Ата-анасын асыраудан бас тартқандарға айыппұл төлету керек пе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қарттар үйі – кеңес заманының сарқыншағы, содан қалған белгі деп қарағанымызбен, қазіргі кезде онда орыс ұлтынан емес, қазақ қа­рия­ларымыз көбейіп отыр. Біз бұған Алматы қаласындағы ардагерлер үйі­не барғанда көз жеткіздік. Онда 321 қарт тұрса, соның 112-сі – қазақтар. Бұл жақсы ма, жаман ба – оны тара­зы­ға салар біз емес. Алайда осы ғимарат­тың табалдырығын аттасымен көзі жәудіреген, келген кісіге үмітпен қарай­тын қарияларды көргенде көңілің алай-дүлей болады. Мұнда баласы да, асыраушысы да жоқ қарттар мен ұл-қызы бар қариялар да жетерлік.
Бір барғанда жанымызға қат­ты батқаны, интернат үйі­нің тұр­ғындары бір ақсақа­лы­нан айырылып, ақтық сапарға шы­ға­рып салып жатыр екен. Мұн­дағы 16 ұлт өкілінен тұ­ра­тын тұрғындар өздері зей­нетақыла­рынан ақша жинап, интернат бас­шылығымен бірі­гіп дастар­қан жайып, құран оқытып жат­ты. Тек өзекті өртер өкініш, ақ­сақалды мәңгілік ме­кеніне аттандырарда аға­йын-тума, бала-шағасы қа­сын­да болмады. Өз балала­ры­нан бір уыс топырақтың бұ­йырмауы өкініш емей, не­мене?!
Қарттардың қай-қайсысы­мен сөйлессеңіз де: «Бұл жер­де үйдегіден жақсы, үйде көре алмаған тұрмыстың жайлылы­ғын көріп отырмыз», – дейді. Ра­сында да, кірі жуулы, тама­ғы пісулі, дәрігері қасында, өзінің әлі жетпесе, арқасының кірін езіп, суға да түсіреді… Бір­ақ тағ­дырдың жазуы желқа­йық­­тай айдап, осы жерге әкел­ген бұл адамдардың «мұн­да үй­дегіден жақсы» де­ген сөз­де­ріне сене алмайсың. Себебі олар­ға қанша көмек­теске­ніңіз­бен, бәрібір бауыр еті ба­ласының орнын ешкім ба­са ал­масы анық.
Әсіресе, 76 жастағы қарияның: «Кей қарттардың «е, Құдай, мені алсаң, әйелім­нен бұрын ал» дейтіні тегін емес екен ғой. Себебі әйел деген – үйдің ұйыт­қысы, отбасына ерекше қарайтын солар екен ғой. Қанша балаң, қызың езіліп тұрға­нымен, үй болып алған соң, қара шалға қарауға құлықсыз болады екен. Екі жыл ауырып, ауруханада жаттым. Екі қыз, бір ұлым бар. Дегенмен ауыра берген соң олар да жалықты ма, әйтеуір осында әкелді. Әйтпесе, шешесінен кішкентайынан қал­ған балаларымды балалар үйіне тап­сыр­май, өзім өсірдім. Қайтадан әйел алсам қар­ғаларымды қағып, түрткілер деп үйлен­ген де жоқпын. Арақ дегенді аузыма да алып көрген емеспін. Сөйткен балала­рым мені осы жерге тапсырып отыр ғой», – деп байқамай жүрек түкпірінде жасырған сырын сыртқа шығарып алды.
Мұнда келгендердің көпшілігі келіні­мен сыйыса алмай, баласының босбел­беу­лі­гін айтса, екіншілері – әйелі қайтыс бо­лып, одан қала берді, «іштен шыққан жы­­ландар­дың» өз қолдары ауыздарына же­тіп алған соң, әке-шешені керек қыл­май, да­лаға тастағанын айтады.
– Жалғыз балам ғой деп ұлымды үйлен­дірдім, өзім қартайған соң, үй-жай­ды соның атына жазып, немерелеріммен шүйір­келесіп отыратынмын. Оны да ар­тық көрді ме, іштен шыққан балам ақы­ры осында әкелді, – дейді Ұлбала атты кейуа­на апамыз.
Әрине, қарттар үйінде жанды ауыртар, бір-біріне ұқсамайтын сан алуан тағдыр бар. «Мамамды бағам деп тұрмысқа шы­ға алмадым, ең болмаса, мені бағатын балам да жоқ» дейді сексендегі кәрі қыз. Баласынан қайыр көрмей, осы үйді па­на­лап отырған замандастарын көріп отыр­са да, солай дейді. Өзіңіз көргендей, бі­рі – үйінен өзі қашса, бірін үйінен кету­ге мәжбүр еткен. Мұнда, өкінішке қарай, бұ­рын ішіп, балаларына зәбір көрсет­кендер де, түрмеден шыққандар да бар. Бірақ солардың арасында жүректері шы­ны­мен жаралы, жандары нәзік, жанар­лары жастан бота­лап тұратын қасіретті кем­­пір-шалдар да же­тер­лік. Қарттар үйі әйтеуір өмірдің қарама-қай­шы­лығына толы…
Қалай дегенмен де ақ шашты әз анала­ры­мыз бен данагөй қариялары­мыз­ды «тастанды» етіп тастау бүгінде жиі ұшы­ра­сатын бол­ды. Осындайда ойлайды екен­сің, біз ба­­ла­сынан безгендерге ар­найы али­мент тө­летеміз де, ал ата-анасын өзек­­­тен теп­кен­дерге неге осындай жаза қол­дан­бас­қа? Мәселен, көрші Түрікмен­стан­да әке-шешесін қарттар үйіне өткіз­ген­дер­ге ар­найы айыппұл салынады. Демек, ұл-қыздарының айлық табысынан белгілі бір пайызын алып отыратын арнайы заң бар. Мүмкін бізге де осындай керек шы­ғар... Бұған төмендегі ағаларымыз не дей­ді екен?

Серік ӘБДІРАХМАНОВ, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
– Өз ата-анасын асыраудан бас тартып, қарттар үйіне өткізетіндер көп. Бұл да – бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Оны тез арада шешпесек, ертең өкініш бола­ды. Сондықтан әке-шешесін өзекке тепкендерді арнайы айып­пұл төлету арқылы реттеп отырғанымыз дұрыс шығар. Егер ата-ананың парызын өтеу дегендерді ересек бала білмей­тін болса, ондайды ойлауға ұғымы, сана-сезімі жетпесе, әке-шеше еңбегін еш етсе, неге заң арқылы төлетпеске? Сондықтан ата-анасын асыруға құлық танытпағандарды осылайша мемлекет заң арқылы міндеттеуі керек.

Серік ТӨЛЕГЕНҰЛЫ, Алматы қалалық ардагерлер үйі директорының орынбасары:
– Мұнда неше түрлі тағдыр бар. Онсыз да бала-шағасынан қайыр көрмей, іштей мүжіліп жүрген қарияларымыздың көңілдеріне қаяу түсірмеуге тырысамыз. Уақтылы тамағын беріп, емдейміз. Зейнетақыларын да айма-ай алып тұрады. Дегенмен қарттарымыз әр айдың 22-23-інде, зейнетақыларын аларда, олардың балалары да осы жерден табылады. Анда-санда аздап алмаларын алып келіп, зейнетақыларын алып кетеді. Мұны көргенде іштей қынжылып, не айтарыңды білмей де қаласың. Тіпті шешелеріне «Джиппен» келіп-кететін ауқатты балалар да баршылық.
Қарттар туралы заң әлі шыққан жоқ. Ол Парламентте талқыланғанымен, заңды күшіне енген жоқ. Алайда сол заңда әке-шешесін асыраудан бас тартқандарға айыппұл төлететін арнайы бап болатын. Осыны қайта көтеруіміз керек шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста