынша 781 адам наркологиялық диспансерде есепте тұр. Соның 146-сы - алғаш рет тіркелгендер.
Читать полностью: http://news.nur.kz/357217.html