Асқатық майды алыстан арбалай береміз бе?

Асқатық майды алыстан арбалай береміз бе?

Күнделікті ас дайындауға мақсары майы, күнбағыс майын пайдаланатынымыз белгілі. Асқатық майдың араласпайтын жері жоқ. Тағамды онсыз дәмді етіп пісіру де мүмкін емес. Дүкен сөрелерінен «Қазақстанда жасалған» өнімді алайын десең, кейде емге таптырмайтыны бар. Есесіне, ресейлік «доня-понялардан» көз тұнады.
Өз торсығы мелдектеп тұрса да, біреудің шалабын көріп, шөліркейтін қанағатсыз ындынды қойсаңызшы. Отандық өнімдерді ысырып қойып, өзгенікіне өлерменденетіндер де жоқ емес. Қымбатшылықтың «раз­ме­рі» жоқ екені белгілі, импорт өнім­нің бағасы жыл сайын жоғары­ласа да алармандары азайған емес. Ал отандық өнімдер шаң басып, шетке ысырылып қалып жат­қан­ы. Сонда біз отандық өндірісті қалай дамытамыз? Алармандары­мыз аз болса... Ішкі сұранысты толық өтеуге мүмкіншілігі бар саланың аяғына өзіміз тұсау салып, шідерлеп отыр­ғандай бір хал. Расында, асқа­тық май өндірісінде түйіншек болып түйіліп тұрған мәселелер жетерлік. Оны шешу де өз қолымызда. Сонда не кедергі? Сұйық майға деген сұ­ра­ныс ешуақытта да төмендеген емес. Қай­та арта түспесе, бір мысқал да ке­мі­мейтіні тағы анық. Санақ бөлімі­нің есепшотқа салып қағып жіберген­дегі мәліметі мынау: Жам­был жұрты­ның сұйық майға деген сұранысы былтыр 9 мың тоннаны құрапты. Оны өндіру де, сұйық майға қажетті шикізатты да өзімізде өндіруге әлеуетіміз жетеді-ақ. Ма­қ­са­ры да, күн­бағыс та облыс аума­ғында өсірі­леді. Әсіресе мақсары ал­қаптарының көлемі жыл жылжы­ған сайын ұлға­йып келеді. Осыдан екі жыл бұрын оның алқабы – 70, өткен жылы 78 мың гектар алқапты құраған. Оның әр гек­тарынан орта есеп­пен 5-6 цент­нер­ден өнім алын­ған. Ма­ман­дардың санағы бойынша егер облыс көлемін­де жыл сайын 40 мың тон­надан ас­там шикізат жинал­са, оны өңдеп, дайын етіп шығарған­да облыс тұр­­­­ғын­­дарының қажетті­лігін толық өтеу­ге болады екен. Өкін­дірері, сол өңір­­де өңдеу өнеркә­сібі­нің кежегесі кейін­деп тұр. Алқап­тар­дан жиналған өнімнің 80 пайызы өңделмеген күйі сатылып кетеді.

                                             Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осылайша, мақсары­ның желдиірме­ніне түспейді. Соның салда­ры­нан ішкі сұранысты қанағат­танды­руы тиіс қажетті майдың 20 па­йыз­ға жуығы ғана өзімізде өндіріледі. Ай­­мақта 2010 жылы – 1 мың, 2011 жы­лы 1,5 мың тонна сұйық май өн­ді­ріл­ген.
Облыста майлы дақылдардан дайын өнім шығаратын екі шағын зауыт бар. Әрі осы салаға там-тұм үлес қосатын, яғни мақсарыны алғашқы өңдеуден өткізетін үш шағын цех бар. Облыс орталығындағы қуаттылығы жылына 3 мың тонна майды құрайтын «Палуанов» ЖШС-і бар. Оның ішкі сұраныстың 30 пайызын өтей алатын мүмкіндігі бар. Алайда аяқтан шалатын кедергілердің кесірінен қанатын кеңге жая алмай отыр. Жеке кәсіпкер Барысбек Палуанов зауытын банктен несие алу арқылы ашқан болатын. Несиенің үлкен пайыздық көлемі де титықтатары сөзсіз. Соның салдарынан өрісін кеңейте алмай отырған жайы бар. Осы кәсіпорынға бәсекелес бола алатын ірі зауыттың бірі «Төлебай май» ЖШС-і де ішкі сұраныстың 30 пайызын жабуға шамасы келер еді. Оның да шикізат тапшылығы аяғын тұсаулап отыр. Егер осы екі кәсіпорын облыс тұрғындарының сұйық майға деген сұранысының 60 пайызын жауып отырса, «мұртымызды балта шаппасы» анық. Онда импортный майларды дүкен сөрелерінен түре қуып шығуға шама келер еді. Алайда... Шу, Меркі және Байзақ аудандарындағы шағын цехтар майлы дақылдарды алғашқы өңдеумен ғана шектеледі. Асқатық майды өндіруде әсіресе оңтүстікқазақстандық кәсіп­керлердің асығы алшысынан түсіп тұр. Жамбылдағы дүкен сөрелерін де, базар атаулыны да жаулап алған өнімдердің дені негізінен осы көрші облыстан жеткізіледі. Сондай-ақ ресейлік өнім­дердің де бәсі басым. Әзірге облыстың 80 пайыз сұранысын солар өтеп отыр. Үкімет майлы дақылдарды, соның ішінде мақсары өсірушілерге әр гек­тарына 5 мың теңгеден субсидия беруде. Кейінгі кезде майлы дақылдарға көптеп көңіл бөлудің арқасында мақсары өсіруге құлшыныс білдірушілер көбейді. Облыста майлы дақыл егетін егістіктің көлемін 90 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Егер мақсарышы ағайын білек сыбана жұмыс істесе, әр тоннасын 35-40 мың теңгеге пұлдап, қарық болмақ. Оның сабаны да мал семіртуге сеп. Сондықтан мақсарының дәні де, сабаны да жерде қалмайды. Әзірге мақсары өсіру Шу, Жуалы, Т.Рыс­құлов аудандарында ғана дамып келеді. Жері құмды, сортаңды Мойынқұм ауданы ғана мақсары егуге қолайсыз аймақ саналады. Қалған барлық аудандарда егіп, мол өнім алуға мүмкіндік те мол. Минуттан мысқал ұрлаған шаруақор адамның қулығы да, кейінгі кездері бидай, арпа егетіндер осы мақсарымен-ақ май шайқауға болатынын бағам­дағандай да. Өйткені дәнді дақылдарды өткізуде кедергілер көп. Кейде қамбаға сыймай қалады, кейде далада қалып шіриді. Әйтеуір бітпес жыры көп. Ал мақсарыны өңдеп, өнім өндіретін зауыттар аранын ашып, шикізатқа шөліркеп отырады. Әйтеуір жерде қалмайтыны анық.
Мақат ПІРІМҚҰЛОВ, диқан:
– Соңғы жылдары бас көтерген мәселенің бірі – мақсары тұқымының ұсақталып кетуі. Қолда бар ұрықтың дені жыл сайын еге берген соң, азғындауға ұшыраған. Шетелдерден аса қажетті тұқымдықты алу оңай емес. Сапалы тұқым мол өнім алудың кепілі екені рас. Оның үстіне, майлы дақылдарға жаудай тиетін зиянкестер де көбейіп кетті. Түрлі химиялық препараттар шашпаса, дәнін түгін қалдырмай жеп қояды. Ол дәріңіз де арзан тұрмайды. Аталған мәселелер шешімін тапса, мақсарыдан көп өнім жинауға кепілдік те мол болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста