Аштық жариялаудың заңдық негізін жасау керек пе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Аштық жариялау «сәнге» айналып кетті ме, әлде қоғамда соған мәжбүрлейтін факторлар дендеп бара ма? Бұл сауалға кесіп жауап беру қиындау. Наразылықтың осы түрін терең зерттеп жүрген ғалымдар «аштық жариялау Еуропа мемлекеттері арасында ертеден-ақ кең тараса, діні мұсылман елдерінде оны жат санаған» дейді. Бір анығы – жанайқайын ас-судан бас тартып естіртуді жөн санағандар саны соңғы 10-15 жыл ішінде көбейе түсуде. Аштық жариялаудың қандай заңдық негіздері бар?  Оның себеп-салдары қадай?
Заңдық тұрғыдан аштық жариялаудың ешқандай да құқықтық негіздері жоқ екен. Олай болса, не «заңды», не «заңсыз» деп бір жақты қорытынды шығару да мүмкін емес. Десек те, егер аштық жариялаған адам­ның денсаулығы нашарлап немесе олай-бұлай болып кетсе, оған даудың екін­ші жағында тұрғанның жауап беруіне ту­ра келеді. Оның өзінде құзырлы орган­дар алдымен істің ақ-қарасын ажыратып ала­ды. Егер аштық жариялауға еш негіз та­былмаса, әрине, ешкім жазаға тар­тыл­майды.
Ал себептері қандай? Себептері де әртүрлі. Біреуі шарқ ұрып, шындыққа жете алмай, соңғы шара аштыққа барса, енді бірі ұсақ-түйекке бола, қарсы жаққа сес көрсету үшін барады екен.
Рас-өтірігін кім білсін, «кейбір оппо­зи­ция­лық көзқарастағы топтар бұл әлеу­мет­тік проблеманы саяси мәселеге айнал­ды­рып жіберуді көздеп, үлескерлердің қол­ты­ғына су бүрікті» деген сыбысты да құ­ла­ғы­мыз шалып қалатындығы шындық.
Егер орын алып жатқан осындай оқи­ға­ларды бір-бірлеп сүзгіден өткізіп шы­ғатын болса, расында да, құқықтары аяққа тап­талып жатқандар баршылық. Мысалы, Пав­лодардағы көпбалалы аналар ұйы­м­дас­тырған наразылық  ешкімді бейжай қал­дыра алмады. Баспана алу ке­зегін­де­гілер  (қалай, неге екендігін тиісті орындар анық­тай жатар) тізімнің басында тұрса да, оларға тиесілі пәтерлер өзге біреулердің еншісіне тиіп отырған. Ал жер­гілікті әкімдік заңсыздықты тексеру ша­­раларын тек аш­тық жариялау акция­сы­нан кейін ғана қолға алған. 
Керісінше өткен жылы Петропавловск қаласын шулатқан оқиғаны асыра сіл­те­ген­дік пе деп қалдық. Естеріңізге сала кет­сек, жатақхана тұрғындары электр қуа­ты­ның үзілуіне байланысты наразылық көр­се­тіп, үш күн аштық жариялаған-ды. Тиісті орын­дардың жарықты өшіруіне тұрғын­дар­дың жарық ақысын төлемеуі себеп бол­ған. Бұл жерде біз коммуналдық қыз­мет көрсетушілердің әрекеттерін ақтағалы отыр­ған жоқпыз. Алайда коммуналдық қыз­мет ақысын төлемеймін деген тұр­ғын­дар­дың да әрекетін түсіне алмадық.
Тағы бір мысал, Көкшетау қаласындағы базар сатушыларының аштық жариялау­ла­рына қала әкімдігінің сауда орындарын бо­сатуларын талап еткендігі түрткі болған. Бір оймен әкімдікті де түсінуге болады. Дауға айналған сауда орындары орналас­қан көшеге қаланың бас жоспарына бай­ла­нысты күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізу жоспарланған-ды. Сатушыларға әкім­дік жұмыс та тауып берген көрінеді. Ақы­рында базына арты тәртіп сақшылары мен сатушылар арасындағы қақтығысқа ұласып кеткен.
Бір айта кетерлігі, қазір аштық жа­рия­лап, жеңіске жетіп жатқандар саусақпен са­нарлық. Тіпті аштық жариялау мән-ма­ғы­н­асын жоғалтып алған сияқты. Кейде осындай қадамға бел буғандар далаға ай­ғайлап жатқандай көрінеді. Қашаннан қа­лыптасып кеткендей, аштық жа­рия­ла­ғандарды бірінші күннен-ақ дәрігерлік ба­қылауға алып, билік өкілдері олардың та­лап-тілегінің  дұрыс-бұрыстығын дер ке­зінде тыңдап, ол жайлы БАҚ өкілдеріне тү­сінік берсе, аштық жариялаушылар жай­­лы біржақты пікір, алыпқашпа әңгіме сан-саққа жүрмес пе еді. Тиісті билік өкіл­дерінен нақты шаралар қолға алын­бағандықтан, оның артының немен ты­на­тындығы көбіне-көп көлегейленіп қа­лады.
Арықбай АҒЫБАЕВ, заңгер, ғалым:
– Аштық жариялау жаппай орын алатын болып кетті. Бұл – жақсы емес. Бі­ріншіден, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіреді, екіншіден, мұнымен ұр­паққа не тәрбие береміз? Оның үс­тіне, ешбір заңға жүгінбей, қанша аш­тық жарияла, қоғамды өзіңе қарат­қа­ның болмаса, оң нәтижеге жетемін де­ген ниеттен түк шықпауы әбден мүм­кін. Сондықтан да аштық жариялау ак­ция­сының да құқықтық, заңдық не­гіздерін жасау керек деп санаймын. Бәл­кім, Қазақстан Республикасының «Бей­біт жи­налыстар, митингілер, ше­рулер, пи­кеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі туралы» Заңымен шешу керек шығар бұл мәселені. Еуропадан бастау алатын бұл акцияның тарихына жү­гін­сек, ұсақ-түйек емес, негізінен, ірі-ірі оқиғалар, тіпті мемлекет шең­беріндегі істер және аса маңызды мә­се­лелер түрт­кі болған.
Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, қоғам қайраткері:
– Аштық жариялаудың құқықтық негіздерін жасауға болмайды. Тиісті орындардың наразылықтың бұл түріне рұқсат бермей қоятыны айдан анық. Сонда шындық іздеп шы­рыл­да­ған­дар­дың үні қоғамға қалай жетпек? Осы­ның бар­лығы орын алып жатқан әді­лет­сіздіктердің салдарынан. Ешкім аш­тық жа­риялауға еріккеннен бар­май­ды. Әр­бір аштық жариялау наразылығының ар­тында күрмеуі шешілмей жатқан бір іс тұр деген сөз.
Егер билікке наразылықтың қандай да бір түрі ұнамайды екен, оған жол берілмес үшін елде тәртіп орнатып, мәселені заңмен шешуі керек.
Айтылған пікірлердің екеуі де түзік. Сонда не істеуге болады? «Былай тартсаң өгіз өліп, былай тартсаң арба сынатын» сияқты. Тақырыпты қоғам талқысына салып отырғанымыз да тек­тен-тек емес. Бәлкім, құзырлы орын­­дардың аштық жариялау на­ра­зы­лы­ғының себеп-салдарына терең үңі­ліп, дер кезінде назар аударғандары жөн шығар?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста