Атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановты түрмеде қорғап қалған "Акула" кім?

Атақты тарихшы Ермұхан Бекмаханов Кенесары бастаған көтерілісті зерттеп жазғаны үшін 25 жылға сотталады. 1952 жылдың 5 желтоқсанында үкім оқылады. Түрмедегі азапты күндерінің соңын Бодайбо лагерінде өткізеді.
Бұл – болған оқиға. Кезекте тұрып тамағына алып, отырып іше бастағанда түрі кавказдық біреу оған зекіп, орнынан тұрғызып жібереді. Ботқасы бар тегешін төңкеріп, тамақсыз қалдырады. Құжбан қара дүлей екен, әр жерде көзі жәудіреп отырған қазақтардың біреуі оған бата алмады. Тарихшының өзі болса, алыса кетуге шамасы жетпейтінін біліп, еріксіз тоқтайды. Қатты ширығып, тістенген қалпы асханадан сыртқа шығып кетеді. 
Содан күні бойы нәр сызбай аш жүреді. Жыра қазады, діңкесі құриды. Әбден титықтап баракқа жетіп, жуынып, кешкі асқа қарай бет алғанда алдынан бір орта бойлы, қапсағай денелі, қара сұр қазақ жігіті шығады. Амандасып, жөн сұрасады. "Аға, кім боласыз?" дегенге "Мені біле қоймассың, Ермұхан деген ағаңмын" дейді. "Сіз тарихшы Бекмаханов боларсыз" деп әлгі жігіт танитынын білдіреді. Өзінің есімін сұрағанда айтпайды. Тек ағасының бар екенін, ол тарихшының мақтап, үнемі айтып отыратындығын ғана айтады. Содан әлгі қазақ жігіті Ермұхан атамыздың қасына отырғызып, таңертең әлімжеттік көрсеткен құжбан қараны шақырады. Оқиғаны естіген болса керек. Иектің астынан ала жоғары бір көтергенде, соққының қатты болғаны сонша, әлгі кавказдық анадай жерде сұлап жатыпты. "Ақымақ, кімге ұрынғаныңды білесің бе? Мына кісі – менің ағам. Кімде-кім бұл кісіні ренжітсе, естеріңде болсын, көрешегі осы болады! Акуланың екі айтпайтынын білесіңдер" дейді. Құжбанқараға қарап: "Сен найсап, тізеңді бүгіп, ағатайымнан кешірім сұра!" деп бұйырады. Содан ол тарихшы атамыздан кешірім сұрап, түрмеден кеткенше тегешін әкеп беруді міндеті санап, қызметші болыпты. 
"Акула" атанып, алыстағы Бодайбода жазасын өтеген қазақтың шын есімі Ерден екен. Фамилиясын ешкім білмейді. Тек бұрынғы Талдықорған облысы Алакөл ауданының Үшарал ауылынан деген дерек қана бар.
Ойдан құрастырылмаған, тым әспеттеп, құр қиялдап жазылмаған бұл оқиға өмірде шын болған. Медеу Сәрсекенің "Ноқталанған тарихшы" кітабының 368-372 беттерінде осы оқиға кеңірек жазылды.

Заңғар Кәрімхан
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста