"Ата-анамның ақшасын ұрладым": 12 жыл құмаройынға салынған жігіттің әңгімесі

"Ата-анамның ақшасын ұрладым": 12 жыл құмаройынға салынған жігіттің әңгімесі

Қызылорда облысының тұрғыны Нұрислам 12 жыл бойы құмар ойынға салынған. 8-сыныпта ойын автоматтарына үйір болған ол 11-сыныпта алғаш рет ақшаға карта ойнап бастаған. Содан бері ойын автоматтары мен букмекерлік орталықтарға 40 млн теңге қарыз болдым дейді. Stan.kz тілшісі Нұрисламмен тілдесіп, құмар ойынның құрығынан қалай құтылғанын сұрап білді.

Ішкенім алдымда, ішпегенім артымда болды

 
Үйде 5 ағайындымыз. Үлкен ағам, үш әпкем бар. Мен кенжесімін. Ерке болып өстім. Ішкенім алдымда, ішпегенім артымда болды. Ата-анам ештеңеден кем қылмай өсірді. Әкем – мұнайшы. Ал анам үй шаруасында. Өздерінің жеке кәсіптері де бар. Мектеп оқып жүргенде тәртібім де, сабақ үлгерімім де өте жақсы болды. Тек 7 сыныпқа дейін. Ал 8 сыныптан бастап, төбелес, сабаққа қатыспау, темекі шегу сынды тәртіпсіздіктер жасай бастадым. Жүрген ортам сондай болды. Оның үстіне сол бір кезеңде өзіңді ортада “мен мықтымын”, “менде ақша бар” деп көрсету абырой болды. Осындай өмір қызық еді. Рұқсат етілмеген, болмайды деген нәрсенің бәрін істеп көргім келді.

Алғаш рет он бірінші сынып оқып жүргенде ақшаға карта ойнай бастадым. Одан кейін ойын автоматтарына үйір болдым. Ата-анама бұл қылықтарымды білдіртпедім. Үйде басқа адам, түзде басқа адам болдым. 

Айналасы 2-3 сағат ішінде 500 мыңға жуық ақша ұтып алдым

Мектеп бітірген соң, сырттай оқуға түстім. Бір күні қалтамда 2-3 мың теңгені ойын автоматына салдым. Айналасы 2-3 сағат ішінде 500 мыңға жуық ақша ұтып алдым. Осыдан кейін күнде ойнау басталды. 2-3 айдың ішінде жан-жаққа қарыздана бастадым. Үйдегілерді алдап, өтірік айтып ақша алуды әдетке айналдырдым. 

Құмар ойынға салынуыма бай болып кету үшін емес, жеңіл ақша табуға қызығуым, ақшаны жұмыс істемей-ақ табуға болады екен деген ой себеп болды. Қатты қызықтым, одан өзімді тия алмадым. Одан кейін айналамдағы жігіттер менің осындай ойындарда бар екенімді білсін деген кеуде болды. Сол кезеңде бұл мен үшін абыройлы болып көрінген. Жұрттар ойнап жүр, неге мен ойнай алмаймын деген ой да болды. 

Ата-анамның ақшасын ұрлауға көштім

Мектеп бітірген соң үш жылдан кейін 2013 жылы үйлендім. Ойынға құмартып бара жатқанымды, өмірімде бірдеңенің дұрыс емес екенін білдім. Үйленсем, қоятын шығармын деп ойладым. Бірақ керісінше, одан сайын үдей түсті. Енді үлкен соммалар тіге бастадым. Азаннан кешке дейін, ойынға ғана құмартып тұрдым. Әйеліммен де үйдегілер мен ара-қатынасым дұрыс болмады. Несиелер көбейе бастады. Екі балам туылды. Бірақ тоқтай алмадым. Енді қоям деп қанша айтсам да болмады. 2016 жылы тығырыққа тірелдім. Иттен бір сүйек қарыз болып, банкрот болдым. Үйдің ақшасын ұрлауға көштім. Сол кезде бүкіл отбасым құмар ойынға салынғанымды білді. Әйелім де. 

Үйдегілер барлық қарызымды жауып, құтқарып алды. Сол кезде 5 ай бойы үйдегілер мені қамап ұстады. Телефонымды да алып қойды. Тіпті, молда-емшілерге де алып барды. Содан кейін мені жұмысқа тұрғызды. Көмегі болмады. Бәрібір ақша тігуді тастай алмадым.

Асылып өлгім келді ...

Ойын автоматтарын қойып, бұдан былай түрлі букмекерлік орындарда футболға ақша тіге бастадым. Өйткені футболды жақсы көремін және оған қатысты барлық дүниені жақсы білемін. Тағы да үлкен ақша тіктім. Ұтқан кездерім де болды. Бірақ ол ақшаны қарызымды жабу орнына, қайтадан ойынға салатынмын. Үлкен ақша салсам, үлкен ақша ұтамын деген ой болды. Содан 2020 жылы қайта тақырға отырдым. Әке-шешемнің үйдің құрылысына деп жинап отырған ақшасын қолды етіп, ойынға салып жібердім. Ақыр соңында үйден қашып кеттім. Отбасым бір кездері құтқарып қалған, енді қайтадан кешірмейді, оларға зияным тие бергенше өле салайын деп ойладым. Асылып өлгім келді. Бірақ жеме-жемге келгенде өлімнен қатты қорықтым. 

Бас-аяғы 40 000 000 теңге қарыз болдым

Осы ойынға салынғаныма бас-аяғы 12 жыл болды. Осы жылдар ішінде 40 000 000 теңге қарыз болдым. Ал бір ойыннан ең көп ұтқаным 500-600 мың теңге болды. Жалпы алғанда ұтқанға қарағанда ұтылғаным көп болды. Қазір 1,5 миллион теңге қарызым бар. 

Ақыр соңында ұтылатынымды біліп тұрсам да, құмар ойынға салынғанымды сезіп жүрсем де, өз-өзімді ұстай алмадым. Ұтқан күннің өзінде ешқандай пайда болмайтынын біліп тұрамын. Сонда да әр күн сайын барамын. Футболды жақсы білемін, мен бәрін сараптай аламын деп өзімді “Құдай” санап жүрдім десем болады. 

“Ауруынан” жазылу үшін арнайы орталық көмектескен

Соңғы рет өткен жылы тамыз айында ақша тіктім. Содан бері 10 айдай өтті. Осы бір қараңғылықтан құтқарған әуелі Алла. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы әпкем “КөмекОрталығына” алып келді. Он айдан бері осындағы психологтармен, консультанттармен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Көмегі тиіп жатыр. Өзім де осында жұмысқа тұрдым. Алдыма нақты мақсаттар қойып, сол жолда аянбай адал нәпақа табуды қолға алдым. 

Алдағы уақытта тағы да тігуім мүмкін. Бұл аурудың емі жоқ. Бұдан емделіп кету өте қиын. Тек қана күнделікті өзінді дамытып, тек алға ұмтылудың арқасында ғана жеңуге болады. Осының бәрін “КөмекОрталығында” үйреніп жатырмын. 4-5  жылдан бері ем алып жатқан жігіттер бар. Қазір отбасыммен де, достарым мен де ара-қатынасым жақсара түсті. 

Бір өкініштісі, құмарлыққа салынған жігіттер көп. Қарапайым сайттарда да, көшелерде де іліп қойған. Жеңіл ақшамен де күн көруге болады екен деп ойлайды. Мысалы, бірінші ұтып алған 500 мың теңгемнен айфон сатып алғанмын. Сол кезден бастап менің психологиям қатты өзгерді. Осылай ақша ұтып, ғажап өмір сүруге болады екен ғой деп ойладым. Бұл - қате түсінік. Қазір адасып жүрген жігіттерге айтарым, ақшаны адал жолмен де табуға болады. Және ол оңай. Тек дұрыс мақсат пен ішкі жігер мықты болуы керек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста