Ашық-шашық борбай ма, суық күнде тоңбай ма?

 Ашық-шашық борбай ма, суық күнде тоңбай ма?

Соңғы кездері Қытай туралы көп жазып кеттім, білем. Оған олардың адам миына симайтын салттары кінәлі. Бір жағынан біраз уақыт қытайлардың арасында тұрғаным бар, халықтың менталитеті біршама таныс. Қытайға алғаш барған адам көп нәрсеге таңданады. Өз басым ең бірінші барған кезде қыс ортасында құйрықтары жылтырап жүрген балаларды көріп таң-тамаша болғанмын.


Бар қытайшамды салып, «тоңбай ма?» деп сұраймын ғой. Сонда ма-ма (олар ананы «мама» дейді) «шалбары қалың» деп қарап тұрады. Шынымен, шалбары қалың, бірақ бұтында кіндіктен жамбасқа дейін ойығы бар. Сөйтем, бұл да ғасырлар бойы қытаймен бірге жасап келе жатқан «кандайку» деген дәстүр екен.


Кандайку – бұты ашық шалбар. Бала туғаннан бастауыш сынып оқушысы болғанша киіп жүреді (Қыздар да, ұлдар да).
Кандайкудың 1000 жылдан астам тарихы бар. Бұл киімнің пайда болуын хань императоры Хань Линь (б.з.д.156-189жж) есімімен байланыстырады. Ол өзі қатігез, әрі әйелқұмар жан болыпты. Гареміндегі бикештердің кең әрі табиғи физиологиялық қажеттіліктерді өтеуге ыңғайлы киім киюін талап етіпті. Жаңа сән үлгісін қытай императорлары сол сәтінде қағып алып, бұты ашық киім кию Аспан астына кеңінен тарап кетеді.


Қытайлар бұл дәстүрге әлі де берік, бірақ тек балаларға қолданады. Кандайкудың пайдасы зор екеніне көп қытайлықтар әлі күнге нық сенімді.
Олардың айтар уәжі мынау:
1. Ыңғайлылық (Балақай үлкен-кіші дәретке қысылмайды, қалаған жерінде жібере салады).
2. Үнемділік (нәрестенің жөргегін қайта-қайта ауыстырмайсыз, жиі шалбар жуып, сабыр-ұнтаққа да шығын болмайсыз).
3. Вентиляция (Ци қуаты еркін айналымда болады)


Алайда, соңғы жылдары кандайкуге қарсы пікірлер де бар. Себебі:
1. Қауіпсіз емес (ең нәзік мүшелер еш қорғаныссыз қалады – таяқ, ит-мысық, темір-терсектің құрбаны болуы мүмкін)
2. Суық тиеді (құйрық түгіл қол шыдамайтын аязды күндері жылтырап жүретін жұмсақ жерлер ауру табуы әбден мүмкін)
3. Тазалық сақталмайды (шаң-топырақ пен бактериялар іздеп, жерді тіміскілеп жүретін кішкентай көтендерге түрлі инфекция тудыратын жаман ағзалар кіріп кетуі мүмкін.


Кейбіреулер қытайлар туғаннан кез-келген жерге «отыра» салатын болғандықтан өмір бойы надандықтан арыла алмайды деп есептейді. Өз басым борбайлары көгеріп жүрген сәбилерге жаным ашитын. Қуықтан-қуық, бүйректен-бүйрек қала ма? Салқын күндері әткеншекке бөстек қойып баламды отырғызатын маған олар таңдана қарайтын. Ұстасаң қол қаритын темір төбешіктен тесік шалбарларлыларын сырғыта салатын оларға мен де бажырая қараушы едім. Әлде қытайлар бөбектерін бесіктен белі шықпай жатып, шынықтырады ма екен?
(Материал blogtime.kz-тен алынды. Түпнұсқадағы тақырыбы: «Ашық-шашық борбайға»)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста